Олардың пікірінше, осы бей-берекетсіздіктің салдарынан сонау Кеңес үкіметінің тұсында әлемдегі ең көрікті қалалардың бірі болып саналған Алматы күн өткен сайын ажарынан айырылып барады. Қазақстандық дизайнерлер бұл мәселені бір жақты ету үшін Алматы қаласының әкімшілігі тиісті шара қолдану керек деп есептейді. Сондай-ақ, қаланы әлем-жәлем бильбордтардан тазарту үшін жарнамалар туралы заңға арнайы толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет екенін түсіндірді.
Қазақстанның дизайнерлер одағының өкілдері қалай болса солай орналастырылған Алматыдағы сыртқы жарнамалардың қаланың архитектуралық сәнін кетіріп тұрғанын айтады.