Бір қарағанда, барлығы да жоспарға сәйкес болғандай көрінеді. Премьер-министр М.Фрадков сөзге келмей үкімет басынан кетті. Кремльге жақындығы бар саяси сарапшылар жаңа үкіметтің басына 1-інші вице-премьер С.Ивановтың тағайындалатынын және ол, сөйтіп, президент В.Путиннің “мұрагері” болуға көптен күткен “батасын” алады деп баспасөз құралдарын сендіріп келді.
Ал осы кезде В.Путин үкімет басына көпшілікке бейтаныс В.Зубковты тағайындап, Мәскеудегі “кремльшіл” бақылаушылар да, өзге саяси сарапшылар да, әрине, аң-таң қалды. Зубков деген кім? Путиннің мақсаты не? Жоспар аяқ астынан өзгерді ме?
Саяси сахнаға шыққаннан бері В.Путин өзі мен үкіметті және өзі басқарған мемлекетті де өзінің жіті бақылауынан шығармайтын өте білгір маман, парасатты және тіпті сабырлы адам ретінде көрсетуге тырысып бақты. Ресейді көптен бері бақылап жүрген Куин-Джадж (Quinn-Judge) сынды кейбір сарапшы В.Путиннің сәрсенбі күнгі қадамы лидердің ұқыптылығын жоғалта бастауының белгісі болуы мүмкін деп есептейді. Куин-Джадждың сөзіне қарағанда, іс жүзінде Кремльдің “кілтін” “мұрагеріне” тапсыратын мезгіл жақындай түскен сәтте жүйкесі тозған В.Путиннің бейберекет шешім қабылдауы да ықтимал.
КУИН-ДЖАДЖ: “Осыдан 2 жылдай бұрын ғана бәрі де керемет сияқты еді. Уақыт жақындаған сайын, менің ойымша, ол осы дүниеде өзінен басқа тағы кімге сенім артуға болады деген ойға қалады”.
Кейбір бақылаушының атап көрсетуінше, маңызды шешімдер қабылдайтын В.Путиннің маңайындағылар келесі жолы кім президент болуға тиіс деген сауалға жауап таба алмай тұйыққа тірелді. Куин-Джадждың пікірінше, В.Путин міне осы тұйықтан шығудың жолын таба алмаса, онда ахуалды да бақылауынан оп-оңай шығарып алуы мүмкін.
КУИН-ДЖАДЖ: “Ол – ел үшін, елдегі қазіргі бірнеше маңызды саяси фракция үшін өте ыңғайлы лидер және кісілер осы жағдайдан жақсы пайда көрді. Бірақ, тағы да осы адамдар өздерінің жағдайын келешекте басқа біреудің тіпті жақсы қорғай алатынын сезуі де әбден мүмкін”.
Бейсенбі күні Белгород облысында журналистермен әңгімелескен кезінде де В.Путин, әдеттегідей, өзіне сенімді кісідей көрінді. Ол сәрсенбі күнгі шешімін сайлау маусымының қарсаңында Ресей үкіметін қайта құруға бағытталған алғашқы қадамы ретінде сипаттады.
В.ПУТИН: “Менің көзқарасым бойынша, биліктегі үлкен орын алмасулар мен билік жүйесіндегі зор өзгерістерге байланысты тоқырап қалу болмас үшін және басқару жүйесінің өзін жетілдіру мақсатымен нақты жаңа тағайындауларды қазір жасап, қажетті қадамдарды қазір жасау керек. Осылайша біз 2007-нші жылдың желтоқсаны мен 2008-інші жылдың наурызынан кейінгі кезеңдегі әкімшілік және атқарушы биліктің дамуы мен құрылымының бағыт-бағдарын көрсетуіміз керек”.
Ресейдің Ғылым Академиясындағы саяси элитаны зерттейтін Институттың директоры Ольга Христановскаяның атап көрсетуінше, сәрсенбі күнгі жұртты таңырқатқан шешімімен В.Путин Ресейдің саяси жүйесін асқан шеберлікпен жоспарлай алатынын байқатты.
О.ХРИСТАНОВСКАЯ: “Бұл жақсы ойластырылған шешім және оның сыртында саяси жүйеден тыс ешбір адам білмейтін қандайда бір интрига, сценарий тұр – оны шағын топ қана біледі. Менің ойымша, барлығы да әлдеқашан ойластырылған кесте және жоспар бойынша жүзеге асырылды. Міне соған байланысты, әрине, Зубковтың тұлғасына мұқият назар аудару керек. Өйткені, ол В.Путиннің “мұрагері” болуы да мүмкін”.
О. Христановскаяның сөзіне қарағанда, В.Зубков - В.Путиннің жақын қоршауындағы топтың өз ішінде уәжге келуі бойынша таңдап алынды. Ол топты Христановская “Путиннің Саяси бюросы” деп атайды.
О.ХРИСТАНОВСКАЯ: “Стратегиялық шешім қабылдап, өзара уәжге келе алатын тұлғалардың шағын тобы, оның жақын қоршауы немесе “Саяси Бюросы” бар. Зубков бойынша шешім өзара уәжге келуден шығып отырғанға ұқсайды. Қайсыбір команда екіншісін жығып кетті деуге болмайды. Путиннің “Саяси Бюросына” кіретін тұлғалардың шағын тобына “мұрагерді” таңдау үшін ең тиімді шешім – ол адамның сол “Саяси бюроның” ішінен шықпағаны болды. Егер “мұрагер” өздерінің ішінен шыққан болса, онда қандайда бір беймаза бақталастық туар еді. Ал мынау барлығына да уәж болды”.
О.Христановскаяның пікірі бойынша, В.Зубковтың тағайындалуы байқатқандай, Кремльдегілер “техникалық президент” сценарийі бойынша, 4 жылдан кейін В.Путиннің президент билігіне қайта оралу мүмкін деп сенеді. Ол үшін “осал” әрі егде жастағы президент бір мезгіл ғана отырып, 4 жылдан кейін В.Путин қайта сайлануға тиіс.
О.ХРИСТАНОВСКАЯ: “Мынайда сұрақ туып отыр: тек 4 жыл президент болып отыруға өз ықтиярымен кім келіседі? кім биліктен өз еркімен кетуге келіседі? және халық кімді қолдап дауыс беруге дайын? Ондай адамның өте жас әрі қайратты болмайтынын түсінікті. Ол егде жастағы саясаткер болуға тиіс”.
В.Зубков 15-інші қыркүйекте 66-ға толады. Оның жасы да келіп алды, ол тіпті мансапқор емес және оған қоса В.Путинді Санкт-Петербор қаласының үкіметінде бірге қызмет еткен 1990-ыншы жылдардан бері жақсы біледі. О.Христановскаяның айтуынша, В.Зубковты В.Путинның “мұрагері” болуға дайындау үшін оған үкіметті қайта құру міндеті жүктеліп отыр.