“Азаттық” Радиосының сарапшысы Әмин Тарзидің айтуынша, Талибан қозғалысы құлаған 5 жылға жетерлік уақыттан кейін де ауған халқының көпшілігі алдында әлі шешілмеген 2 мәселе – қауіпсіздік пен бала-шағаны асырау қамы тұр.
“11-інші қыркүйек – ауған халқының көпшілігіне тәліптер мен “Әл-Қаиданың” құрығынан құтылу мүмкіндігін берді. Халықаралық күштер мен АҚШ бастаған шетелдік инвестициялардың елге келуі сондай үміт арқалатты. Бірақ енді Ауғанстан да, халықаралық қоғам да жауап іздеуде. Талибан билігі құлағаннан кейінгі алғашқы 2-3 жылдан бері Ауғанстан енді қайта өрлеудің үлгісі емес. Көп жетістік бар. Бірақ олар есірткі проблемасы, әділ сот жүйесі сынды тоқырап тұрған кейбір маңызды саланың көлеңкесінде қалды. Сонымен қатар әділ сот пен қауіпсіздік проблемалары қол ұстасып келеді”, - деп атап көрсетеді Амин Тарзи.
Соңғы апталарда ауған президенті Хамид Қарзай осыдан 5 жылдай бұрын қарапайым халықтың жағдайы қаншалықты ауыр болғанын және 2001-інші жылдың соңынан бері қарай атқарылған істерді жұрттың есіне салды.
“Егер сіздер осы елдегі лаңкестікті, “Әл-Қаида” ұйымы мен оның әріптесі болған Талибан қозғалысын 1.5 жарым айға жетпейтін уақыттың ішінде жеңген халықаралық қоғамның Ауғанстанға келген 2001-інші жылды еске алыңыздар. Оның себептері анық болатын: ол халықаралық қоғамның қолдауына сүйенген ауған халқы мен билігінің тілегі еді. Өзара бірлескен осы 2 күш бізге 4 жылдық жетістікке жеткізді – 4 жылға жетпейтін уақыттың ішінде оралған 4,5 млн. босқын, біздің балаларымыздың мектепке баруы, президент және парламент сайлауының өтуі, конституцияның қабылданды, билік мекемелерінің құрылуы, экономиканың түзелуі, айлық жалақының өсуі... міне осының барлығы”, -деп тізіп келтірді ауған президенті.
Сонымен қатар Х.Қарзай қарапайым халықтың шетелдік инвестициялармен қатар шетелдік күштердің де елде қала беруін қалайтынын шегелеп айтты.
“Кейбір оқиғаларға қарамастан, біз жіберген кейбір қателіктерге қарамастан, өйткені біз реформа жолымен келе жатырмыз, ауған халқы бүгін де халықаралық қоғамның елде қала бергенін тілейді. Өйткені біз, халық ретінде, лаңкестікке қарсы күресте болсын немесе Ауғанстанды қалпына келтіру ісінде болсын, не болмаса жарқын болашаққа жету жолында болсын, халықаралық қоғамның көмегінсіз жалғыз өзіміздің бұл жолмен ұзаққа бара алмайтынымызды мойындаймыз”, -деп ашығын айтады Ауғанстан лидері.
БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннанның Ауғанстандағы арнаулы өкілінің көмекшісі Крис Александердің пікірінше, Ауғанстанда өткен 5 жылдың ішінде қол жеткен жетістіктерді нашар бағалауға болмайды.
“Бұл елде атқарылған маңызды істер бар. Қаншама босқын елге оралды. Жолдар салынды. Осыдан бірнеше жыл бұрын ашылмаған қаншама мектеп енді есігін ашты. Және бұл елдің үлкен бөлігі - бұл елдің басым көпшілігі – қайта құрумен, жасампаздықпен шұғылдануда. Бірақ жұмыс әлі біткен жоқ”, -деп атап көрсетеді Крис Александер.
Сонымен бірге тәліптердің Оңтүстік Ауғанстанда қайта бас көтере бастауы экономикалық дамуға қатер болып төнгенін ол мойындайды.
НАТО-ның Бас хатшысы ретінде Яаап де Хооп Схеффер Ауғанстанға алғаш рет аяқ басты. Оның айтуынша, Ауғанстанның жаңа конституциясын қабылдау, демократия жолымен президентті сайлау және жаңа парламентті жасақтау сынды мемлекеттік билік мекемелерін құру – Ауғанстанға өзіндік реформаларын жүргізуге мүмкіндік берді. Бірақ Талибан қозғалысының қайта бас көтеруінен төнген қауіп-қатерге Схеффер де алаңдайды. Сол себепті НАТО-ның Бас хатшысы Ауғанстанның үкіметтік қауіпсіздік күштерін жасақтау мен оқытуды жеделдету қажет деп есептейді.
“НАТО үшін де және ауған үкіметі үшін де маңызды болып табылатын шығу стратегиясының бір бөлігі – даму болып табылады. Ол Ауғанстанның ұлттық армиясын жаттықтыру. Ол – Ауғанстанның ұлттық полициясын оқыту. Олар өз елі үшін барлық жауапкершілікті өз қолдарына мейлінше ерте алуға ұмтылады. НАТО-ның үлесі – ұзақ мерзімді міндеттеме. Біздің кетуімізге ешқандай негіз жоқ. Бірақ ауғандықтар өз елінің тағдырын өз қолдарына алуға дайын болуға тиіс”, - деп мәлімдеді НАТО-ның Бас хатшысы.