Желтоқсанның 23-күні Өзбекстанда өткен президент сайлауының алдын ала ресми қортындысы дүйсенбі күні кешке хабарланып, осы елде 18 жыл бойы билік басында отырған Ислам Каримовтың жеңіске жеткені жарияланды. Қазақстандық саяси сарапшылар «кім президент болатыны бұрыннан белгілі болған» деп отыр.
«Менің ойымша, Өзбекстандағы өткен сайлауды президенттік сайлау деп айтуға болмайды. Өйткені ол бастан-аяқ, үміткерлерді ұсынудан бастап, сайлаудың нәтижесін анықтауға дейін, толығымен Ислам Каримов басқарып отырған президент әкімшілігінің қолында болып отырған нәрсе. Ондағы халықтың 90 пайызының сайлауға қатысты дегені, ол осы ТМД, әсіресе Орта Азиядағы қалыптасқан дәстүр мен үрдістің қайталануы боп табылды. Ол ондағы қалыптасқан жағдайды қалай болғанда да сақтап қалу үшін жасалып отырған жағдай», - дейді Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының саяси сарапшысы Айдос Сарым.
Ол Өзбекстанда президент болып Ислам Каримовтың тағы да сайлануы ондағы қордаланып кеткен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше алмайтынын айтады.
«Ерте ме, кеш пе ондағы осы қордаланып қалған мәселелерді шешуге тура келеді. Оның уақыты, меніңше, алыс емес. Себебі, елде саяси тұрақтылық жоқ. Ондағы тұрақтылық қолдан жасалған, күшпен басу арқылы, еркін ойды таптау арқылы қол жеткізіп отырған жағдай. Бәлкім осы екі-үш жылдың ішінде не Әндіжандағы жағдай, не одан да зор жағдайлар қайталануы әбден мүмкін. Сондықтан бұл сайлау аса бір үлкен үміт беріп отырған жоқ, қайта күдіктерді одан әрі күшейтіп отырған нәрсе», - дейді А.Сарым.
Қазақстандағы оппозиция қайраткерлерінің бірі Әміржан Қосанов Өзбекстанда өткен президент сайлауы көзбояушылық болды дейді. Сонымен қатар Қосанов Өзбекстандағы бұл жолғы сайлау жалпы ТМД елдерінің көбіне тән құбылыс деп сипаттады.
«Әрине, Өзбекстандағы саяси ахуал баршаға аян, сондықтан бұл президент сайлауы барысына көз салып, айтылғалы жатқан нәтижесіне қарап, бұның бәрін көзбояушылық деп айтуға болады. Өйткені, мұның бәрі демократиялық ұрандарды бетке ұстап, мәселен, төрт үміткер қатысып отырған балама сайлау, олардың да президент болуына үміттері бар деген желеулерді айтып, шын мәнінде бір адамның жеке басқа табыну режимін одан сайын созды. Бұл посткеңестік кеңістікте бұрынғы компартия басшыларының биліктен айрылғысы келмейтіндігінің көрінісі. Өйткені, ол билік олардың байлық көзі. Екінші мәселе, Өзбекстанда пәрменді түрде, ашық жұмыс істеп жатқан тегеурінді оппозиция жоқ. Оппозициядағы біраз азаматтар сыртта эммиграцияда жүр. Ал оппозициясы сайлауға қатыспаса, ондай сайлау әділ өтті деуге болмайды», - деген тұжырым жасайды Ә.Қосанов.
«Мир Евразии» журналының редакторы Эдуард Полетаев «Өзбекстандағы президент сайлауының ең бір ерекшелігі – оның басынан бастап нәтиже қандай болатыны белгілі болғандығы» десе, Қазақстан президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Клара Шариязданова «халықтың 90 пайыздан астамы сайлауға қатысуы - ондағы халықтың талғамын көрсетеді» деген ой айтады.
«Өзбекстандағы президенттік сайлауға отыз елдің бақылаушылары, бес халықаралық ұйым өкілдері қатысты. Оның ішінде ТМД мен ЕҚЫҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам конференциясы ұйымының өкілдері де қатысты. Өзбекстандағы өткен президент сайлауын легитимді деп атауға әбден болады, өйткені бірнеше балама тұлғалар таласты. Мысалы, ТМД ұйым өкілдері ондағы президенттік сайлауды оң бағалады», - дейді Шариязданова.
Өзбекстанды соңғы 18 жыл бойы басқарып келе жатқан Ислам Каримов осыған дейін екі рет президент сайлауында жеңсе, бір рет референдум арқылы өзінің билігін ұзартқан болатын. Ал бұл жолы ол үшінші рет президенттікке түсіп жеңіп шыққаны ресми жарияланып отыр.
Орталық Сайлау Комиссиясының хабарлауынша, бастапқы ресми нәтижелер бойынша дауыс берген сайлаушылардың 88 пайызы Каримовты қолдаған. Халықтық демократиялық партиясынан сайлауға үміткер ретінде түскен Аслиддин Рустамов 3,4 процент дауыс жинап, екінші орында келеді. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы бұл сайлау демократиялық стандарттарға сай келмеген деген баға берді. Сайлауда Каримовпен бақталасқан үш үміткер де “демократиялық сайлаулар болды” деу үшін ғана жарысқа түскен, дейді сарапшылар.