Санаулы күн бұрын ғана Т.Блэрден үкімет билігін қабылдап алған британ премьер-министрі Гордон Браун – “Әл-Қаида” ұйымымен тығыз байланысы болуы мүмкін топтың террористік шабуыл жасау қатері төніп, үлкен сынға тап болды. Жексенбі күні британ теледидарынан халыққа арнап сөйлеген сөзінде Г.Браун «Ұлыбританияны ешкім қорқыта алмайды» деп мәлімдеді.
Г.БРАУН: “Менің ойымша, бұл – Ұлыбритания мен британ халқына арналған ескерту болса керек. Біз оған бір кісідей қарсы тұра аламыз, бізді ешкім қорқыта алмайды және біз ешкімге өзіміздің британдық өмір-салтымызды бұзуға жол бермейміз”.
Жоспарланған 3 шабуыл да сәтсіз болды және ешкім қаза болған жоқ. Бірақ ішкі істер министрі Джекки Смит ханым Ұлыбританияға терроризмнен “айтарлықтай және ұзаққа созылатын қатердің төніп” тұрғанын ескертіп, халықты өте сақ болуға шақырды.
Тергеу ең басты жемісін сенбі күні берді. Осы күні полиция “Джип Чероки” автокөлігіне отырып Глазго әуежайының есігін соққан 2 адамды ұстады. Автокөлік соғылған сәтте өртене бастады. Сәті түсіп джиптің ішіндегі жанармай бөшкелері мен газ баллондары жарылмады. Британ полициясы бұл оқиғаны одан 1 күн бұрын Лондонда жарылмай тұрып аңғарылған 2 автобомбамен тығыз байланыстырды. 2 көлікке жанармай толтырылған бөшкелер мен газ баллондары және шегелер тиелген көрінеді. Дүйсенбі күні тағы 2 күдіктінің қолға түскені хабарланып, тұтқындалғандардың саны 7-ге жетті.
Штаб-пәтері Лондонда орналасқан Кеңесші топтың аға сарапшысы Дэвид Клеридж болған оқиғаның желісі туралы өз білгенін былай деп хабарлады.
Д.КЛЕРИДЖ: “Меніңше, тұтқындалған адамдардың Ұлыбританиядан шықпағанын білетін сияқтымыз. Бұл - оқиғаның өзгеше өрбуі болды. Сонымен қатар біз терроризмге қарсы ауқымды операцияның іске асырылғанын, Ливерпульде, сондай-ақ елдің солтүстігіндегі Гемпшир қаласындағы ғимараттарда тінту жүргізілгенін білеміз. Сонымен қатар полиция Мидлендс қаласындағы ғимараттарға тінту жүргізді. Осындай іздестіру шарасының барысында 1 адам ұсталды, Ұлыбританияның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын М6 автожолымен сапарға шыққан тағы 2 адам қолға түсті. Міне осылайша, хабарға қарағанда, қолға түскен 5 адамның бірі де британдық емес болып шықты”.
Күдіктілердің барлығын ұстауды мақсат еткен британ полициясы көп нәрсенің сырын ашпай отыр. Баспасөз құралдарының хабарлауынша, ұсталғандар Таяу Шығыстан шыққандарға ұқсайды. Британ премьері Г.Браун бұл сәтсіз шабуылдарды “Әл-Қаида” ұйымы іске асырмақ болды деп есептейді. Бірақ Дэвид Клеридждің мәлімдеуінше, премьер-министрдің айтқаны шындыққа жақын болуы да мүмкін, бірақ бұл шабуылдың “Әл-Қаида” тобына қатысы бар-жоқтығын әлі анықтау керек. Бірақ анық байқалған бір нәрсе – шабуылды іске асырмақ болған террористердің тым қарапайым тәсілді қолдануы – ол топқа қаржы-қаражат пен әдіс-тәсілі жетпеген.
Д.КЛЕРИДЖ: “Аңғарылған барлық автокөлік құралында газ бөшкелерінің болғанын біз білеміз. Ол газ баллондарының неге арналғанын мен білмеймін. Бір анығы – ол газ баллондары жарылған жоқ. Ол, шынымен де, жанармайды шрапнель арқылы өртеп, шегелер жан-жаққа атылып шашылғанда газ баллондарын тесіп жарылыс туғызады деген үміт болды ма немесе детонаторды қолданатын басқа - әлдеқайда күрделі тәсіл болды ма, оны мен білмеймін. Бірақ айдан анық нәрсе – олардың техникалық құрал-сайманы соншалықты қарапайым болып, олар сәтсіздікке ұшырады”.
Ұлыбританияның “Сан” секілді кемінде бір газеті хабарлағандай, ұсталғандардың бірі тегі ирандық дәрігер болып шыққан. Оны әзірше ешкім растаған жоқ.
Д.Клеридждің айтуынша, әдетте шийттік Иран сүннитердің экстремистік тобы болып табылатын “Әл-Қаидамен” байланыспайды, олардың қандайда бір байланысы болуы да мүмкін, бірақ егер ұсталған күдіктілердің бірі тегі ирандық дәрігер болса да – ол күдіктінің Иран үкіметімен тығыз байланыста болғанын дәлелдемейді.
Д.КЛЕРИДЖ: “Бұрын “Әл-Қаида” ұйымының Иранда байланысы бар немесе кем дегенде ирандықтар осы ұйымды елге жіберіпті деген, тіпті болмаса, бұрын Иран “Әл-Қаиданы” құрал ретінде пайдаланыпты деген кейбір қауесет болды. Ол қауесетті шын деп кесіп айту өте қиын. Көптеген адамның – “Әл-Қаиданың” жетекші өкілдерінің - біршама уақыт Ирандағы үйінде қамауда отырғаны туралы өсек болды және әлі де бар. Үйінде қамауда отыруы олар үшін қолдау мен көмек болғаны туралы да қауесет болды. Бірақ мен, ұсталғандың ішінде Иран азаматының болуы – Иранның “Әл-Қаидамен” тамыры тереңге кеткен байланысы барлығын дәлелдейді деп ойламаймын”.
Бұл оқиғаның жай-жапсары тергеу шаралары аяқталған соң мәлім болуға тиіс. Америка Құрама Штаттары да трансатлантикалық әуе қатынасының қауіпсіздігін күшейтті.
Ал Ұлыбританиядағы барлық дін қауымдастықтарының жетекшілері елдегі террористік іс-әрекетке наразылықтарын білдірді. Мұсылман Институтының директоры, доктор Гаясуддин Сиддиқуи (Ghayasuddin Siddiqui) бүкіл мұсылман қауымын полицияның тергеу жұмыстарына атсалысуға шақырды. Оның атап көрсетуінше, Ұлыбританиядағы мұсылмандардың басым көпшілігі мұндай зұлымдыққа “жиренішпен” қарайды.