Күн сайын таң сәріде 35 жастағы Кака Аджмаль (Kaka Ajmal) Кабулдағы президент сарайына жақын жерге орналасқан және үстінен брезент тартылған шағын дүкенін ашуға барады. Өзге сатушылар сияқты Аджмаль да өзінің тауарларын түнде қарулы күзет қорғайтын қоймада сақтайды. Таңертең ол бар тауарды өзінің дүкеніне тасып алады. Күн қызып үлгергенше Аджмаль тәрізді саудагерлер Кабул тұрғындарының “Буштың базары” деп атап кеткен жер телімін адам танымастай құлпыртып жібереді.
“Буштың базары” НАТО-ның басқаруына қарайтын халықаралық қауіпсіздік күштерінің соғыс базасына алып баратын Кабулдың қақ орталығындағы жолдың бойына жайғасқан. Кака Аджмальдің түсіндіруінше, базар бейресми түрде, аяқастынан АҚШ президенті Дж.Буштың атымен аталып кетті.
К.АДЖМАЛЬ: “Біздің базарымызға осындай атау берген қарапайым адамдар болатын. Ауғанстанда совет армиясы болған кезде, оны “Брежневтің базары” деп атайтын. Ал қазір біз негізінен АҚШ-та өндірілген тауарларды сатамыз. Міне сондықтан да жұрт бұл жерді “Буштың базары” деп атайды”.
Көк джинсы мен ауған әскерінің жеңсіз кеудешесін киген Аджмальдің айтуынша, Талибан билігі құлағаннан кейін “Буштың базары” талай саудагер үшін тұрмыс-тіршілігінің тірегіне айналды.
К.АДЖМАЛЬ: “Бұрын бұл өте лас жер болатын. Біздің жұмысымыз болмай, біз осында келдік. Біз осы жерді тазаладық та, базар тұрғыздық. Алғашқыда біздің қатарымыз 20 шақты болды”.
Кәрім-уль Аллаһ (Karim-ul Allah) – “Буштың базарында” сауда жасайтын, басына сәлде ораған, ұзын сақалына ақ кірген 50 жастағы ұзын бойлы кісі. Оның сөзіне қарағанда, көбіне Баграмдағы шетелдік әскери әуе базасында және Кабулдың шығысындағы басқа да соғыс базаларында қызмет істейтін ауғандықтардың өткізген тауарларын сатады.
КӘРІМ-УЛЬ АЛЛАҺ: “Бұлар – шетелдің өнімдері. Бұлар шетел әскерлерінде тілмәш немесе жұмысшы болып істейтін ауғандардан келіп түседі. Олар мына азық-түліктің және өзге заттардың барлығын сатуға өткізіп кетеді. Кейде шетелдіктер жергілікті тұрғындары мұндай азықты тұтынбайтын облыстарға осындай азық-түлікті көмек есебінде үлестіріп береді. Ал олар ол азықты бізге өткізеді”.
Үкіметтік емес шетелдік ұйымдардың қызметкерлері осы елге өздері алып келіп үлестіріп берген азық-түлік көмегі 24 сағаттың ішінде саудаға қайта түскенін айтып, шағымданады. Батыстың азық-түлігін сатушылар, осылайша, Ауғанстанда “қара базардың” пайда болуына себеп болуы мүмкін, дейді олар. Әйтсе де, көп жағдайда “Буштың базарындағы” азық-түлік өзінің тұтыну мерзіміне тақап қалған өнім болады және олар, шынында да, тұтыныстан шыққан немесе шет ел әскерлері бере салған тауарлар болуы да мүмкін.
Кәрім-уль Аллаһтың айтуынша, тауардың тұтынуға жарайтын мерзімі көрсетілген жазуын оқи алмайтын ауғандарды бұзылған азықты сатып алудан сақтау үшін осы күні ауған шенеунектері базарды қадағалайтын болды.
КӘРІМ-УЛЬ АЛЛАҺ: “Бұрын біз, әдетте, мерзімі өткен кейбір тауарды сата беретінбіз. Қазір сатпаймыз. Осындағы Сіз көріп тұрған әрбір заттың тұтыну мерзімі дұрыс. Азық-түлік пен сусындардың жарамдылығын тексеру үшін Ауғанстанның денсаулық сақтау министрлігінің бақылаушылары осында жиі келіп тұрады”.
Ауған заңдары мұсылмандардың арақ-шарап сатып алуына қатаң тыйым салады. Бірақ, қанша дегенмен де, “Буштың базарынан” – шетелдік соғыс базаларынан немесе шетелдіктерге арналған дүкендерден алынған сыра да табылып қалады. “Буштың базары” – қарапайым Кабул тұрғындары үшін өзге жерде өте қымбат тұратын және сол себепті де қолы жете бермейтін нағыз Батыс тауарын арзанға сатып алатын жері. Зелгай деген ауған жігіті сол себепті де “Буштың базарына” жиі келеді.
ЗЕЛГАЙ: “Мен “Буштың базарына” азық-түлік пен басқа да зат алу үшін келдім. Мен мұнда жиі келемін – аптасына 2, не 3 рет... Мен ет сатып аламын. Сіз бұл жерден белок пен басқа пайдалы затқа толы азық-түлікті таба аласыз. Тұтыну мерзімі өтпеген және сапасы да жақсы”.
Герат және Кандагар сынды алыс елді-мекендерде тұратын ауған спортшылары бұлшық еттерін өсіріп жаттығуға қажетті белокқа толы қоспаларды да осы “Буштың базарынан” табатындарын айтады. Сабын, сақал-мұртты қыруға керекті крем және т.б. сан-алуан тауар да осы базардан табылады.