Молдованың астанасы – Кишинеу қаласында наразылық шеруіне шыққан халық: “Прут өзеніндегі шекара бұзылсын! Прут өзеніндегі шекара – бұзылсын!” деген үндеу көтерді. Олар Молдова мен Румынияны қақ бөліп өтетін Прут өзені бойындағы ұзындығы 711 шақырым болатын шекараны ашуға шақырады. Румынияның Еуроодаққа кіруінен кейін Еуропа құрлығының ең кедей елі болып табылатын Молдованың халқы үшін түрлі айла-амалмен Батыстың еңбек нарығынан жұмыс табуға мүмкіндік туды. Міне осы мәселе Еуроодақ басшылығы үшін де үлкен проблемаға айналып отыр.
Еуроодаққа Молдова азаматтарының жаппай ұмтылуы немесе “молдован шапқыншылығының” басталуы мүмкін екенін алғашқы болып Ұлыбританияның газеттері жазды. Олай дейтін себеп: Румынияның азаматтық туралы саясаты молдовандардың едәуір бөлігіне румын паспортын, яғни румын азаматтығын талап етуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияның күнделікті шығатын кем дегенде жетекші 4 басылымы “не қаржы-қаражаты, не болашағы жоқ” 100-деген мың молдованның Еуроодаққа “басып кіруі” мүмкін екенін ескерткен мақала басып шығарды.
Сонда 530 мың жаңа румын азаматы пайда болмай ма?
Британ газеттері бұл тақырыпты Румынияның Кишинеудегі вице-консулы Луциана Станицаның (Lucian Stanica) айтқан сөзін келтірген Би-Би-Си-дің 2006-ншы жылдың қазан айындағы бір хабарынан алыпты. Станица мырзаның сол сөзіне қарағанда, өткен жылдың тамыз-қыркүйек айларының ішінде Кишинеудегі Румыния консульдігіне Молдова азаматтарынан 300 мың өтініш келіп түскен. Румынияның Еуроодаққа кіруінен бері қарай өтініштердің саны одан да арта түскен.
Кишинеуде 16-ншы қаңтар күні сөйлеген сөзінде румын президенті Траян Басеску (Traian Basescu) Молдова азаматтарынан күткендегіден шамамен 2 есе көп өтініш түскенін хабарлады.
Т.БАСЕСКУ: “Азаматтық алуға өтініш беруді тосып отырған әлі 530 мың адам бар... және Кишинеудегі румын елшілігіне өтініш тапсырғандардың өздері де күткендегіден кем дегенде 3 немесе тіпті 4 есе болмаса да, 2 есе артық. Бұл, біздің бағалауымызша, сөздің ашығын айтқанда, румын азаматтығын алуға шамамен 700.000, не 800.000 өтініш түседі деген сөз”.
Молдовандардың Еуроодаққа жаппай көшуі туралы проблеманы - қаншама молдован азаматының осы күні шет елдерде жұмыс істеп жүргені ушықтырып отыр. Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша, Молдованың еңбекке қабылеті бар азаматтарының ¼-і немесе 25 пайызы елден тыс еңбек етеді. Молдовандардың бір бөлігі үшін румын паспорты Батыстың еңбек нарығына жолдама алудың заңды жолы болып табылады.
Шынында да, Кишинеудегі IMAS-INC агенттігінің 2006-ншы жылы жүргізген сауалнамасына қарағанда, егер мүмкіндік болса молдован азаматтарының 48 пайызы румын паспортын алатын еді және олардың 85 пайызы румын паспортын Еуроодақтан жұмыс табу үшін пайдаланар еді. Румынияның азаматтық туралы заңы да алаңдатып отыр.
