Рахат Әлиевтің кітабы жарияланбай жатып-ақ, қазақстандық сарапшылардың тарапынан жан-жақты пікір айтылған болатын. Алматыдағы кейбір пікір-сайыс клубтарында да, Рахат Әлиев жазып жатырмын деген кітабының төңірегінде, небір талқылаулар мен сараптамалар жасалды. Өткен аптаның соңында интернетте пайда болған «Өкіл қайынатаның» жаңа нұсқасында «Біз Астанаға дейін қалай жеттік» деп аталатын үзінді жарияланды.
Бұл кітапта айтылғанның барлығы қаншалықты шындыққа жақын екені белгісіз. Онда президент Назарбаев және енді бірнеше күннен соң он жылдығы тойланғалы жатқан Астана қаласы туралы біраз мәліметтер айтылыпты. Оқырманға түсініктірек болу үшін, кітапттың кейбір тұстарын сөзбе-сөз аударып бергенді жөн көрдік.
«Ол бар болғаны демонстрациялардан қорықты. Оған халықтан алысырақ орналасқан қамал керек болды. Және бәрінен бұрын, либералды және еркін Алматыдан алыстағысы келді.
Ол бәрінен де бұрын осы жерден кеткісі келді.
Қайда деген сұрақ екінші тұрғанымен, бірақ, бұл да маңызды болды. Ұлттың басшысы өзін халықтан бөліп тұратын шынайы қорған іздеді. Қазақстанның орталығындағы Есілмен қорғалған Ақмола қаласы ең ыңғайлы орындардың бірі болды».
Астана сияқты қаланы салу үшін қыруар қаржы кеткені айтпаса да белгілі. Кітап авторы осы мәселеге де тоқталыпты және соңғы он жылдың ішінде, «Бәйтерек», «Шелек», «Зажигалка» сияқты әсем ғимараттарды тұрғызуға миллиардтаған қаржының жұмсалғандығы жөнінде де айтыпты. Кітапта нақты болмаса да, шамамен қанша ақшаның шығын болғандығы жөнінде ештеңе жазылмаған, тек барлығына жалпылама ғана тоқталған.
Бұл жөнінде «Өкіл қайыната» кітабынан үзіндіде былай деп жазылады:
«Ғимараттар саңырауқұлақтар сияқты өздігінен өсіп шықпайды. «Зажигалка», «Шелек» және «Бәйтеректердің» құрылысы әр бір қазақстандықтың қалтасынан төленді. Сіздер Астананы қаржыландырып тұратын шетелдік қорларға сенесіз бе? Ал арабиялық ханзадалардан да ақша бөлініп тұрады дегенге қалай қарайсыз?
Ең алдымен ақша мемлекеттен шығарылады, содан кейін ғана барып, президентіміздің кезекті архитекторлық идеясын жүзеге асыру үшін олардың бір бөлігін қайтарылады».
Міне, шығармада осындай деректер айтылыпты.
Биылғы жылғы сәуір айында интернет сайттардың бірінде «Өкіл қайынатаның» жалған нұсқасы жарық көрген болатын. Австрияның Вена қаласында жатқан Рахат Әлиев, kaztoday.ru сайты арқылы, интернетте жарияланған әлгі кітаптың өзінікі емес екенін айтып, оны халықты шатастыру үшін арнайы қызметтің адамдары жазуы мүмкін деген мәлімдеме жасаған еді. Сол уақытта, Қазақстанда сенсацияға айналған жалған кітап туралы ресми органдар бір ауыз сөз айтпаған болатын.
Ал енді бұл жолы kaztoday.ru сайтында жарық көрген «Өкіл қайынатаның» «Астанаға дейін қалай жеттік» деген үзіндісінің жарияланғанына 3 тәулік өткенде де, ресми билік басындағылар баяғыдағыдай тым-тырыс отыр.
Осы оқиғаға байланысты біз Қазақстандық сарапшылардың пікірін сұрадық.
Серікболсын Әбділдин, Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы:
«Рахат айтпаса да, Назарбаевтың мемлекеттің астанасын Ақмолаға не себепті көшіргенін жақсы білемін. Назарбаев Түркияға барып келген соң, «Ататүрік өз астаналарын Анкараға көшірген екен, Алматыда үй салатын жер өте аз, тағы жер сілкінісі болуы мүмкін, сондықтан біз де астананы көшіруіміз керек» деп, ең бірінші рет маған айтқан болатын. Сол кезде «жер сілкінеді екен деп, Алматыдан қашқанымыз шетелдіктерден ұят болады» деп бір тоқтатқанмын.
Екіншісінде, Қытай Алматыға өте жақын орналасқан, бұл біздің мемлекетімізге қауіпті деп айтқан кезде, «Қытай Алматыны атты не, Ақмоланы атты не бәрібір, сондықтан орнымыздан қозғалмай-ақ қояйық» деп екінші рет тоқтаттым. Үшіншісінде, «бұл қалада ағайын-туысқандарым көп, жұмыс істеуге маза бермейді» дегенде де, «қойыңыз, ол жаққа барғанда да туысқандарыңыз артыңыздан қалмайды» деп кезекті рет тағы тоқтаттым. Ақырында, маған астананы көшіру туралы мәселені Жоғары кеңестің күн тәртібіне енгіз деген ұсыныс айтты. Назарбаев осы жағдайға байланысты біраз депутаттарды дайындаған екен. Бірақ, ол жолы да Назарбаевтың ойы жүзеге асқан жоқ.
Кейінірек, президент Жоғары кеңесті таратып жібергенін барлықтарыңыз білесіздер. Сол уақытта менің орныма келген төраға осы мәселеге байланысты шешімді, президенттің туған күніне орай, сыйлық ретінде шығарып берді. Астананы көшіру дегеніміз, аннан-мұнан жиналған ақшаны тазарту үшін ұйымдастырылған нәрсе. Назарбаев президент болғалы бері үш резиденция салдырды. Соның екеуі Астанада тұр. Бұл халқына жаны ашитын адамның тірлігі емес».
Досым Сәтпаев, саясаттанушы:
«Өкіл қайынатаның» бірінші нұсқасы шыққан уақытта, оны көптеген сарапшылар Рахаттың кітабы емес деп айтты. Содан соң, көбі оның шынайы нұсқасын күтті. Ал енді үлкен мерекенің қарсаңында «Өкіл қайынатаның» үзіндісінің жариялануы, саяси технологиялық көзқараспен айтар болсақ, бұл президентке жасалған өте жақсы «сыйлық». Кітаптың жариялануының бір кемшілігі, жаз уақыты - саяси ойындар жүргізетін мезгіл емес. Олар резонанс туғызғысы келсе, ең болмағанда күзге дейін шыдай тұру керек еді. Дегенмен, олар Астананың 10 жылдығының алдында осындай әрекеттерге барып отырса, нақты бір себептер әсер еткен шығар деп ойлаймын».