ШЫҰ 1996 жылы Әскери саладағы сенімді нығайту туралы Шанхай келісіміне, ал 1997 жылы Шекара ауданында әскери күштерді бірлесе қысқарту туралы Мәскеу келісіміне сәйкес құрылды. Сол кезден бұрынғы Кеңес одағының құрамында болған мемлекеттер өздерінің шекара мәселелерін шешуге кірісті.
Шанхай бестігі деп аталатын терминнің Шанхай Ынтымақтастық ұйымына айналуына табаны күректей алты жыл қажет болыпты. Кейбір сарапшылардың айтуынша, аталмыш ұйымның құрылуына НАТО-ға бәсекелес күш болуы немесе одаққа қажеттіліктің басым болуы ықпал еткен. 2001 жылы Ауғанстандағы терроризмге қарсы күрес мақсатында АҚШ-тың Қырғызстан мен Өзбекстанның территориясына әскери базасын орналастыруы Ресей мен Қытайдың алаңдаушылығын туғызды.
Сол уақытта алты жыл бойы тек саммит жүзінде ғана жұмыс істеп келген Шанхай бестігі ынтымақтастыққа негізделген толыққанды ұйымға айналған еді. Қазақстан мен Ресейді айтпағанда, Батыс мемлекетінің ақпарат құралдары да бұл ұйымды НАТО-ның Орталық Азиядағы басты бәсекелсі деп бағалаған.
Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың айтуынша, соңғы кездері ШЫҰ әскери саяси мақсатын жүзеге асырудан бөлек, экономикалық мәселелерге де назар аудара бастаған.
Ұйымның жұмысына жаңа бағдарламалардың енгізілуі жәйдан жәй емес. Орталық Азия аймағында НАТО-ға бәсекелес болудың кезекті бір амалы болуы мүмкін, дейді кейбір сарапшылыр. Өйткені, Ауғаныстан президенті Хамид Карзайдың 2007 жылы Бішкек қаласында ШЫҰ-ның саммитіне бақылаушы ретінде қатысып, оның өз еліндегі жағдайды тұрақтандыруға байланысты осы ұйымға қолдау білдіруі, Батыс жұртшылығы үшін күтпеген оқиға болыпты.
Бүгін Алматыда ШЫҰ-ның Ауғанстанға ықпалы жөнінде саясаттанушылар Николай Кузьмин мен қырғызстандық Александр Князев, 11-12 маусымда Ыстық көлде «Ауғанстан, ШЫҰ, қауіпсіздік және Орталық Еуразияның геосаясаты» деп аталатын тақырыппен өткен халықаралық конференцияның қорытындылары туралы есеп берді. Саясаттанушы Александр Князевтың айтуынша, Ауғанстан территориясындағы Американың терроризмге қарсы жүргізген күресі мемлекетте тұрақтылық орната алмаған. Есірткі тасымалдау, қару-жарақ сату, заңсыз миграция сияқты мәселелер бұрынғыдан да бетер ушыққан.
«ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер өздерінің инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланып, Ауғанстанды түгел қамтуға шамасы жетпесе де, жекелеген аудандарға материалдық әлеуметтік көмек көрсете алады», - деді сарапшы.
Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымы әзірше саяси-әскери блок қана, онда экономикалық, әлеуметтік салаларға қатысты мәселер енді-енді айтыла бастады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу себебі, оның мүмкіндігі және келешегі туралы қазақстандық саясаттанушылардың пікірін білген едік.