Румыния азаматтықты туып-өскен жеріне қарай емес, ұлтына қарай айқындайды. 2-нші дүниежүзілік соғыстың аяқталары қарсаңында, яғни Молдова Румынияның құрамдас бөлігі болып тұрған тұста кез-келген молдован азаматы не өзінің, не ата-анасының, не болмаса әжесі мен атасының Молдовада тұрғандығын дәлелдей алса, онда қос азаматтық алуға құқылы. Әйтсе де, азаматтық алу рәсімі 2003-інші жылы біршама өзгертілді. Жаңа заңға сәйкес, қос азаматтық алудан бұрын молдовандар ұзақ та күрделі бюрократиялық үдерістен өтуге тиіс. Британ газеттері келтірген деректер бойынша, азаматтық сұрап өтініш беру – осы үдерістің алғашқы қадамы ғана. 2003-інші жылдан бері келіп түскен барлық өтініш бойынша 30 мың адам ғана азаматтық алу үдерісінің екінші сатысына өткен. Өткен жылдың қазан айында Би-Би-Си-ге берген сұхбатында румын Әділет министрлігінің өкілі Моника Маковей (Monica Macovei) ханым атап көрсеткендей, 2003-інші жылдан бері қарай азаматтық туралы заңның “жұмсартылмауына” байланысты азаматтық сұраған өтініштердің күрт өсе қоюы екіталай.
ШЕКАРАНЫҢ ЖАБЫЛУЫ
Еуроодақ елдері иммигранттардың Молдовадан ағылып келуіне қалай алаңдап отырса, Молдова азаматтары да елдің Батыс шекарасының аяқ астынан жабылып қалуына дәл солай алаңдайды.
Румынияға сапарға бару - молдовандардың көпшілігі үшін үйреншікті де күнделікті құбылыс. Олар Румынияға мектепке немесе жұмысқа барады, жазғы демалыстарын Румынияда өткізеді немесе туған-туыстарына қонаққа барады. Мысалға, Румынияның Ботосани қаласындағы орталық базардың маңызды бөлігін, әдетте, түрлі тауармен, оның ішінде әсіресе - бағасы әмбебап дүкендерден едәуір арзан азық-түлікпен сауда жасайтын молдовандар құрайды. Солар үшін де, сауда-саттықпен айналысатын румындар үшін де визалық жаңа шектеулер айтарлықтай бөгет болып отыр. Оған қоса, визалық шектеулердің ауқымы және Румынияның жаңа визалық саясатқа онша дайын еместігі молдовандардың көпшілігіне аспаннан жай түскендей әсер етті. Румынияның Еуроодаққа кіруі молдовандардың шекарадан ары-бері еркін өтетін легіне тосқауыл бола алмайды деп президент Траян Басескудің кепілдік беруіне қарамастан, Кишинеудегі румын консульдігіне өтініш-сауалдар қаптап түсті.
Кишинеудегі румын елшілігінің сыртында “Азаттық” Радиосына берген сұхбаттарында 3 молдован азаматы Румыния азаматтығы мен румын визасын алу үдерісі таяу болашақта жеңілдеуге тиіс деген үміттерін білдірді. Олардың біріншісі: “Ол (яғни, румын президенті Траян Басеску) біз өзіміздің азаматтығымызды алу үшін Румыния мемлекеті қолынан келгеннің барлығын істейді деп уәде берді” десе, екіншісі: “Мүмкін, азаматтық алуға байланысты құжат-қағаздарды жеңілдететін уақыт келген де болар” дегенді айтты. Ал үшіншісі: “Осы визаларды біз көшеде тосып отырмыз, соған қарағанда, Басеску мырза бұл проблеманы шешуге бел буып отырса керек. Бұл проблеманың ең жоғарғы жақты шешілетініне мен кәміл сенемін” деп үзілді-кесілді мәлімдеді.
...Молдовадан жұмыс күшінің кетуі – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жолында көлденең тұрған ең басты бөгеттің бірі. Оған қоса, эммиграция – Молдованың жұмыс күшін сейілтумен қатар, елдегі 150-ден 270 мыңға жуық баланы ата-анасының бірінсіз қалдырады және 40 мыңға жуығы “тірі жетім” болып отыр. Әзірше Молдова азаматтары елде күн көрісіне жететін табыс таба алмайды, бірақ эммиграция толқыны да басылатын емес.