- Министр ханым, сіздің Чехияға келгенге дейінгі туып өскен ортаңыз жөнінде білгіміз келеді.
- Мен үшін Қазақстан мен Қырғызстан шегара аймағындағы Қарақұрым деген шағын ауылдың маңызы өте ерекше. Қарақұрымда менің атам, яғни әкемнің әкесі туып өскен. Сондықтан, атамекен дегенде менің есіме әрқашан жиі түсетін жер - өзім туып, балалық шағым өткен әсем де сүйікті қала Алматы емес, алдымен сол Қарақұрым ауылы көз алдымда елестейді. Міне, сол ауылда өз құрбы-достарыммен бірге қыр-далаларға шығып, өзен-көлге шомылып, атқа мініп, сайрандап жүрген кездерімді жиі аңсаймын. Менің қазіргі тіршілік-өмір жолым сол Қарақұрым қыстағынан бастау алады десем шындық болар.
Кейін әкемнің жұмыс жағдайымен Мәскеуде университетте оқыдым. Сол Мәскеуде түрлі ұлт-ұлыс өкілдері арасында жақын байланыста жүрдім, бірақ біз ол кезде ұлтаралық мәселе дегенді білмейтінбіз. Өкінішке орай, міне сол арада өз ата-жұртыммен, жақын-туыстарыммен, Қазақстанмен байланасым біршама үзіліп қалды. Ал менің ең сорақы қателігім, өз ана тілімді сақтай алмадым.
Атамның ауылы Қарақұрымда барлық адам тек қана қазақша сырласатын. Бала кезімде мен де қазақша тәп-тәуір сөйлейтінмін. Біз Мәскеуден баспана таптық, бірақ ана тіл, ата дәстүрден алыстадық. Ал дәстүр-салттың жойылуы, алдымен, ана тілінің жоғалуымен байланысты екендігі белгілі.
Міне сондықтан, мен бұл «Азаттық» радиосынан ондаған халықтың тілінде хабар тарап келе жатқандығына әуестенемін, ризашылық білдіремін. Қаншама дауыс, қаншама алуан түрлі үн жаңғырып тұр бұл жерден. Ал, халықтың өркендеуі тікелей тілге байланысты ғой.
- Сонымен, сол Қарақұрым ауылынан басталған жол Мәскеу арқылы Еуропаға қарай бағыт алды ғой?
- Солай болды. Мәскеу университетіндегі оқу кезінде чех жігітімен дәм-тұзымыз жарасып, Еуропаға келіп қалдым. Сонымен, чех тілі ортасына түстім. Ал, қай орта, қай қоғамда болсаң сол елдің тілін білуің арқылы өз бет-бейнең, көзқарасың айқындалады екен. Менің көзім жеткені - ағылшын, орыс, неміс секілді әлемдік деңгейдегі тілдермен қатар өз ана тіліңді білмесең, балаңа үйретпесең онда, әлемдік глобализация - жахандану теңізіне шөгіп кетуің ғажап емес. Ондай универсалды - біркелкі өмірде ұлттық тегің де, тарихи тамырың да жойылады.
- Міне енді, Жасылдар партиясының белсендісі ретінде Қалалық кеңестен бастап Үкімет, Парламенттік деңгейге дейін көтерілдіңіз...
- Өмірлік жолдасыммен алғаш келіп орналасқан солтүстік аймақта, көмір кеніші кесірінен, ауыл-аймақ, қала-қыстақтағы көне мұралар, тарихи орындар, тіпті ата-баба зираттары қиратыла бастағанын көріп үйде тыныш отыра алмадым. Табиғат қорғау жұмысы артынша адам құқын қорғау мәселесімен жалғасып кетті. Аудандық, қалалық кеңестерде өз ойларыммен шықтым. Өзім кірген Жасылдар партиясының ол жұмысын түрлі аймақтардағы жұрт қолдап кетті. Міне енді Чехия үкімет құрамында атқарар жұмыс шараларына келсем, Үкімет мүшесі ретінде шағын ұлттар жағдайымен шұғылдана жүріп мен адам құқықтары мәселесімен тікелей айналысамын. Қандай ұлт, ұлыс өкілі болғандығына қарамай, олардың барлық ұлттық, азаттық мәселесін дер кезінде шешу қажет. Ол үшін жағдай жарату керек. Бұл орайда, қажетті тілде мектептер ашып, дәстүрлі мәдениетті дамыту, газеттер шығару - алғышарттардың бірі. Ал, ол шағын ұлт-ұлыстардың ұлттық мәдениеті, дәстүр-салты арқылы, бұл мемлекет те, рухани салада байи түсуі лазым.
- Осы орайда айта кетсем, Еуропа орталығындағы Чехияда орыс, неміс, ағылшын секілді тілдердің қатты әсеріне қарамастан, өз ана тілін білмейтін чех азаматын кездестірмедім. Ал енді тәуелсіздік алғанына 16 жыл болған Қазақстанда, жергілікті қазақ халқының үлес-салмағы 60 пайыздан асқан егемен Қазақстанда неге Үкімет, Парламент қазақша сөйлемейді? Бұл орайда, Жәмила ханым, Сіздің өз көзқарасыңыз қандай?