Досым Сәтпаев, саясаттанушы:
«ШЫҰ-ны құру тарихын еске түсіретін болсақ, басында Ресей мен Қытайдың мүддесі басым болды. Шанхай ынтымастық ұйымын құрудағы негізгі мақсат - таразы басын теңестіруге және аймақтағы АҚШ-қа ықпал ету болғаны барлығымызға белгілі. Сол уақытта АҚШ-тың Орталық Азиядағы позициясы күшейіп, тіпті бұл мемлекет пен Өзбекстанның бір-біріне жақындасуы, ең бірінші кезекте Ресей мен Қытайды алаңдатқан болатын. Қазіргі уақытта белгілі мөлшерде өзгерістер болып жатыр, ШЫҰ бұрынғыдай әскери-саяси блок қана емес, қытайлықтар оған экономикалық байланыстарды да енгізуде. Бұл ұйымның іргетасын қатайтатыны сөзсіз. Бірақ, ШЫҰ-ның Орталық Азиядағы НАТО-ның басты бәсекелесі екенін естен шығармауымыз керек. Өйткені Шанхай ынтымақтастық ұйымында оның терроризмге қарсы құрылымы белсенді болуда және көптеген сарапшылардың пікірінше, алдағы 5-10 жылда Ресей мен Қытай жаһандық деңгейдегі ірі әскери-саяси ойыншыға айналады. Осыны ескеретін болсақ, екі алып мемлекеттің ШЫҰ-на қатысуы бекер емес. Олар Орталық Азияға өздерінің мүддесі тоғысатын аймақ ретінде қарап отыр.
Ресейде бұдан басқа Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы бар болса, Қытайда аймақтағы өз ойынын жүргізуге заңды құқық беретін ШЫҰ ғана бар. Яғни, бұл Қытай үшін Орталық Азия территориясында ықпал ете алатын жалғыз құрал, сондықтан олар оны өз уысынан шығарып алмау үшін барын салады. Қазіргі уақытта НАТО-ға ШЫҰ да ҰҚКҰ да маңызды бәсекелес болып отыр. Болашақта осы екі ұйым бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болады деп ойлаймын.
Ресей мен Қытайға қарағанда, Қазақстан және Орталық Азияның басқа да мемлекеттері Америкаға немесе Батысқа қарсы ойын жүргізуге талпынып отырған жоқ. Одан соң, Қазақстанның көп векторлы саясат ұстанушы мемлекет екенін ұмытпайық. Дегенмен Қазақстанға ШЫҰ-ның мүшесі болу қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Біріншіден, терроризмнен қорғану, екіншіден, Ресей мен Қытай мемлекеттерімен байланысып жатқан шекаралық территорияның мәселесі шешілді. Қазақстан үшін Қытаймен шекаралық сызықты дау-дамайсыз анықтау үлкен жетістік болып саналады. Үшіншіден, бұл ұйым Қазақстанға Қытаймен арадағы кез келген мәселені тікелей шешуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Астанаға Мәскеумен ҰҚКҰ-нің шеңберінде байланыс орната алса, Пекинмен тек ШЫҰ арқылы ғана жұмыс істеуге болады. Сондай-ақ Қытай жағы ШЫҰ-ның аясына әскериден бөлек, экономикалық, экологиялық бағдарламалар енгізуді ұсынып отыр. Тағы да қайталап айтатын болсам, Қытай алдағы 5-10 жылда геосаясаттағы басты державалардың біріне айналады. Ал мұндай мемлекетпен қарым-қатынасты күшейту Қазақстан үшін тиімді болары сөзсіз.
ШЫҰ-ның болашағы Қытайға ғана байланысты. Қытайға осы ұйым керек болса, қаржы бөліп, оның жұмысын жандандырып отыруға барын салады. Ал кейбір Орталық Азиядағы мемлекеттер ШЫҰ-ға қатысудан бас тартса, оған бола бұл ұйымның жұмысы тоқтап та, әлсіреп те қалмайды.
ШЫҰ-ның соңғы жеті жылдағы негізгі жетістігі, оған қатысушы мемлекеттердің арасындағы шекаралық аймақтарды шешу болып саналады. Одан кейін, осы ұйымның аясында қауіпсіздік кеңістігі құрылды. Әзірше, ШЫҰ-ның бар жетістігі осы».
