Ресми Лондонның алдына әлгіндей талап-шартты Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттақи қойды. Оның қарсаңында ғана Иранның ұлттық телеарнасынан тұтқынға алынған ағылшын теңізшілері туралы бейнесюжет көрсетіліп, 15 теңізшінің ішіндегі Фэй Терней деген жалғыз әйел теңіздің Иранға жататын бөлігіне бұзып кіргендерін мойындады.
Ф.ТЕРНЕЙ: “Біз олардың теңіздегі шекарасын бұзғанымыз анық. Олар бізге достық көңілмен қарады, өте қонақжай, терең ойлы, жақсы адамдар. Олар біздің не үшін тұтқындалғанымызды түсіндірді. Ешқандай қырғи-қабақ көрсеткен жоқ, ешқандай зақым тигізген жоқ, ешқандай... Олар бізге үлкен жанашырлықпен қарады”.
Ресми Лондон осы бейнесюжеттің көрсетілуіне наразылығын білдіріп, әскери теңізшілер толық босатылғанша, Теһранмен арадағы барлық байланысын үзетінін мәлімдеді. Ұлыбританияның мұндай мәлімдемесін ағылшын қорғаныс министрі Дес Браун жариялады.
Д.БРАУН: “Менің Фэй Терней мен оның жолдастарын бейнесюжеттен көргенім анық және мен, шынында да, ол бейнесюжеттің табиғатына немесе оның қандай ниетпен көрсетілгеніне тоқталып жатқым келмейді. Біздің азаматтарды көпшілікке осындай халде көрсетуге тіпті болмайды”.
Өткен сәрсенбі күні Ұлыбританияның ресми шенеуніктері жоғары мәртебелі патшайымның қарулы күштеріне жататын “Корнуолл” кемесі жүзген теңіз бетінің картасы мен жолдары сызып көрсетілген материалдарды жариялап, ол кеменің Иранға қарайтын теңіз суын бұзбағаны туралы баспасөз құралдары арқылы ауқымды науқан өткізді. Иранның ағылшын теңізшілерін тұтқындауының қарсаңында БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде уран шикізатын байыту жұмыстарын доғарудан бас тартқаны үшін Иранға қарсы қолданатын жазаны қатаңдатуды көздейтін жаңа Қарар дауысқа салынуға тиіс болатын және өткен сәрсенбі күні Америка Құрама Штаттарының әскери теңіз күштері Парсы шығанағында Ираққа қарсы соғыс қимылдарын бастаған 2003-інші жылдың наурызынан кейінгі ең ірі әскери жаттығуын бастады.
АҚШ-тың соғыс ұшақтарын алып жүретін 2 алып кемесінің қатысуымен өтіп жатқан бұл жаттығу бүгін аяқталуға тиіс. Әскери жаттығу Иранның жағалауына жақын кеңістікте, бірақ теңіздің бейтарап – халықаралық суында өтіп жатыр. Онымен қарама-қатар бүгін БҰҰ-ының Бас хатшысы Пан Ки-Мун Таяу Шығыста тыныштық орнату тақырыбы бойынша Сауд Арабиясының астанасы - Әр-Риадта өтіп жатқан халықаралық конференцияның сыртында Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттақимен келіссөз жүргізді. Пан Ки-Мун мен М.Моттақи ағылшын теңізшілерінің тұтқындалуынан туған саяси дағдарысты талқылады, бірақ нақты ұйғарымға келмеген тәрізді.
Соңғы мәліметке сәйкес, Иран британдық теңізшілердің арасындағы жалғыз әйел – Фэй Тернейді мүмкіндігінше тез босатуға уәде беріп отыр.