Бежин қаласының әкімі Уонг Қишанның (Wang Qishan) 2008-інші жылғы Олимпиада ойындарына деген дайындықтың барысы туралы айтар ойы көп. Әйтсе де, егер дүние жүзіндегі ең көне өркениеттің бірі Қытай екені ескерілсе, Уонг Қишанның Олимпиада ойындарына келетін миллиондаған шетелдікті қонақжай қарсы алуға Бежин халқының “мәдениеті лайық па?” деп алаңдауы аң-таң қалдыруы мүмкін. Бежиннің ішкі-сыртқы пішінін жетілдіруге қаншама күш-жігер жұмсалып жатса да, әкім көшелерге лық толған қала халқының ежелден келе жатқан ескі әдет-ғұрпы, көшедегі айқай-шуы, бір-бірімен ұрысып-керісіп, жекірген әдеті қандай әсер қалдырады деген ойға қалады. “Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, өткен аптада қала маслихатында Уонг Қишан шенеунектер қаланың 15 млн. халқының “ізеттілігі мен мәдениетін жетілдіруге тиіс” деген мәселені көтерді. Осы жауапты міндетті Уонг 2008-інші жылдың 8-інші тамызында ашылатын Олимпиада ойындарына дейін қалған 18 айдың ішінде жүзеге асыруға тиіс.
Бежин әкімінің қандай келеңсіз құбылысты көргісі келмейтінін елестету қиын емес. Жаздың аптап ыстығында Бежиннің шаң мен айқай-шуға толған көшелерінің қиылысында тоқырап тұрған автокөліктің ішінен таксиге отырып, аң-таң болып айналасына жалтақ-жалтақ қараған шетелдік туристі, құмырсқадай қаптаған жаяу халықтың көшеден өте алмай таксиге айқайлап, балағаттаған күнделікті құбылысты көргісі келмейді.
Кеңсесі Лондонда орналасқан “Чатем хаус” (Chatham House) зерттеу орталығының Қытай бойынша сарапшысы Александр Нэйлл (Alexander Neill) Бежинді “өте дөрекі әрі беймаза қала” деп атайды. Ол осыдан 10 жыл бұрынғы көріністі есіне алады.
А.НЭЙЛ: “Сіз барсаңыз, қаптаған халыққа, әсіресе Бежинге ағылып келіп жатқан және қаланың көлік көп жүретін орталығына шетелдіктерді көру үшін келген ауыл тұрғындарына тап боласыз. Әдеттегідей “Лоауэй”, яғни: “шетелдікті қараңдар!” деген айқай естіледі. Оның ізінше ду күлкі шығады. Шетелдіктерді саусағымен нұсқап көрсетеді немесе оның бетіне тесіле, үңіле қарайды”.
Нэйлдің айтуынша, Қытайда Совет Одағындағыдай қызмет көрсету туралы тіпті түсінігі болмаған марксистік жүйе сақталып қалды. Ондай кемшілік әлемнің өзге бұрышында да бар. Әйтсе де, деп ескертеді Александр Нэйлл, соңғы жылдары Қытай қызмет көрсету саласын зор жетілдірді, әсіресе шетелдік туристермен байланыс саласында көп жетістікке жетті. Бежин әкімі Уонг Қишан Олимпиада қалашығындағы ауқымды құрылыс нысандарын да осы тізімге кіргізді.
Елдің оңтүстігіндегі Қытайдың “қаржы орталығы” болып саналатын және жаңадан бой көтеріп, аспанмен таласқан талай зәулім ғимараты бар Шанхай қаласы да өзінің “бет-бейнесіне” алаңдайды. “Әлем-Экспо-2010” дүниежүзілік жәрмеңкесін өткізетін бұл қала да көп қонақ қабылдайды. Кезекті Олимпиада ойындарын өткізу Бежин қаласы үшін қаншалықты маңызды болса, жер шарының барлық құрлығында шығарылған сан-алуан тауар, қолөнер өнімдері мен мәдениет үлгілері қойылатын “Әлем-Экспо-2010” жәрмеңкесін өткізу – Шанхай үшін де соншалықты мақтаныш.
Күнделікті шығатын “Шанхай дэйли” (“Shanghai Daily”) газетінің тілшісі Келли Ченнің (Kelly Chen) атап көрсетуінше, қала халқы жәрмеңке қонақтарын қуана қабылдайды.
К.ЧЕН: “Біздің жәрмеңкеге біз 110 қатысушыны – мемлекеттерді, аймақтарды және халықаралық ұйымдарды тартып отырмыз. Енді Шанхай қаланың орталығында Экспо алаңын тұрғызып жатыр”.
Ченнің айтуынша, Шанхай тұрғындарының жаман мінез-құлқы туралы түсінікті өзгерту үшін студенттер көшедегі бейтаныс кісіге күлімсіреп қарауды ұсынды. “Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, көшені ластайтын адамдарға айыппұл салу жоспарланып отыр. Жұрт назарынан таксистер де қалмады – олар көлік терезесінен сыртқа түкірмей, өзінің жанына орнатылған қапшыққа немесе шелекке бұрылуға тиіс. Бірақ кейбіреулер таксидің ішіне ондай “түкіргішті” орнатудың жаман салдары болуы мүмкін деп ескертеді.
Десе де, нақты бір оқиғаға байланысты өзінің қонақжайлылығын жетілдіргісі келген Бежин, Шанхай және т.б. қалалардың мұндай іс-әрекеттері туризмнен қосымша табыс түсірмекші. Сол себепті де Қытай, студенттері күлімсіреп жүрмесе де, бүкіл дүние жүзіндегі туризмнің орталығына айналып барады.
БҰҰ-ның Әлемдік туризм бойынша агенттігінің мәліметіне қарағанда, 2006-ншы жылы Қытайға 49 млн.-нан астам шетелдік турист барған. Бұл Франция мен Испанияға барған туристерден сәл кем. Бірақ, Ұлттар Ұйымының маркетинг агенттігінің директоры Джон Кестердің мәлімдеуінше, Олимпиада ойындары мен “Әлем-Экспо-2010” жәрмеңкесі Қытайдағы туризмнің дамуына зор серпін беріп, Қытай алдағы бірнеше жылдың ішінде Испанияны қуып жете алады.