Андрей Чеботарев, саясаттанушы:
«Әуел баста Шанхай ынтымақтастық ұйымы шекаралық мәселелерді шешу үшін құрылды. Дәл сол уақытта бұл ұйым Шанхай бестігі деп аталатын. Ал қазірге кезде, оған қатысушы мемлекеттер шекараға қатысты барлық мәселені оңтайлы шешіп алған соң, бұл ұйымның да міндеттері өзгере бастады. Сонымен қатар, ШЫҰ өз шеңберін кеңейту мақсатында, жаһандану процесін басынан кешіріп отыр. Олар ұйымның қатарына Иран, Үндістан, Пәкістан мемлекеттерін қоса ма, әлде қоспай ма, соңғы кездері осы жағдайдың төңірегінде терең ойланып жатқанға ұқсайды. Өздеріңізге де белгілі, аталмыш мемлекеттер ШЫҰ-ның соңғы бас қосуларына бақылаушы ретінде қатысып жүрді. Және, осы ұйымға байланысты НАТО-ға бәселелес болу үшін, Ресей мен Қытайдың тарапынан жаңа одақ қалыптастыру ісі жүзеге асырылып жатқандай.
ШЫҰ-ын НАТО-ның бәсекелесі деп айтылғанымен, ол толыққанды бәсекелес бола алмады. Неге десеңіз, осы ұйымға мүше Қазақстан, Қырғызстан сияқты кейбір мемлекеттер, Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшесі болудан бөлек, НАТО-ның кейбір бағдарламаларына да өз үлестерін қосып отыр.
Қырғызстан мен Өзбекстанда НАТО-ның әскери базалары әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Осы жағынан алып қарайтын болсақ, бұл мемлекеттердің екі жақпен де бірдей қарым-қатынаста екенін көруге болады. Ал олардың өздері мұны көп векторлы саясат деп түсіндіріп отыр.
ШЫҰ-ның болашағына байланысты айтатын болсам, ол БҰҰ-ның бүгінгі жағдайын басынан кешіп, ештеңеге әсер ете алмайтын, халықаралық деңгейдегі ұйымның қарапайым атрибутына айналуы мүмкін. Белгілі мөлшерде әртүрлі саладағы байланыстар болып тұрады, бірақ бірте-бірте өз ықпалын жоғалтуы ықтимал.
Немесе, Үндістан, Иран, Пәкістан сияқты мемлекеттерді қатарына қосу арқылы халықаралық деңгейдегі үлкен күшке айналуы мүмкін. Алайда, ШЫҰ-ның тарапынан мұндай қадамдардың жасалатындығы байқалмайды, олар әзірше бүгінгідей деңгейде қала бергенді жөн көріп отырған сияқты.
Қазақстан осы ұйымның мүшесі болу арқылы өзінің шекаралық мәселелерін дау-дамайсыз шешіп алды. Бұған маңызды жетістік деп қарау керек. Ал біздің мемлекеттің бұл ұйымдағы атқаратын рөліне келетін болсақ, ол анау айтқандай маңызды емес. Және, оны күшейтуге талпынып та жатқан жоқ. Соған қарағанда, билік басындағы басшылар екінші болуға да көніп отырған сияқты.
ШЫҰ әуел баста құрылғанда, тек саяси мәселелермен ғана айналысатын. Бүгін қарап отырсаңыз, олар экономикалық ынтымақтастыққа да көңіл бөле бастады. Дегенмен, ҰҚКҰ үлкен болмаса да, әскери күш құрылды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы да осы жағын ойластырып, өзінің әскерін қалыптастыратын болса, дұрыс болады деп ойлаймын. Келешекте ұйымға қатысушы мемлекеттер осы мәселені бір жақты шешетін шығар. Ал ШЫҰ-ның соңғы жеті жылдағы жетістігі үлкен болды деп айта алмаймын».