Accessibility links

Дж.Буш: американдықтар лаңкестерден әлі толық қорғалған жоқ


АҚШ президенті Дж.Буш қыркүйектің 5-і күні сөз сөйлеп, американдықтар лаңкестерден әлі де толық қорғалып отырған жоқ дей келе, өз үкіметінің жаудың көзін жоятындай нақты жоспары бар екендігін айтты. Күзде өтетін сайлауда Демократтар партиясына таңдау көбірек білдірілуі мүмкін деген болжам бар.

Президент Буш дәл осындай мазмұндас сөзді 2004 жылы қайта сайлауға түсер алдында да айтып, американдықтар соғыстың жуан ортасында дауыс беруде өз таңдауларын өзгертпегені жөн деген болатын.

Өз сөзінде президент Буш соғыс барысында көптеген жетістіктерге жеттік, бірақ та жаулардан төніп тұрған қауіп әлі толық сейіліп болған жоқ деп ескертті.

- Бес жыл бұрын біздің ұлтымызға шабуыл жасалды, лаңкестерден қауіп әлі жойылып болған жоқ. Біз соғыс үстіндеміз және біздің одақтастарымыз да бүкіл жер бетінде күрестер жүргізіп жатыр.

Президент Буш бұл сөздерді Вашингтонда бір топ әскерилер мен офицерлер алдында айтып, Конгреске осы күзде өтетін аралық сайлаудың ресми науқаны басталар сәтте алаңдаушылығын білдірді.

Жақында жүргізілген сауалнамалар қарапайым американдықтардың қазіргі үкіметке деген көзқарас-пікірлерінің қарсы екендгін байқатқан, өйткені елдің ішкі экономикасы әлсіреп, Ирақта орналасқан жасақтар болса күн сайын қандай да бір қауіп-қатерге тап болып жатыр.

CNN телекомпаниясының қыркүйектің 4 күні жүргізген сауалнамасы американдықтардың 61 проценті соғысқа қарсы екенін және бұл көрсеткіштің үнемі жоғары болып тұратынын көрсеткен. Сондай-ақ сұрау салуға қатысқандардың 57 проценті Бушты президент ретінде мақұлдағысы келмейтіндіктерін танытқан. Ал 58 проценті Бушқа басшы ретінде сенім білдірмейміз деген.

Саяси сарапшылар болса осындай сауалнамалардан кейін Буштың республикандықтар партиясы Конгрестің қос палатасында, не біреуінде өзінің басымдық бағытын жоғалтады деген тұспалдар айта бастады.

Буш өзінің бүгінгі әңгіме болып отырған арнау сөзін Ақ үйдің лаңкестікке қарсы бес баптан тұратын стратегиясын таныстыру үшін қолданған. Олар бұрыннан да таныс американдық мақсаттардан тұрады, демек шетелдердегі америка жауларына оларды мұнда келтірмеу үшін шабуыл жасау, бостандық пен демократияны дамытып, жаңа лаңкестерге жол бермеу, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруының таралуына кездергі келтіріп, оны бұзақылардың қолына түсірмеу...

Мұнымен бірге Буш өз сөзінде соғыста қол жеткен табыстарды да санамалап шыққан: лаңкестердің баспаналары құртылды, оларды қаржыландырған жүйелер жойылды, негізгі деген тұлағалары қолға түсті, өлтірілді. Америкада және басқа да жерлердегі лаңкестердің ұялары қиратылып, олардың жаңа шабуылдар жасауына жол берілген жоқ. Алда тұрған қауіп-қатер жайында тоқтала келіп, Буш қолға түскен құжаттардан жаудың ойын танып-білуге көмектескенін айтқан, ол соңғы күндері әкімшілігіндегі басқа да тұлғалар келтірген теңеулерді қайталады.

- Осама Бин Ладен мен оның лаңкес одақтастары өз ниеттерін Ленин мен Гитлер сияқты айқын етіп жасады. Мұндағы сауал, біз оны тыңдаймыз ба? Біз бұл жаудың не айтқанына мән беріп көңіл бөлеміз. Америка мен біздің одақтастарымыз біздің таңдауымызды жасады. Біз жаудың сөздеріне қатты қараймыз. Біз жақсы шабуылдарға барудамыз, біз дем алмаймыз, біз кері шегінбейміз, өркениетке төніп тұрған қауіп жойылмай, біз күрестен бас тартпаймыз.

Буш сондай-ақ Таяу шығыста қауіп-қатерлерге де тоқталып өтті, ол Хезболла Америкаға шабуыл жасамағанымен де, ол көптеген американдықтардың өлімі үшін жауапты деген. Президент Буш Иран жетекшілері Америкаға деген жаулығын танытты дей келе, әлем Иранның ядролық қаруды дамытуына жол бермейді деп атап көрсетті.

Дегенмен де Өкілдер палатасындағы оппозициялық демократтардың жетекшісі Харри Реид Буш әкімшілігі ұлттың қауіпсіздігін толық қорғай алмай отыр деп айтты:

- Мен 2001 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-қа жасалған лаңкестік шабуылды одан кейін бастан кешірмегеніміз үшін әр күн сайын алғыс айтамын. Бірақ факті сол, әкімшілік 11 қыркүйек шабуылы туралы хабарламада айтылған нұсқауларды да орындаған жоқ. Біздің білуімізше біз порттың қауіпсіздігі үшін, химиялық зауыттың қауіпсіздігі үшін ұсыныстар бергенбіз. Сөйтіп, біз бәріміз де мұнда - Америкада қандай да бір шабуылдың болмағанына бақытты, уайымсызбыз, бірақ бізде біз ойлағандай және болуға тиіс қауіпсіздік жоқ. Егер американдықтардың көпшілігі мұнымен келісетін болса, Буш өзінің президенттік тақта қалған екі жылында мүлде басқа Конгреспен жұмыс істейтін болады.
XS
SM
MD
LG