Түркия парламентіндегі 340 депутаттың 192-сі БҰҰ-ының бітімгершілік миссиясының құрамына түрік әскерін жолдау ұсынысын қолдап дауыс берді. Дауыс берудің алдында Түркияның сыртқы істер министрі Абдулла Гүл Ливанға аттандырылатын жауынгерлердің саны 1 мыңнан аспауға тиіс деп мәлімдеді. Түрік премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоган мен басқа да саяси басшылар “аймақтың қауіпсіздігін сақтауға Түркия да өзінің үлесін қосуға міндетті” деп мәлімдеп, әскердің жіберілуін қолдап шықты. Ресми Анкара Израильмен де, Ливанмен де достық қарым-қатынаста.
Түркия парламентінің оппозициядан сайланған депутатары мен билік басындағы Әділет және Даму партиясының бірқатар мүшесі түрік әскеріне қатер төнуі мүмкін деген уәжбен Ливанға әскер жіберуге қарсы шықты. Оған қоса, түрік мұсылмандарының көпшілігі Ливандағы халықаралық бітімгершілік күштері, негізінен, Израиль мен АҚШ-тың мұң-мүддесіне қызмет етеді және түрік жауынгерлері жергілікті мұсылмандарға оқ атуға мәжбүр бола ма деп уайымдайды. Сәрсенбі күні Анкарада мыңдаған халық наразылық шеруіне шығып, парламентті әскердің жіберілуіне қарсы дауыс беруге шақырды. Осы наразылық шеруіне қатысқан түрік кәсіпоодақтары мен басқа да кәсіби топтардың бірлесіп жасаған мәлімдемесінде былай делінеді: “Біз ата-аналарды және... жауынгерлердің табыттың ішінде кейін оралғанын қалаймайтындардың барлығын “әскер жіберуге “Жоқ” деп айтуға үндейміз. Ол бізді Таяу Шығыстың “батпағына” батырады”.
Өз кезегінде Реджеп Тайып Эрдоган: “Егер “Хизболлаһ” тобын қарусыздандыру талабы қойылатын болса, онда түрік әскері бітімгершілік миссиясының құрамынан шығады”, -деп мәлімдеді.
Санаулы ғана мұсылман мемлекеті БҰҰ-ының Ливандағы өтпелі кезеңнің бітім күштерінің (UNIFIL) қатарына өз әскерін жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Солардың бірі – Таяу Шығыстағы Қатар елі. Қатар әскерінің бітім миссиясына қатысатынын 4-інші қыркүйек күні Доха қаласында БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннанмен бірге өткізген баспасөз-маслихатында Әмірліктің сыртқы істер министрі шейх Хамад Ат-Тһани хабарлады.
“Қатар үкіметі өзінің 200-300 жауынгерін аттандыра отырып, өтпелі кезеңнің бітім миссиясына атсалысатын болып шешті”, - деп мәлімдеді шейх Ат-Тһани.
Қатар әмірлігі – бітім миниссиясына қатысатын жалғыз араб елі. Әмірлік – Израильмен арада шектеулі болса да сауда байланысы болған үшін араб әлеміндегі “оқшау” ел болып саналады.
Мұсылман елдерінің ішіндегі халқы ең көп мемлекет болып табылатын Индонезия өткен аптада - 1-інші қыркүйек күні - Ливанға 1 мың жауынгерлік әскерін жолдайтынын хабарлады. Индонезияның қорғаныс министрі Джууоно Сударсоно (Juwono Sudarsono) Израильдің өзімен арада дипломатиялық қарым-қатынасы жоқ немесе өзін мемлекет ретінде мойындамаған елдердің бітім миссиясына қатысуына қарсы болуынан бас тартқан соң ғана өз әскерін жіберу жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеді. Израиль бұл хабарға еш сыр білдірмеді.
Әзірбайжанның сыртқы істер министрлігі бітім күштерінің қатарына (UNIFIL) өз әскерін жіберуге ресми Бакудің де әзір екенін мәлімдеді. Бірақ Әзірбайжан парламенті – Милли Меджлис - әскер жіберу мәселесін ресми түрде мақұлдауға тиіс. Осы күні Әзірбайжанның Косово өлкесі мен Ауғанстанда және Ирақта 200-дей жауынгері қызмет етіп жатыр. Ал ресми Бакудың Ливандағы бітімгершілік миссиясының құрамына қанша әскерін жіберуге дайын екені белгісіз.
Ливанға 1 мыңға жуық жауынгерін аттандыруға ниет білдірген өзге мұсылман елдерінің бірі – Малайзия, және Бангладеш. Ал әзірше БҰҰ-ының Ливандағы бітім миссиясын негізінен Еуропа елдерінің әскерлері жасақтау үстінде. Ең көп күшті Италия аттандырып, оның әскері өткен сенбі және жексенбі, яғни 2-нші және 3-інші қыркүйек күндері Ливанның оңтүстігіне жетіп орналаса бастады. Жалпы Италия 3 мың жауынгерін орналастыруды жоспарлап отырса, Франция 2 мыңдық, ал Испания 1 мың жауынгерлік әскерін жіберуге міндеттеніп отыр. Бітім миссиясына Польша мен Бельгия да қатысуға уәде берді. БҰҰ-ы Ливанға орналастырылуға тиісті 15 мыңдық бітім күшінің тең жартысын жасақтайтын осы міндеттеме-уәделерге ризалығын білдірді.
Бірақ Ұлттар Ұйымы бітім күштерінің екінші жартысын мұсылман елдерінің жасақтағанын қалайды. Өйткені, деп есептейді Ұлттар Ұйымы, ондай миссия мұсылмандар басым тұратын Ливандағы ахуалды тұрақтандыруға септігін тигізеді.