Стив Пайфердің атап көрсеткеніндей, Грузия өзінің тұтынатын барлық газын Ресейден алады. Міне осы жағдайды Ресей Батыс мемлекеттерімен және НАТО-мен жақындасқысы келетін Грузияға қысым көрсетудің саяси құралы етіп алуы мүмкін.
Екінші сценарий - Украина мен Ресей арасынан жаңа жанжаолдың шығуы мүмкіндігін қарастырады. Өткен қыста Киев пен Мәскеу газдың бағасы бойынша ортақ пікірге келе алмай дауласып, Ресей Украинаға баратын газды тоқтатуға дейін барды. Онысы Батыс Еуропаға тасымалданатын көгілдір отынның қысымын төмендетіп, Батыс Еуропаны “Ресейге қаншалықты сенім артуға болады?” деген ойға қалдырды. Стив Пайфердің пікірінше, әлемнің осы бөлігінде тағы басқа “газ жанжалының” шыға қоюы екіталай.
С.ПАЙФЕР: (NC102444) “Украинадағы газ бағасының халықаралық деңгейге көтерілуіне байланысты, менің ойымша, орыс пен Украинаның арасындағы басқа “газ жанжалының” шығу мүмкіндігі азайды. Бірақ егер Сіз қазіргі газ нарығындағы проблемаға қарайтын болсаңыз, атап айтқанда ашықтықтың жетіспеуінен, қуат көзін Кремль саясат құралы деп қарай ма? -деген сауалға анық жауаптың жоқтығынан әлгіндей жанжалдың шығу мүмкіндігі қашанда бола береді”.
Украинадағы халықаралық қауіпсіздік проблемалары бойынша Ұлттық Институттан осы қоғамдық пікіралмасуға қатысушы Дэвид Прейэр (David Preiher) газ мәселесіне келгенде барлық сайман жалғыз Ресейдің қолында емес деп мәлімдейді. Украина – Ресей газының транзиті жолындағы ең басты ел болып табылады. Демек, Киевтің Мәскеуге ықпал ете алатын мүмкіндігі бар деген сөз. Сонымен қатар Прейэрдің атап көрсетуінше, Украинада газдың зор көлемін сақтайтын қоймасы бар, егер қажет болған жағдайда қосымша газбен толықтырылмай-ақ Еуропаны көгілдір отынмен қыс бойы қамтамасыз ете алады. Бұл, өз кезегінде, егер Ресей тағы да газды тоқтатуға тырысатын болса, Киевтің әлдеқайда ұзақ шыдауына мүмкіндік береді.
Украинаның “УкрТрансНафта” компаниясы төрағасының өкілі Михайло Гончардың айтуынша, Украинамен арадағы өткен жылғы дау-жанжал, тұтынушыларлың сенімі тұрғысынан қарағанда, Ресейге тым қымбатқа түсті. Мәскеу ендігі жерде онысын қайталамайды.
Келешекте орны болуы мүмкін үшінші сценарий – Ресей мен Орта Азияның немесе Орта Азияның мемлекеттері арасындағы жанжал. Стив Пайфер ең алдымен қарама-қайшылық Ресей мен Түркіменстанның арасында шығуы мүмкін деп есептейді.
С.ПАЙФЕР: (NC102445) “Шынында да менің ойымша, мысалға, Түркіменстанға қатысты Еуропаға сатылған газдан түскен пайданы Газпром мен Түркіменстан қалай бөлісуге тиіс деген сауал бар; және Түркіменстанның 1 мың текше метр өз газының бағасын 65 доллардан 100 долларға дейін көтеруді талап еткенін Сіздер көрдіңіздер. Ал енді егер Түркіменстан бағаны одан да жоғары көтеретін болса, онда ол Түркіменстан мен Газпром арасындағы коммерциялық жанжалға жеткізуі мүмкін”.
Михайло Гончар “Энергия форумының” назарын, оның өз сөзімен айтқанда, “Ресейдегі газ өндірісі қарқынының тұрақсыздығына” аударды. Оның атап көрсетуінше, Ресейдің газ компаниялары онша сенімді емес. Ресейдің Батыс Сібіріндегі газ өндірісінің көлемі төмендеп келеді және өзге елдермен арадағы келісімдері бойынша бүкіл газды Ресейдің қайдан алатыны белгісіз.