Өзі бастаған “Нұр-Отан” партиясы парламенттің төменгі палатасы – Мәжілістегі барлық депутаттық мандатқа ие болғаны жарияланған соң, президент Н.Назарбаев “бір партиялық парламентті трагедияға айналдырмауға” шақырды.
Н.НАЗАРБАЕВ: “Әлем тарихында бір партиядан тұрған, бірақ соған қарамастан өте екпінді іс атқарған парламенттердің талай мысалы болды. Оған қоса біз оппозицияның келісімді ұсыныстарын міндетті түрде ескеретін боламыз”.
Алайда саяси оппозиция бір партиялық парламенттің сайлануын – совет режиміне қарай кейін шегіну деп бағалады. Өзге көрші елдердің саяси бақылаушылары мен саяси оппозициясы Қазақстандағы ахуалды Орта Азия аймағының елдері “үлгі-өнеге” етіп алуы мүмкін деп алаңдау үстінде.
Көпшілік жұрт Қырғызстанды Орта Азияның “нағыз демократиялық мемлекеті” деп санайды. Бірақ Бішкектегілер де Қазақстандағы парламент сайлауының ресми қорытындысын Қырғызстанның саяси құрылымына теріс ықпал етуі ықтимал деп алаңдайды. “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында Бішкекте тұратын тәуелсіз саясаттанушы Әділ Тұрдығұлов ресми билік келесі сайлауда “қазақтардың әдіс-тәсілін” қолдануы мүмкін деген ойын ортаға салды.
Ә.ТҰРДЫҒҰЛОВ: “Бұл кезектен тыс парламент сайлауын өткізуге Н.Назарбаевтың өзі бастамашы болды. Оның сондағы басты мақсаты - өзінің төңірегіне ең жақын адамдарды жинап, не болса да өзінің билігін нығайту...”
Рахматулло Валиев (Rahmatullo Valiev) – көрші Тәжікстандағы Демократиялық партия төрағасының орынбасары. Оның атап көрсетуінше, билік басындағы “Нұр-Отан” партиясы парламентте басым дауысқа ие бола қояды деп ешкім күтпеген. Ал саяси оппозицияның бірде-бір өкілінің парламентке өте алмауы ол үшін тіпті күтпеген жайт болған.
Р.ВАЛИЕВ: “Өзінің парламенті бірнеше саяси топтан құрылып және ол топтардың заң қабылдау үрдісіне атсалысып, өз пікірлерін еркін ортаға салып, заңға өзгеріс енгізу мүмкіндігі болған елде ғана “көп партиялы” жүйе бола алады. Ал Қазақстан енді дәл совет мемлекеті тәрізді бір партиялы елге айналды”.
Егер Қазақстанның жаңа парламентінде оппозицияның бірде-бір өкілі болмаса да, жаңа парламенттің алдыңғысынан айырмашылығы жоқ. Міне бұл жағдай – ұлттық парламенті елдің саяси тыныс-тіршілігіне белсенді атсалысатын Қырғызстанды – Орта Азия елдерінің ішінен оқшау етіп көрсетеді.
Өзбекстанда оппозицияның бірде-бір партиясына парламент сайлауына түсуге рұқсат берілмеді. Парламентте өкілі бар 5 саяси партияның барлығы да президент И.Кәрімовтің саясатын бірауыздан қолдайды.
Түркіменстанда бір ғана саяси құрылым – Түркіменстанның Демократиялық партиясы бар. Саяси бақылаушылардың ортақ пікірінше, Тәжікстан парламентінде оппозицияның 2 ғана шынайы өкілі бар. Екеуі де – Исламның қайта өрлеу партиясының мүшесі. Президент Э.Рахмонның Халықтық-демократиялық партиясы парламенттегі басым көпшілікті құрайды, ал Коммунистік партиядан сайланған санаулы ғана депутаттың “оппозиция” деген атауы ғана бар.
Рахматулло Валиевтің мәлімдеуінше, саяси пікірталас, ашық пікіралмасу жоқ парламент “қолға үйретілген парламентке” айналады. Бірақ штаб-пәтері Лондонда орналасқан “Чатем хаус” (Chatham House) орталығының қызметкері Шырын Акинердің пікірінше, Қазақстандағы сайлаудың қорытындысы – аз да, көп те емес – қазақ халқының таңдауы. Оның айтуынша, Қазақстандағы сайлау бұқара халықтың оппозициялық партияларға онша сенбейтінін аңғартты, халық нәтижелі іс атқаратын саяси жүйені қолдап дауыс берді.
Ш.АКИНЕР: “Менің ойымша, халық кіршіксіз саяси жүйе қалыптастыру үшін өмір сүрмейді. Әрбір халық өзінің шамасына қарай, өзі қалаған өмірімен ғұмыр кешеді. Ал енді Қазақстандағы қалыптасқан саяси жүйе халықты жақсы тұрмысқа жеткізсе, жарқын келешегіне үмітпен қарауына мүмкіндік берсе, әрине ол ең маңызды нәрсе”.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 13-інші сессиясында сөйлеген сөзінде президент Н.Назарбаев, сондай-ақ: “...сайлаушылар ел ішіндегі саяси тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз ете алатын партияны қолдап дауыс берді”, - деп мәлімдеді. Алайда, тәуелсіз саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірінше, қазіргі саяси жүйенің көзгі ұрып тұрған “тұрақтылығы” таяу келешекте сыр беріп, қатты шайқалуы мүмкін. Егер Н.Назарбаев бір партиялық саяси жүйе жақсы басқарылады деп ойласа, деп ескертеді Д.Сәтпаев, онда президент стратегиялық қате жіберді. Саяси сарапшының пікірінше, Н.Назарбаев биліктен кетісімен ондай партия да із-түссіз жоғалады.