Ауыл шаруашылығы бойынша ғалымдардың көбі бидайға түсетін “қара күйе” туралы көп оқыған бірақ оны өз көзімен көрмеген. Осыған дейін бұл микроб бақылау астында және ол қауіпті емес делінетін.
Алайда, оның Ug99 деп аталатын жаңа түрі Шығыс Африкада табылып, енді ол Иемен еліне таралыпты. Осыған байланысты Халықаралық Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы ұйымы өткен аптада дабыл қағуын бастады. Бұл ұйымның айтуынша, егер осы Ug99 микробы бидай өндіретін елдерге таралса, онда әлемдегі астық дән өндірісіне үлкен қауіп төнеді.
Мексикада орналасқан Ғаламдық Тотығу бастамасы тобының үйлестірушісі Ричард Уардтың мәлімдеуінше, аталған микроб Орталық Азия мен Иранда өсірілетін астықтың 90 пайызын жойып жіберуі мүмкін.
“Егін жинауға қатысты географиялық ақпарат жүйесі негізінде жасалған алғашқы болжамымыз бойынша бидайға түсетін қара күйенің жаңа түрі Иеменге таралған, ал Иранға ол бірнеше жылдан кейін келеді деп күтілуде”, - деді Уард.
Оның айтуынша, Ug99 микробы жел арқылы бұдан да тезірек таралуы мүмкін.
Ал бұл екі арада лимфома аурына шалдыққан АҚШ ғалымы Норман Борлаг қалған күш-жігерін Ug99 проблемасына қатысты ескертулер жасауға жұмсап отыр. Егер осы проблемаға байланысты тезарада әрекет жасалмаса, әлемге ашаршылық қауіпі қайта төнуі мүмкін, дейді Борлаг.