Қырым астанасы Симферопольдағы мешітте марқұм Идриз Ефенди деген кісінің туыстары оның рухына арнап дұға оқыды. Олардың айтуынша, ұлты татар болған Ефенди кедейшілікте қайтыс болса да, бірақ ол өмірінің соңғы үш жылын өзінің туған жері Қырымда өткізгеніне бақытты еді.
Ал оның әкесі Желал Ефендиге Совет өкіметі Өзбекстаннан Қырымға оралуына рұқсат етпеген болатын. Өздеріңізге мәлім қазір Қырым Украина бөлігі болып табылады.
Көптеген татар азаматы Ефендидің жағдайына тап болған. Себебі 1944 жылдың мамыр айында Сөвет өкіметі Қырымдағы 190 мың татарды жүк поездарына отырғызып, Орталық Азияға, негізінде Өзбекстанға қоныс аудартқан болатын.
Осындай коллективтік жазалау шарасы бүкіл Қырым татарларын Екінші Дүниежүзілік Соғыста нацисттік Германиямен ынтымақтасты деп айыптаған Совет диктаторы Йозеф Сталин тарапынан бұйырылған еді.
Жаппай депортациялау шарасы орын алған 1944 жыл Қырым татарлары тарихындағы ең ауыр кезең болды. Елінен көшірілген татарлардың шамамен жартысы сол кезде немесе кейінірек қаза болған.
1967 жылы қыркүйектің 5-інде шығарылған қаулы татарларға тағылған айыптардың бәрін жойып тастаса да, Қырым татарларына азғантай ғана жеңілдік берілді.
Совет Одағы ыдыраған соң құрылған Қырым татарларының мүддесін жақтайтын Заң шығару орны Межлис бастығының орынбасары Рефат Чубаровтың айтуынша, Совет өкіметінің Қырым татарларына нағыз ақтауды беруге ешқашан ниеті болмаған.
“Қырым татарлары қозғалысының өсуі, сол кездегі Совет өкіметі саясатының сыртқы көрінісі, алда келе жатқан Октябрь рефолюциясының 50 жылдығы, ең әуелі Қырым татарларының қысымынан кейін Совет өкіметі қырым татарлар проблемасын шешіп жатырмыз деп әшейін айтуға мәжбүр еді”, - дейді Чубаров.
1967 жылғы қаулыдан кейін Қырым татарларының өз жеріне оралуын жеңілдету үшін үкімет ешнәрсе жасамады.
Керісінше, ресми билік - еліне оралып, Қырымда төлқұжат алғысы келгендер үшін ережелерді қатайтты. Мысалы Қырымда үй тапқандардар тұрақты тұру жөніндегі рұқсат ала алмай қиналатын. Ал бұл өз кезегінде олардың жұмыс табуына кедергі болған.
1960 жылдары өз жеріне қайтқысы келген Желал Ефенди сияқты көптеген татар азаматы ең соңында Орталық Азияға қайтадан жіберілген тұғын.
Сосын 1980-ші жылдардың аяғында ғана Қырым татарлары үшін Қырымға қайтуына кеңінен жол ашылды. Бірақ саяси талдаушы Микола Семена мен тағы басқа көптеген адам Совет Одағы құлаған соң Қырым татарларына кедергілер жасауда деп Мәскеуді кінәлайды.
“Халықаралық проблемаларды осы мәселелерге қатысты мемлекеттер шешуі керек. Бұл жағдайда, Қырым татарлар проблемасымен Ресей айналысуы тиіс. Құқықтар мен заңды міндеттемелерге келгенде Ресей өзін Совет Одағының ізбасары ретінде көрсетеді. Ал жауапкершіліктер мен проблеманы шешу үшін басқа елдерге көмектесуге келгенде, Ресей өзін алшақтатып, бұл - анау немесе мынау елдің ішкі мәселесі деп айтады”, - дейді талдаушы Семена.
Қазір Қырымдағы татарлардың саны шамамен 300 мыңға жеткен. Украина үкіметі соңғы он жылда татарлардың Қырымға орналасуына 10 миллион доллардай қаржы бөлді.
Бірақ Қырым татарларының айтуынша, олар әлі де дискриминацияға тап болуда. Сол үшін әлгі қаулының 40-жылдығы тойланбаған да шығар.