Ресейдің сейсенбілік басылымдарына сенсеңіз, британ үкіметінің 4 Ресей дипломатын елден қуу туралы шешімі “дипломатиялық соғыс” шығарды. “Коммерсант Ъ” газетінің осы күнгі саны бұл теке-тіресті “теңдесі жоқ үлкен жанжал” деп сипаттаса, үкіметшіл “Российская газета” басылымы Ресейдің соңғы 6 жылда жолдаған 21 сұрауын Ұлыбританияның қанағаттандырмағанын тізіп келтіреді. Бұл жанжал – Андрей Луговойды ұстап беруді өтінген сұрауын Мәскеудің орындаудан бас тартуынан кейін Ұлыбитания оның Лондондағы 4 дипломатын қуатынын жариялаған дүйсенбі күні шықты. Британ үкіметі А.Луговойды Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері, кейін британ азаматтығын алған А.Литвиненконың Лондонда қаза болуына қатысы бар деп есептейді. А.Литвиненко радиоактивті полоний-210 затымен уланып, өткен жылдың қараша айында Лондонда көз жұмды.
Дүйсенбі күні британ парламентінің Өкілдер палатасында сөйлеген сөзінде британ сыртқы істер министрі Д.Милибэнд үкіметтің осындай қатаң шара қабылдаудан басқа амалы қалмағанын атап көрсетті.
Д.МИЛИБЭНД: “Бұл проблеманың маңыздылығы мен оның шешімін табуға Ресейдің атсалысудан бас тартуы – бізді оған тиесілі жауап қайтарумызға мәжбүр етті. Біздің мақсатымыз айдан анық: біріншіден, біз сот үдерісін бастауымыз керек; екіншіден – Ресей үкіметіне бізге атсалысудан бас тартуының салдары болғанын байқату, ал үшіншіден – британ азаматтары мен қонақтардың қауіпсіздігін қорғауға деген өзіміздің міндетімізді аңғарту”.
Д.Милибэндтің осы мәлімдемесінен кейін Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Михаил Камынин ондай әрекеттің ауыр салдары болатынын ескертті.
М.КАМЫНИН: “Лондонның ұстанымы моральға лайық емес. Оған қоса, британ үкіметінің ойластырып отырған арандатушылық әрекеті – жауапсыз қалмайтынын және жалпы ресейлік-британ қарым-қатынасы үшін оның ауыр салдары болмай қалмайтынын Лондондағылар жақсы түсінуге тиіс. Осыдан бірнеше сағат бұрын өзара телефон арқылы болған әңгімесінің барысында Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров өзінің британдық әріптесіне осылай деп ашық мәлімдеді”.
М.Камынин Ұлыбританияны “Литвиненконың ісіне” саяси реңк беруге тырысады деп айыптап, Ресейдің А.Луговойды ұстап бермеуін белгілі кәсіпкер Б.Березовский мен чешен сепаратистерінің шетелдегі өкілі Ахмед Закаев сынды Мәскеудің ата жауларын ресми Лондонның ұстап бермеуімен ақтауға тырысып бақты. Бірақ британ сыртқы істер министрі Д.Милибэнд А.Литвиненконың қазасына байланысты күдік түскен А.Луговойға қарсы бұлтартпайтын дәлелдердің жиналғанын мәлімдеді.
Д.МИЛИБЭНД: “Лондон полициясы Андрей Луговойға қарсы айтарлықтай айғақ-дерек жинады. Менің растай алатыным мынау: мұндай ауыр қылмыс – Луговой мырза өте радиоактивті полоний-210 затының кісі өлтіретін дозасымен Литвиненконы улаған 2006-ншы жылдың қарашасында Лондонда болды деп есептеледі”.
Өткен аптада Мәскеу Ресей азаматтарын өзге елдерге ұстап беруге Ресей конституциясының рұқсат бермейтінін уәж етіп, А.Луговойды ұстап беруден ресми түрде бас тартты. Бірақ британ сыртқы істер министрі атап көрсеткендей, Ресейдің бас тартуына қарамастан, А.Луговой – Ұлыбританиямен тиесілі келісім-шарты бар үшінші елге сапарға барған жерінде ұсталып, британ сотының алдында жауапқа тартылуы мүмкін.
“Азаттық” Радиосына берген сұхбатында Ресейлік agentura.ru веб-сайтының бас редакторы әрі қауіпсіздік мәселесі бойынша сарапшы Андрей Солдатов Мәскеу өзінің дипломаттарын қуған Лондонға дәл сондай жауап беруі де мүмкін деп мәлімдеді.
А.СОЛДАТОВ: “Сыртқы істер министрлігі тарапынан іс-әрекет жасалатын тәрізді. Ресейдің сыртқы істер министрлігі осы сияқты сайқымазақ оқиғаны ойдан шығарып, тағы да 4 дипломатты қуады”.
Сейсенбі күні Ресейдің сыртқы істер министрлігі осы проблемаға осы күні күндіз өзінің ресми жауабын беретінін мәлімдеді. Егер Ресей ондай жауабын беретін болса, онысы, Андрей Солдатовтың пікірінше, бірінші әрекеті емес.
А.СОЛДАТОВ: “Бұл – Ресей мен Ұлыбритания арасындағы бірінші “шпиондық жанжал” емес қой! Жаңа заманда – 90-ыншы жылдары – дипломаттарды елден қуған оқиға екі жақтан да болды”.