Ниса қаласы – қызғылт-сарғыш тартқан тау-төбелердің басында тұр - сол төбелердің арасымен соғып тұратын самал желді пайдалану мақсатында тұрғызылған стратегиялық бекініс. Қала орналасқан аймақта күн қайнап тұрғанда, ежелгі қаланың өзі әлгі самалмен қоңыр-салқын болып тұрады. Ниса – қала болып гүлденіп тұрған шамамен 1.200-1.500 жыл бұрын жазғы күні ауаның қызуы 50 градустан да жоғарылап тұрған шөл даладан келген жиһангер үшін бұл қала жұмақ болып көрінер еді.
Ал бүгін Түркіменстан астанасынан онша алыс емес қашықтықта орналасқан Ниса қаласының мүжілген қабырғалары мен колонналарының діңгектері ғана қалған. Парижде орналасқан ЮНЕСКО ұйымының “Мәдени мұралардың дүниежүзілік Орталығындағы” Азия және Тынық мұхит бөлімінің меңгерушісі Фрэнсис Чайлд Ниса қаласының маңызын былай деп түсіндіреді:
“Бұл – тарихи және археологиялық маңызы зор дүние. Парфия империясы – ежелгі дүниенің ең қуатты да беделді өркениетінің бірі болды, Ниса – біздің эрамызға дейінгі 3-інші мыңжылдықтан біздің эрамызға дейін, біздің эрамыздың 3-інші мыңжылдығына дейін тұрды. Ол Римнің бақталасы болды. Парфия империясы – шығысы мен батысына ғана емес, сондай-ақ солтүстігі мен оңтүстігіне ықпал ете білген Орта Азиядағы ең ірі өркениеттің бірі болатын”.
Нисаның қалдығынан жергілікті сәулеттің ғана емес, сондай-ақ бактрия және роман сәулетінің де ықпалын байқауға болады. Осы аймақтың ыстық та құрғақ ауа райы қала қалдығының жақсы сақталуына себеп болған және Ф.Чайлд оны “Мәдени мұралардың дүниежүзілік Қорына” әбден лайық дүние деп атайды.
Ф.ЧАЙЛД: “Нисаның тұтастай және түпнұсқа күйінің өзі, жақын маңайдағы пейзаж, оның сақталуы және тағы бірқатар фактор – оның шынымен де жалғыз Орта Азия үшін емес, бүкіл дүние жүзінің мәдини мұралары үшін де маңызы зор екенін білдіреді”.
2-нші дүниежүзілік соғыстан кейін совет ғалымдары Ниса қаласында бірлі-жарым археологиялық қазба жұмысын жүргізді. Бірақ нағыз қазба жұмыстары Италиядағы Турин университетінің ұжымы келген 1990-ыншы жылдары басталды. ЮНЕСКО-ның оны мәдени мұра деп тануы – ежелгі қаланы тонаудан құтқаруы мүмкін. “Ұлы Қытай қабырғасы” сияқты көрші елді-мекендердің тұрғындары Нисаның тастарын ұрлап, құрылысқа пайдаланып келді. Ф.Чайлдтың айтуынша, Нисаның тізімге кіруі, сонымен қатар, ежелгі қаланы келешек ұрпақтар үшін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Ф.ЧАЙЛД: “Мәдени мұралардың дүниежүзілік Қоры бар және ұлттық үкіметтер осы Қордың тізіміне кірген мұраларды сақтауға және оларды бағып-күтетін ұлттық штатты оқытып, басқару құрылымын жетілдіруге көмек сұрай алады. Кейде біз аймақтық және тіпті халықаралық деңгейде оқыту ұйымдастырамыз. Біз осы іске атсалысқан ұлттық үкіметтермен және сарапшылармен арадағы байланысымызды, қызмет көрсетуімізді осылайша жалғастыра береміз... және бұл – Мәдени мұралардың дүниежүзілік Қорындағы біздің атқаратын өте маңызды ісіміздің құрамдас бөлігі болып табылады”.
Ф.Чайлдтың айтқан тағы бір пікірі бойынша, Ниса сынды ежелгі қаланы сақтап қалу – бір кезде Совет Одағының құрамдас бөлігі болып, төл тарихынан біржола айрыла жаздаған Орта Азия халықтарының өткен дәуірін қайта жаңғыртуына мүмкіндік береді.
Ф.ЧАЙЛД: “Кешегі советтік республикалар үшін бұл өздерінің мәдени дүниесінің тұтас мәселесі және олардың мәдени мұрасы – шынында да өте маңызды. Совет замамында олар түрлі айла-амалмен өздерінің өткен дәуірінен айрылып қалды. Осы күні біз кешегі совет республикаларынан, оның ішінде Түркіменстан, Қырғызстан және Қазақстаннан тұтас қалаларды тауып жатырмыз, олардың кейбірі мыңдаған жыл тұрып, өте биік өркениеттің болғанын дәлелдейді. Кейбір жағдайда, ол дүниелердің қайта ашылуы – ол республикалар үшін өткен-кеткен дәуірін, өзіндік тарихын қайта жаңғыртқаны болады және олардың кеше кім болып, бүгін кімге айналғанын мақтан тұтуына түрткі болады”.
Түркіменстанның мемлекеттік телеарнасының “Мәдени мұралардың дүниежүзілік қорына” Ниса қаласының да кіргенін естірткен мына хабарынан зор мақтанышты байқауға болады.
ТҮРКІМЕН ТЕЛЕДИДАРЫ: “Бұл – Түркіменстанның тізімге кіріп отырған үшінші ежелгі қаласы. 1999-ыншы жылы Түркіменстанның басқа тарихи дүниесі – Сұлтан Санжардың әйгілі кесенесі бар Мары қаласы – ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне қосылды. 2005-інші жылы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар комитеті Түркіменстанның солтүстігінде, Амударияның сол жағасындағы ең ірі археологиялық паркті - Көнеүргенішті тізімге қосу туралы шешім қабылдады. Ол – қазіргі Көнеүргеніш қаласына көрші орналасқан, талай тарихи ескерткіш пен олардың қалдықтары бар кең аумақ”.
Ф.Чайлдтың сөзіне қарағанда, Орта Азияда тіркелген мәдени мұралардың саны 1 мыңға тақады және ол келесі жылы осы тізімнің тағы да жалғасатынына сенімді.