Бес мемлекет басшыларының “Каспий саммитінің” қорытындысы бойынша қабылдаған бірлескен Декларациясында теңіздің табиғи ортасы мен қара уылдырық беретін бекіре балығының жағдайы өзара “дереу күш біріктіріп, қоян-қолтық әрекет етуді талап ететіні айтылады. Сонымен қатар қол қоюшы тараптар Каспий мен оның табиғи ресурстарын игеру барысында теңіздің табиғи ортасына және теңіз жағалауындағы көршілеріне тигізген кез-келген зияны үшін әрбір жақтың жауапты болатынын толық растады. Теһрандағы кездесудің барысында сөйлеген сөзінде Ресей президенті В.Путин Каспий теңізіне экологиялық апаттың қатерін төндіруі мүмкін шикізат көздерін игеру жобаларына жағалаудағы барлық 5 мемлекеттің келісім беруі керек дегенді ұсынды.
В.ПУТИН: “Менің түсінігім бойынша, бүкіл Каспий теңізінің экологиялық жағдайына айтарлықтай қатер төндіре алатын жобалар - “Каспий бестігінің” ішінде міндетті түрде бастапқы талқылаудан өтпей жатып және ортақ теңіз болып табылатын Каспийдің мүддесі үшін ортақ шешімдерге келмей жатып іске асырылуға тиіс емес және іске асуы мүмкін болмауға тиіс”.
Сонымен қатар В.Путин мәлімдегендей, көмірсутегі шикізатына бай Каспийдегі барлық жоба, әсіресе шикізат қорларын игеру мен тасымалдау жобалары үшін экологиялық қауіпсіздік мәселесі ең басты талап-шартқа айналуға тиіс. Ал қоршаған ортаны қорғайтын ұйымдардың пікірінше, теңіз табанындағы көмірсутегі шикізатының көздеріне инвестицияның мол келуі қоршаған орта мен жергілікті халықтардың тұрмыс-тіршілігіне жиі зиян тигізіп келді, мұндай ахуал әріресе Әзірбайжан мен Қазақстанда байқалды. Америка Құрама Штаттары да, Еуропа Одағы да Каспий жағалауынан Ресейді айналып өтетін құбыр тарту жобаларын қоштады.
Қазақстан президенті Н.Назарбаев Каспийдің биоресурстарын пайдаланудың ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесін жасауды ұсынды. Сонымен қатар қазақ лидері теңіз балығын аулаудың әр елге тиесілі қазіргі үлесін қайта қарауға шақырды. Қазіргі үлес бойынша, аулауға болатын бекіре балығының 45 пайызы Иранның үлесінде, Ресейдің үлесіне 27 пайызы тисе, қалған 28 пайызын ғана 3 мемлекет - Әзірбайжан, Түркіменстан және Қазақстан өзара бөлісуге мәжбүр. Н.Назарбаевтың мәлімдеуінше, мұндай бөліс қазіргі заманға қайшы келеді.
Әзірбайжан президенті И.Әлиев Каспий теңізінің экологиясын сақтау үшін тиімді экологиялық, экономикалық, ғылыми және техникалық өлшемдерді қабылдау керектігін ескертті. Теңіз жағалауындағы барлық 5 мемлекеттің президенттері Каспий теңізінің экологиясы бойынша ынтымақтастықтың құқықтық негізі бола алатын теңіздің биологиялық ортасын қорғайтын жаңа құрылым құру туралы Келісімге келді. Құжатта теңіздің биологиялық ресурстарын қорғаудың, сақтаудың, қайта қалпына келтірудің және үнемді пайдаланудың шарттары қарастырылған. Сейсенбі күнгі “Каспий саммитінде” қабылданған бірлескен Декларацияда осындай ауқымды да маңызды мақсат-міндеттердің әлгі Келісімге қосымша хаттама ретіндегі құжатта пысықталуға тиіс екені айтылады.