- Тәуелсіз Қазақстанда мемлекеттік қазақ тілінің тиісті деңгейде қолданылмауы, әрине, өте өкінішті және қынжылатын жағдай. Дегенмен, бұл уақыт мәселесі болар. Негізгі мәселе - орыс тілінен қазақ тіліне қарай шұғыл бет бұруы қажет болып тұр ғой. Мен білетін Қазақстанда тек қана Алматыдағы Қыздар педагогикалық институтында сабақ қазақ тілінде жүретін. Сондықтан, ата-ана өз баласын, әу бастан-ақ, орыс тілді мектепке беретін. Қалған институт, университеттердің бәрінде дерлік қазақ баласы орыс тілінде оқыды. Міне, сол кездегі орталықтан басқарылған бюрократиялық жүйе енді ғана жойыла бастады емес пе. Мен сенемін, уақыты-сәті келіп, Қазақстандағы орыс тілінің функциясын қазақ тілі түгелдей өз мойнына ала бастайды. Ал негізгі нәрсе, болашақта Қазақстанда тұратын кез-келген ұлт-ұлыстың басым көпшілік өкілі бәрібір қазақ тілінде сөйлеуге мәжбүр болады. Мына менің өзім Чехияда тұрып, қалайша чех тілін білмеуім керек?! Бұл елде жұмыс бабында, өзара қатынас құралы ретінде басқа тілде сөйлеуге құқым жоқ. Міне, сондай жағдай ертелі ме, кеш пе, Қазақстанда да туады.
- Чехиядан баспана сұрап келген бір ұйғыр отбасы жақында теледидардан шығып жарты сағат бойы Қазақстанда бірқатар мәселемен бірге ұлттық алалаушылық бар деді. Сондай-ақ, Чехия солтүстігіндегі босқындар лагерінде болғанымда тағы бір азамат Қырғызстанда ұлттық дискриминация күшті дегенді айтты. Сонда, көршілес бұл Орта Азиялық екі мемлекетте дискриминацияның бар болғаны ма?
- Мен бұл орайда Қазақстандағы жағдайға ғана тоқталып өтсем. Менің бар ағайын-туысым Қазақстанда тұрады. Советтік одақ тарағаннан кейінгі аймақта, тәуелсіз республикаларда ұлттық алалаушылық, ұлтшылдық бар деген сөз жиі айтыла бастады. Бұл соңғы кезде қалыптасқан әдет - клише, стереотип десе болар. Бірақ, бұл ақиқатқа сай келмейтін жәйт. Мысалы, мен білетін Қазақстанда қазақтар мен өзге ұлт өкілдері арасында өзара жақын қарым-қатынас, етене достық байланыс болды. Мен өзім ол жерде ешқандай ұлт аралық жанжалды көрген де, есіткен де емеспін. Осы арада айтқан жөн болар, орыс немесе неміс Қазақстаннан өзге жұртқа көшкен болса, оның алдымен, тұрмыстық, экономикалық себептері болды.
Дегенмен, әлем тарихында ұлттық дискриминация, ұлтшылдықтың ең кемінде азды-көпті бірер нышаны болып тұрады. Мысалы, сол Қазақстанның өзінде ондаған, тіпті жүздеген түрлі ұсақ жанжалдар болуы да мүмкін ғой. Ал 5 Франция, немесе 35 Чехия сиып кететін, жүздеген ұлт-ұлыс өкілі тұратын ондай кең байтақ елде, кейде ондай жағдай неге болмасын. Бірақ мен оны ұлттық дискриминация - алалаушылық, ұлтшылдық көрінісі дей алмаймын. Мысалы, Қазақстанда орыс текті дәрігерді жұмысқа алмапты дегенді есіткен емеспін. Ал мына өздеріңіз білетін Чехияда ондай мәселе бар. Сыған ұлтынан шыққан талай азамат өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай жүр. Бұл мен министр ретінде өз жауапкершілігіме алған шаруаның бірі. Қазақстанда оның бірі де жоқ. Оның үстіне, бар ма, жоқ па, бәрібір, дискриминация, ұлтшылдық жөнінде қазақ баспасөзі жазып отырса онда пайдалы іс болмақ, ақиқат-шындық ашылмақ.
Ал, Қазақстаннан жалпы Еуропа елдеріне жақсы тіршілік-өмір, табысты жұмыс іздеп келгендер, әдетте, ол елден кеткендігінің себебі ретінде ұлтшылдық, дискриминацияны айтсам жеңілдік берілер деген ниетте болады.
- Министр ханым, енді тәуелсіз Қазақ еліндегі қазіргі ана тілі, дәстүрлі мәдени салты жөнінде тоқтала кетсеңіз.
- Менің білуімше, советтік одақ кезінде ресми түрде жарияланғанымен, қазақтың дәстүрлі ұлттық мәдениеті, салт-санасы тоқырауға ұшырады, дамымай қалды. Қазақ тілі орыс тілінің қысымы астында болып, сөйленбей босағада жетім баланың кейпінде қалуы соның бір дәлелі. Ал ол сол кездегі жүйенің орталықтан жүргізген құйтырқы саясаты болатын. Бұл орайда менің өз пікірім, таза ұлт ретінде қалыптасу үшін біршама салмақты ұлтшылдық сезімінің болғандығы да артық етпейді дер едім. Оған Чехия елінің халықтық даму тарихы кезеңі куә.
«Азаттық» радиосында қонақта болып, қазақ бөліміне арнайы сұхбат берген Жәмила Алмасқызы Стехликова - Чехиядағы адам құқықтары және шағын ұлттар мәселесі жөніндегі министр. Мұндай жоғары дәрежелі лауазымға бүкіл Орталық Еуропа елдерінде басқа елдің өкілі алғаш рет көтеріліп отыр.
(жалғасы бар)