Аризона университетінің психология бойынша доценті Маттиас Мэйл (Matthias Mehl) “әйелдер ерлерге қарағанда көп сөйлейді” деген ежелден қалыптасқан түсінікке таңырқап қарайтынын мәлімдейді. Мэйл – осы проблема бойынша “Ғылым” журналында жарық көрген ғылыми ізденістің авторы болып табылады. Бастапқы зерттеулер дәлелдеп үлгергендей, кеңсе немесе оқу мекемесінің аудиториясы сынды шағын бөлме-кабинетте өтетін пікірталас-талқылауларға ең алдымен ерлер көп араласады.
Өзінің ізденістері арқылы Маттиас Мэйл түрлі жағдайда қай жыныстың өкілдері көп сөйлейтінін анықтағысы келіп, өзінің сөзін тәулігіне 24 сағат бойы жазып жүруге ықылас білдіргендерді тапты. 1998-ден 2004-інші жылға дейін жалғасқан осы сынаққа Америка Құрама Штаттары мен Мексиканың әйелдері мен ерлерінің түрлі 6 тобы қатысты. Зерттеудің қорытындысына сәйкес, орташа есеппен әйелдер де, ерлер де күніне шамамен 16 мың сөзді айтатын болып шықты. Әр адамның өзіндік ерекшелігі – осы зерттеудің көп мақсатының бірі болатын. М.Мэйлдің ойынша, көп сөйлейтін кейбір жекелеген әйел ғана ежелден қалыптасқан пікірді растай алады.
Алайда, олардан да көп сөйлейтін 15 пайыз адамның тең жартысын әйелдер, екінші тең жартысын ерлер құрайтын болып шықты. Мэйлдің келген тұжырымы бойынша, “ерлероге қарағанда әйелдер көп сөйлейді” деген ежелгі түсінікті “жанжалды жағдай”, яғни халықаралық жанжал емес, үй ішіндегі жанжалдың растауы мүмкін.
М.МЭЙЛ: “Бұл, бәлкім, шынымен де жанжал болған жағдайдағы әрекетті сипаттайтын түсінік шығар. Жанжал болғанда ерлер сөйлемейді, жанжал болғанда әйелдер талап етеді немесе сөйлегісі келеді және, менің ойымша, оның іс жүзіндегі дәлелі бар. Оны талап қоюдың үлгісі деп атайды. Әйелдер талап қояды, ерлер жанжалдан қашады. Ондай жанжалдың маңызының зорлығы соншалықты, менің ойымша, біз оған ерекше мән береміз. Содан барып біз “әйелдер көп сөйлейді” деген тұжырым жасаймыз, -деп ойлаймын”.
Бірақ М.Мэйлдің ескертуінше, бұл әлі тексеруді талап ететін теория. Оның хабарлауынша, өзінің зерттеуі кейбір стереотиптік көзқарасты іс жүзінде растайды. Мысалға, әйелдер мен ерлердің тіпті сан-алуан тақырыпты талдайтыны расталды.
М.МЭЙЛ: “Біз көз жеткізгеніміз: әйелдер қарым-қатынасты, сәнді киім-кешекті көп талқылайды және онысы, менің болжауым бойынша, олардың гендердік құрылысына әділ сай келеді”.
Егер Маттиас Мэйлдің зерттеуіне 17 мен 29-дың арасындағы адамдардың қатысқаны ескерілетін болса, бәлкім, басқа жастағы адамдардың өзге тақырыптарды талқылауы да әбден мүмкін. Алайда, М.Мэйлдің өз ізденістерінен туған тұжырымы бойынша, кімнің көп сөйлейтініне келгенде, әйелдер мен ерлердің арасында тумысынан пайда болатын айырмашылық жоқ.