Accessibility links

Таяу Шығыс бойынша сарапшы Ливандағы ахуалды “өте құбылмалы” деп сипаттайды


Сейсенбі күні ПьерЖмайэльдің қастандықпен өлтірілуінен кейін Ливандағы саяси ахуалдың бұзылуы осы елдегі саяси тұрақтылық проблемасын тағыда күн тәртібіне шығарды. Пьер Жмайэль – Ливандағы Сирияға қарсы күштердің бірі болып табылатын христиандардың шағын Фаланг партиясының лидері әрі Ливанның өнеркәсіп министрі болатын. Ол Ливанның экс-премьер-министрі Рафик Әл-Харириге 2005-інші жылы жасалған қастандықты тергейтін халықаралық трибуналдың жұмысына атсалысып келді. “Азаттық” Радиосының тілшісі Вашингтондағы Таяу Шығыс саясаты Институтының араб саясаты бойынша сарапшысы Дэвид Шенкермен (David Shenker) Ливандағы саяси ахуал туралы сұхбаттасты.

“АЗАТТЫҚ”: - Бүгінгі кісі өлтіру бізге Ливандағы қазіргі саяси ахуалдың ұзаққа бармайтынын байқата ма?

Д.ШЕНКЕР: - “Бұл, іс жүзінде, бізге демократияшыл, Сирияға қарсы қозғалыстың айтарлықтай қиын жағдайға тап болғанын аңғартады. Ливан конституциясына сәйкес, кабинет тарауға тиіс, егер Сіз үкіметтің 1/3-інен айрылсаңыз, Сіз жаңа премьер-министрді көруге тиіссіз. Өткен аптада Министрлер кабинетінен “сирияшыл” және “Хизболла” мен “Амаль” ұйымдарын және тағы тағыларды қолдайтын 6 мүшесінің кетуінен соң және бүгін “14-інші наурыз Тәуелсіздігін” қолдайтын министрдің өлтірілуінен кейін ол жетеу болды. Сиқырлы сан, ақиқатында, сегіз. Кабинеттен кеткендердің саны 8-ге жетуі мұң екен, заңға сәйкес, үкімет тарауға тиіс”.

“АЗАТТЫҚ”: - Сіз үкіметтен кеткендердің саны 8-ден асады деп отырсыз ба?

Д.ШЕНКЕР: – Ия, менің ойымша, бүгінгі кісі өлтіру оның “тактика” екенін байқатады. Мен оған байқап қарасам, мен оның астарында жай Сирияның мүддесі жатқандай көремін. Мұның барлығы – 2005-інші жылдың ақпанында өлтірілген Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафик Әл-Харириді өлтіргендерді соттап, жазаға тартатын халықаралық трибуналдан шығып отыр. БҰҰ-ының бұл тергеуі мейлінше толық әрі мейлінше жан-жақты жүргізіліп жатқанын және оған қаншама қаржы жұмсап, ДНК клеткаларын зерттеу сияқты озық тәсілдерді қолданып жатқанын сириялықтар түсіне бастады. Міне сол себепті олар, ақиқатында да, бұл тергеуді кез-келген амалмен тоқтатып, халықаралық трибуналға бөгет жасауға бел буса керек”.

“АЗАТТЫҚ”: - Ливандағы ахуалдың өрби түсуіне байланысты алдағы күндері біз нендей нәрсені назардан тыс қалдырмауымыз керек?

Д.ШЕНКЕР: - “Сириялықтардың осыған дейін және қазіргі істегені, менің ойымша, бірдей. Сіз білесіз бе, қорғаныс тактикасын іске асырамын деп олар заңсыдықтарды жалғастырып жатыр. Олай деп мен нені айтқым келеді? – Сіз білесіз, қазір ғана Ливанда зұлымдықпен кісі өлтірілді. Бұл, Сіз білесі, 2004-інші жылдан бері 18, не одан да көп адамды өлтірген оқиғалардың жағасы. Сириялықтар не істейді? – Олар Бағдадқа барып, Ирақ халқына: “Әй, біз енді сендермен бірігеміз. Біз сендерге көмектескіміз келеді. Біз Америка Құрама Штаттарымен бірқатар диалог өткізіп, келіссөз жүргізугуді асыға күтіп отырмыз және АҚШ-пен Ирақ жөнінде келісімге келеміз”, -жариялайды. Міне осылайша олар, Сіз білесіз, соңғы кісі өлтірудің салдары мен халықаралық трибуналдың тергеуі нәтижесінде болатын барлық қысымға жол бермеу үшін өздерін “жағымды” етіп көрсетуге және Ираққа деген көзқарасының өзгергенін көрсеткісі келеді”.

“АЗАТТЫҚ”: - Ливанда азамат соғысының шығу қаупі бар ма?

Д.ШЕНКЕР: - “Сіз осындай зұлымдықты көріп отырсаңыз, “Хизболланың” халықты көшеге шығарамын деп қорқытқанын көріп отырған кезде сондай зор қауіп бар. Егер тіпті “Хизболла” өзінің қаруын Ливан халқына қарсы көтермегеннің өзінде де Ливандағы шийттер мен сүнниттердің арасындағы осы күнгі жанжалды ушықтыру мүмкіндігі бар, шийттер көрші тұратын христиандарға тиіседі және Сіз білесіз – олар ұрысқа кіріспекші және мұндай ұрыс шектен шығып, қантөгіске ұласуы мүмкін. Міне осылайша, деп ойлаймын мен, дәл қазіргі ахуал өте күрделі”.

Ливанның өнеркәсіп министрі әрі Ливандағы Сирияға қарсы саяси күштердің бірінің лидері болған Пьер Жмайэльдің қастандықпен өлтірілуіне БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі ащы наразылығын білдірді. Қауіпсіздік Кеңестің Мәдімдемесінде айтылғандай, Жмайэль – Ливанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен саясаткерлердің бірі болатын.

34-жастағы Пьер Жмайэль – Ливанның экс-президенті Әмин Жмайэльдің ұлы – сейсенбі күні Бейрут қаласының түбінде кісі қолынан қаза тапты. Оның автокөлігін тасадан атқылады. Бұл қастандық Ливандағы Сирияға қарсы күштер мен “Хизболла” ұйымы бастаған күштердің арасындағы теке-тірес жалғасып, саяси дағдарыс ушығып тұрған кезде жүзеге асырылды.
XS
SM
MD
LG