Алғаш келген адамға Қызылағаш ауылында мүлдем апат болмағандай көрінеді. Бұл ауыл бар-жоғы төрт айдың ішінде бастан-аяқ жаңартылды. Қазір Қызылағаштың әкімнен бастап, қарапайым тұрғындарына дейін дайындық қамына кіріскен. Ауылға таяу күндері президент Назарбаев сапарлап келмекші.
Қызылағаштағы су апатына тура бір ай болды. 42 миллион текше метр суды сақтауға арналған су бөгеті толассыз жауған жауын-шашыннан үш күннің ішінде толған дейді сонда жұмыс істегендер. Олардың айтуынша, 11-ші наурыз күні түнде бөгеттегі су шекті мөлшерден асып кеткен.
Иран астанасы Теһран қаласында жастар арасында бокстан өткен Азия чемпионатынан Қазақстан құрамасы төрт алтын, бір күміс және екі қола медаль олжалап қайтты. Қазақ жастары бұл жарыста командалық есепте бірінші орынды иемденді.
Сот отырысы Есіргеповтың қатысуынсыз өтуде. Таразға Алматыдан арнайы келген Есіргеповтың зайыбы Раушан Есіргепованың, журналистер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің бұл отырысқа қатысуына сот алқасы рұқсат етпеді.
Жұма күні Қазақстанда ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің «Өзара әрекеттестік - 2009» атты ортақ стратегиялық командалық-штабтық жаттығулары аяқталды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болашақта бұндай жаттығулар тұрақты түрде өткізіледі деп мәлімдеді.
«Тасжарған» газетінде 2008 жылдың 14-ші сәуірінде жарияланған Алмас Көшербаевтың «Байғұс латифундист» деген мақаласына байланысты бүгін болған соттың үшінші отырысына арыз беруші, мәжіліс депутаты Ромин Мадиновтың өзі келген жоқ.
Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан құрбандарын еске алу митингісі өтті. Мұнда оппозиция басшысы Жармахан Тұяқбай 1986-1987 жылдары Қазақстан прокурорының орынбасары ретінде репрессияларға атсалысқанына өкініш айтып, көпшіліктен кешірім сұрады.
21-ші қараша күні Азаттықтың Алматыдағы бюросына келген «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қарасты «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының бұрынғы вице-президенті Жеңіс Бейсенбеков мекеменің төңірегінде болып жатқан дау-дамай туралы әңгімелеп берді.
Қазақстанның дизайнерлер одағының өкілдері қалай болса солай орналастырылған Алматыдағы сыртқы жарнамалардың қаланың архитектуралық сәнін кетіріп тұрғанын айтады.
Осыдан үш жыл бұрын 2005 жылдың 12 қарашасы күні кешке жақын сол кездегі Назарбаев режимінің ең қатал сыншысы, диссидент Заманбек Нұрқаділов өз үйінде оққа ұшты. Ол биліктің қудалауында болды, оппозиция да оны құшақ жайып қарсы ала қоймаған еді.
3 қарашада Гуантанамо түрмесінде отырған соңғы қазақстандық Долқын Керимбакиев Астана қаласына жеткізілді. Азаттық тілшісі ол азаматтың ауылына барып, жағдайларымен танысып қайтқан еді.
Алматы қаласындағы Бөрібаев көшесінде орналасқан үйде тұратын Қазыбековтар отбасы кеше ғана сайланған АҚШ-тың жаңа президенті Барак Обамадан көмек сұрап отыр.
«Қуат» құрылыс корпорациясы үлескерлерінің наразылық акциясы жалғасуда. Аталған компанияның бас кеңсесінің алдына жиналған 50-ден астам үлескер «қоныс тойын» тойлап, оғанкорпорация басшысы Олег Намды шақырғанымен, ол келген жоқ.
4 қарашада Америкада президент сайлауы өтеді. Оқиға қарсаңында қазақстандық «Аттан» қозғалысының жетекшісі Амантай Асылбеков Америка халқын Барак Обаманы қолдауға шақырды.
Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы - үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап 9 ай бойы «Нұр Отан» партиясы төрағасының міндетін атқарған Әділбек Жақсыбеков туралы соңғы бірнеше күнде жан-жақты ақпараттар таратыла бастады.
Бейсенбі күні хабарлағанымыздай, «Халыққа баспана қалсын» қозғалысы АТФ банкі және "Центр Кредит Банкінің" алдына барып наразылық акциясын өткізді. Бұл екеуі де көп ойланбай, борышкерлердің талабын орындауға келісім берді.
«Халыққа баспана қалсын» қозғалысы қазақстандық банктерге қарсы наразылық акциясын жалғастыруда. Борышкерлердің бір тобы 30 қазан күні Алматыдағы АТФ банкінің алдына талаппен келіп, оның басшылығымен кездесті.
Алматы жоғары оқу орындарының студенттері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ашық хат жолдап, әлеуметтік жағдайларының әлсіздігін алға тартты.
28 қазан күні «Халыққа баспана қалсын» қозғалысы кезекті рет наразылық акциясын өткізді. Олар бұл жолы "Альянс банктің" алдында үндеу оқыды.
№-1 автопарктің қарамағындағы жатақхана дауы әлі жалғасуда. Бүгін сот орындаушылары жатақхананың тұрғындарын күштеп шығару тиіс болғанымен, ешкім келген жоқ.
Тағы