Хабарға қарағанда, Иранның ресми өкілдері есірткі айналымына және соған байланысты қылмыстарға қарсы күресетін БҰҰ Агенттігінің директоры Антонио Мария Костаның елге келген сапары кезінде Ұлттар Ұйымын көрші Ауғанстандағы көкнәр егістігінің ұлғайтылуына қарсы тұруға шақырған көрінеді (ол туралы 9-ыншы қараша күні дари тіліндегі Иранның ресми Мешһад радиосы хабарлады). Шенеуніктердің көпшілігі Иран өзінің есірткіге қарсы күресінде әлемнің өзге елдерінен тым аз көмек алып отырғанына шағымданған.
Қарашаның7-күні Иранның “Меһр” агенттігі хабарлағандай, Иранның сот жүйесінің басшысы Махмуд Хашеми-Шаһруди өз елін “есірткіні Ауғанстаннан Еуропаға тасымалдайтын ең басты жолы” деп атаған. Оның атап көрсетуінше, халықаралық ұйымдар Иранның есірткіге қарсы күресіндегі атқарған рөлін дұрыс бағаламай отыр. Егер Иранның бұл іс-әрекетіне таяу болашақта халықаралық қоғамның көмегі болмаса, онда Теһран есірткіге тыйым салған шарасын қайта қарауға тиіс деп ескертті Махмуд Хашеми-Шаһруди. IRNA агенттігінің хабарлауына қарағанда, дәл сол күні Иран парламенті төрағасының өкілі Мохаммад Реза Баһонар Антонио Мария Костаға Иранның есірткі мен нашақорлыққа қарсы күрес бағдарламасына БҰҰ-ы бөліп отырған қаржылай көмегінің тым аздығын атап көрсеткен. Тағы да сол агенттіктің хабарлауынша, 9-ыншы қараша күні осы проблеманы А.М.Костамен талқылауы барысында Иран президенті М.Ахмадинеджад “кейбір менменшіл құзырлы тұлғалар тәуелсіз мемлекеттер мен елдерге зиын келтіру пиғылымен сауда бригадалары мен есірткінің таралуын қолдайды”, деп мәлімдеген.
Антонио Мария Коста 8-інші қараша күні Иранның оңтүстік-шығысындағы Пәкістан шекарасына жақын Систан ва Балучистан (Sistan va Baluchistan) өлкесіне келді. Иранның есірткі дәрі-дәрмектерін қадағалайтын Орталық штабының бас хатшысы Фада Хусеин Мәликимен (Fada Hussein Maleki) кездесуінен кейін Коста мырза Теһранның есірткі айналымына қарсы күресіне БҰҰ-ының 22 млн. доллар қыржылай көмек бөлетінін хабарлады. Оның атап көрсеткеніндей, бұл қаражат шығыстағы шекараны есірткі саудагерлерінің өтуінен күзетуді күшейтуге және елдің осы аймағындағы полицияның ақпараттық жүйесін жетілдіруге бағытталады. Антонио Костаның дәл осы өлкеге келуінің маңызы бар.
Иранның Систан ва Балучистан өлкесі – контрабандистер мен бүлікшілерге толы өңірі. Антонио Коста есірткі дәрі-дәрмектерін қадағалайтын Орталық штабының бас хатшысы Фада Хусеин Мәликимен Заһеданға орналасқан Расул-и Акрам базасында кездесті. Бұл база полиция мен қарулы күштердің және басқа да қауіпсіздік агенттіктернінің іс-қимылын ұштастыру үшін өткен сәуір айында құрылды.
Өткен тамыз айында осы базаның қолбасшысы (Ислам төңкерісі сақшыларының корпусының бригадирі) Қасим Ризаидің мәлімдегеніндей, базаның ең басты мақсатының бірі – есірткі контрабандистерінің жолына тосқауыл қою. Оның айтуынша, аталған база елдің шығысындағы Хормозган (Hormozgan Province), Керман (Kerman Province) өлкелерін, Оңтүстік Хорасан (South Khorasan) және Систан ва Балучистан өңірлерін қадағалайды. Есірткі тасымалын қадағалау мақсатында, Қасим Ризаидің айтуынша, Пәкістанмен арадағы 70 шақырымдық шекараның бойына ені 5 метр, тереңдігі 4 метр болатын ор қазылып, электрондық бақылау мен қарулы күзет орналастырылған. Сонымен қатар базаның маңайына қарулы лагерлер орналастырылып, дос ниеттегі жергілікті тайпалар да көмек беруге дайын. Қасим Ризаидің ерекше атап көрсетуінше, осы өңірде билік “құпия ақпарат жинау жүйесін күрт күшейтті”.
Бірақ Иранның оңтүстік-шығысы үнемі есірткі контрабандистерінің “төте жолы” болған емес. Ауғанстаннан шығатын есірткі саудагерлерінің бағыты қазір өзгерді. Олардың “дәстүрлі жолы” Оңтүстік Хорасан өлкесінен басталып, оның ішінде Исфахан, Керман, Табаш немесе Йард өңірлері де бар (Isfahan, Kerman, Tabas немесе Yazd), Әзірбайжанның батысы арқылы Түркияға дейін баратын. 1990-ыншы жылдардың басында Иранның шығысында Мохаммад Расулланың Орталық штабы құрылған соң және бұл операцияға Ислам төңкерісі сақшылары корпусының қосылуынан кейін бұл “дәстүрлі жол” өзгеріп салды. 1993-1994-інші жылдары Ұлттық полиция құрылып, оңтүстік-шығыстағы Керман өлкесінде Мерсад соғыс базасының ашылуынан соң “дәстүрлі бағыт” біржола “істен шықты”.
Ауғанстаннан есірткі тасымалдайтын саудагерлер балама бағыт ашып алды. Оның “солтүстік бағыты” Орта Азиядан Ресейге және әрі қарай Балқан түбегіне қарай өтсе, “оңтүстік бағыты” – Пәкістаннан Иранның Систан ва Балучистан өлкесіне, одан Оман теңізі мен Парсы шығанағына қарай өтеді. Иран шенеунектерінің халықаралық қоғамның көмегіне қанағаттанбауына қарамастан, Теһран есірткіге қарсы көптеген халықаралық бағдарламаға атсалысады.