Экономикалық мәліметтер Орталығының “E-Readiness” немесе “Электрондық технологияларды дамытуға дайындық” деп аталатын жылдық шолуы, бастан-аяқ, Интернетке арналған. Алайда, деп ескертеді оның авторлары, шолу - үкіметтердің Интернетті пайдалануға кең мүмкіндік жасауынан өзге кең мәселелерді қамтиды. Оның ішінде жеке азаматтар мен ұйымдардың, компаниялар мен үкіметтердің экономика және әлеумет салаларында Интернетті мейлінше тиімді пайдалана білуін сараптайды. Міне осы критерийлердің барлығы, жаңа технологияның жетістіктерін қолдану жолында осы жылы мейлінше жедел дамыған елдерді анықтауға мүмкіндік береді. Денис Макколей (Denis McCauley) – экономикалық шолуды жазған авторлардың бірі.
Д.МАККОЛЕЙ: “Заңдық орта мен үкімет саясатының және көзқарастардың ортақтығын анық байқау үшін осы жылы біз өзіміздің “Электрондық технологияларды дамытуға дайындық” атты шолуымыздың кейбір критерийлерін қайтадан салмақтадық. Менің ойымша, осы тұрғыдан табанды түрде алға жылжыған Тайвань, Жапония және Оңтүстік Корея сияқты Гонгконг пен Сингапур сынды елдер ерекше бөлініп шықты”.
Д.Макколейдің атап көрсетуінше, 1-ден 10-ға дейінгі көрсеткіш бойынша қазір Гонгконг пен Сингапур - 8.60 және 8.72 көрсеткіштерімен Даниядан және АҚШ пен Швециядан кейінгі 4-інші және 6-ншы орындарда тұр. Оңтүстік Корея, Тайвань және Жапония сынды екінші топты құрайтын елдер – 16 мен 18-інші орындарда тұр және олар жедел ілгерілеп келеді. Әділдігін айту керек, 28 бен 48-інші орындардың аралығында орналасқан Шығыс Еуропа елдері де айтарлықтай жедел жылжып келеді. Оның ішінде 6.84 көрсеткіші бар Эстония көш бастап келе жатса, 5.1 көрсеткіші бар Болгария осы топтың соңында тұр.
Бұл, деп мәлімдейді Д.Макколей, онша жақсы көрсеткіш емес, алайда Еуразияның халі одан да мүшкіл. Мысалға, Ресей өткен жылмен салыстырғанда 5 сатыға құлдырап, 57-нші орында тұрған Қытайдан 1 саты төмен, 60-ыншы орында келе жатқан Украинаға жақын орын тепті. Д.Макколейдің түсіндіруінше, Ресей мен Қытайға және Украинаға ортақ көп нәрсе бар және осы елдерге пайдалы құбылыстар да жоқ емес.
Д.Макколейдің пікірінше, Қытайдағы келеңсіз құбылыстардың бірі болып табылатын “цензура” проблемасы барған сайын Ресейде де кең көрініс тауып келеді және келешекте бұл проблема 2 елді де төменгі орындарда қалдырады.
Төмен көрсеткіштеріне қарамастан, деп айрықша атап көрсетеді Денис Макколей, 4.27 ұпайы бар Ресей, 4.43 ұпайы бар Қытай және 4.02 көрсеткіші бар Украина мамандарды жаппай дайындау үстінде. Қазірдің өзінде олардың электрондық технологияларды экономика саласында айтарлықтай тиімді пайдалануға қабылеттері бар, әсіресе – экономика саласындағы қайсыбір жұмыстарды атқару үшін ІТ, яғни ақпараттық аутсорсинг технологияларын қолдануға қабылеттері жетеді.
Ресей мен Украинада компьютер бағдарламаларын жасайтын білікті мамандарды біріктірген көп компания бар. Аталған салада ол компаниялардың АҚШ-қа, Еуропа елдері мен Азия фирмаларына есе жібермейтіндей қабылеттері барған сайын артып келеді. Д.Макколейдің мәлімдеуінше, телекоммуникациялық жабдықтарды жасап шығару ісінде Қытай өзге елдердің мамандарын көптеп тарту үстінде және бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарын атқару саласында Қытай өзге елдердің мамандары үшін барған сайын тартымды орталыққа айналып келеді.
Ал Орта Азияға келгенде, Денис Макколей, кейбір жекелеген мемлекетті айтпағанда, бұл аймақта әзірше айтырлықтай даму байқалмайды деп мәлімдейді.
Д.МАККОЛЕЙ: “Қазақстанда ілгерілеу байқалды. Сіз көріп отырғандай, оның көрсеткіші өткен жылғы 3.22-ден биыл 3.78-ге дейін өсті. Бұл - Әзірбайжандікі сияқты жаман өсім емес. Бәлкім, басқа елдердегідей онша көп емес те шығар, бірақ осы елдегі инфрақұрылымды жетілдіруге бұл өсімнің бір бөлігінің қатысы бар”.
Д.Макколейдің айтуына қарағанда, Орта Азия елдеріндегі ІТ немесе ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымы мен коммуникациялары, шолуда көрсетілген өзге елдердегідей, онша жақсы халде емес. Бірақ, оның есесіне, үздік технологиялар ол елдерге тез еніп жатыр және олар жоқ болып тұрған қозғалмайтын телефон жүйесінің орнынан ала бастады және соның нәтижесінде экономикаға деген ықпалы да ұлғайып келеді.
Электрондық технологияларды қолдануға дайындық көрсеткіштері жағынан Иранның өткен жылғы 3.15 ұпайы биыл 3.08-ге дейін төмендесе, Әзірбайжанның көрсеткіші, керісінше, өткен жылғы 2.92 ұпайынан биыл 3.26-ға дейін өсіп, аталған ел экономикасының қарқынды дами бастағанын байқатты.