"Der Spiegel" апталығы "суперстар" деп атаған Барак Обамамен Германияның кездесу мүмкіндігі болды.
“Берлин тұрғындарына рахмет, Германия халқы сіздерге рахмет”- деген Барак Обама.
1 млн халқы бар Берлиннің 150 мыңнан астам адамы Обаманың сөзін тыңдау үшін қаланың тарихи орталығы- Тиергартен жасыл желекті саябағына жиналған.
Берлинде саясаттану ғылымынан білім алып жатқан студент Обаманың сөзіне жоғары баға беріп отыр:
“Бұл өте әдемі сөз болды. Мен шынымен американ болмағаныма, дауыс бере алмайтыныма өкініп тұрмын. Мен ол сайланады деп шынымен үміттенем. Бұл тіпті сайлауалды науқан болмағанымен де, Құрама Штаттар мен Еуропа арасындағы достастықтың әдемі сөзі болды. Менің ойымша, бізге дәл қазір осы керек, сондықтан бұл аса күшті болды. Мен өте қуаныштымын. Бұл сөздің бәріне ашық болғаны сондай жақсы болды. Мен шынымды айтайын, Францияда осылай әдем сөйлейтін бірде-бір саясаткер жоқ. Бұл шындығында әсерлі болды”.
Тағы бір 25 жасар студент Мартин Берлин Германияның Магдебург қаласынан бір топ адам болып Обаманың сөзін тыңдауға келгендерін айтады.
“Маған сөзі жақсы болды, кішкене қысқа болған сияқты. Біз оның сөзі ұзағырақ, бәлкім аздап көңіл толқыныстарын толы болады деп ойладық. Дегенмен, Обаманың шынайы рухы көрініп тұрды. Біз оны бірінші рет көргендіктен, толқып тұрдық. Біз мұнда Магдебургтен келгенбіз және оған өте қуаныштымыз. Енді біз қазір үйімізге қайтып барып, бұл жердегі көргендерімізді достарымызға айтамыз”.
Айта кету керек, жиылған жұрттың көбі бұл жерде кездесу нағыз сөзден гөрі, Обаманың сурет бар киімдерді киіп, сыра ішкен у-шумен өтетін қойылым сияқты болады деп ойлағандарын мойындайды. Барак Обаманың бұл 26 минутқа созылған сөзін тыңдау үшін Тиергартен саябағына келген тағы бір азамат оның сөзіне көңілі толмағанын айтады.
“Менің пікірімше, ол өте жақсы орындаушы, бірақ оның сөзінде еш маңыз болмады. Әуе транспорты туралы айтқанда, 48, 60 жыл бұрын қалай күшті болды, Берлинді американдықтар құтқарды дегенімен жарайды келісейік. Тіпті ресейліктер онымен келіседі. Ондағы сөздерінде ешқандай мән болмады, мазмұны толығымен болмады. Сөзінде көп сілтемелер болды, ал қосымша түрде айтқан мәселелерінде негізгі тақырыптарды айналып өтіп отырды, бірақ мен одан ашық та нақты және қарапайым айқындықты күткен едім. Ол болмады. Өкінішке қарай, менің еш көңілім толмады”.
Барак Обаманың сөзінде климаттың жылынуына қарсы күресте ғаламдық бірлікке шақырған, ядролық қару таратпау келісіміне үндеулер, Еуропаға, Ауғанстанға әскер жіберуді ұсынған мәселелер қамтылды. Ол тақырыптар айтарлықтай қызығушылық тудырмауы мүмкін. Бірақ, көп еуропалық американдық кандидаттың тартымдылығына байланысты оны қолдауға дайын болып отыр.
Еуропаның бір бөлігі Германияда Обаманың рейтингісі жоғары болып, шамамен үштен екі германиялық өздерінің Обама президенттігін қолдайтындықтарын айтады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл құрлықта қазіргі президент Джордж Буштың саясаты мен иммиджі төмендеген. Бірақ, Еуропадағы обамашылдық Буштың жоғалтқанынан да басым болып отыр. Еуропалықтарға Ақ үйге сайлануы мүмкін бірінші африкан-американдық осыған дейін үнемі бірге болған американдықтарды бір-біріне қайта табыстыратындай көрсетеді.
Тиергартенге арнайы келген медициналық қызметкер, 40 жасар Зузанна Шварцердің айтуынша:
-Менің пікірімше, ол ұлтты біріктіретін адам болады. Мен американдықтар мұны осылай көре ме, жоқ па білмеймін, бірақ мен еуропалықтар дәл осылай түсінетініне сенімдімін. Менің ойымша, Обамада тартымдылық бар, мен ол алдағы мақсат-мұраттарын орындай ала ма, жоқ па оны айта алмаймын. Десе де, егер ол адамдарды біріктіре алса, одан кейін бұл өте шуағын төккен жаңа нәрсе болар еді деп үміттенем.
56 жасар Хартмут Мертин өзін осы кездесуге келуге кедергілер жасалғанын айта келіп:
“Егер мен американдық болсам, нақты оған дауыс берер едім. Маған ол ұнайды, ол жас, әрі ол Құрама Штаттар үшін жақсы болады. Мен алдындағы президенттен гөрі оның жетістіктері бейбіт тұрғыда болады, ол соғысты тоқтатады деп үміттенем. Соғыс Құрама Штаттарға ғана емес, әркімге қымбатқа түсті. Оның салдарынан ішінде американ азаматтары да бар, қаншама адам құрбан болды”.
Галлуптың жұргізген сауалнамасы көрсеткендей, Франциядағы халықтың 64 пайызы, Германияның 62-і, Ұлыбритания азаматтарының 60 пайызы қараша айында Құрама Штаттарда өтетін президенттік сайлауда Иллинойс штатының сенаторы Барак Обаманы қолдайтындықтарын айтқан..