Қазақстандық БАҚ «Хутор» қылмыстық тобының жетекшісі деп жазған Хасан Қасымбаевты Қонаев соты екі айға қамады. Қазақстан президенті Францияға барды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон не туралы сөйлесті? 5 қараша АҚШ-та президент сайлауының соңғы күні. Кім жеңеді?
Қазан айында Ресей 695 әскери техникасынан, Украина 276 әскери техникасынан айырылғаны айтылды. Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Мәскеуде Путинмен кездесті.
Америка халқы тарихи күнге жетті, елде президент сайлауы өтіп жатыр. Республикалық партия өкілі, бұрынғы президент Дональд Трамп пен Демократиялық партия үміткері, қазіргі вице-президент Камала Харрис тең түсіп тұр.
Алматы тұрғыны прокуратурада өзін өртемек болды. Ол «мұндайға шарасыздықтан бардым» дейді. Полина Терентьеваның 27 жастағы қызы «есірткі тектес зат тасымақ болды» деген айыппен қамауда отыр. Кінәлі деп табылса, кемі 10 жылға сотталады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде мемлекеттік сапармен жүр. 5 қарашада ол Франция президенті Эмманюэль Макронмен және өзге де ресми тұлғалармен кездеседі. Француз басылымдары талқыланатын тақырыптар арасында өзгелермен қоса, Украинадағы соғыс, Қазақстанда АЭС салу мәселесі де бар деп жазды.
Азаттық радиосы Орыс қызметінің зерттеу жобасы 2022 жылғы 7 наурыздағы келіссөзде Ресей ұсынған шарт құжатын қолға түсірді. Соғыс басталғалы 11-ақ өткен бұл кездесуде Мәскеу шарты орындалса, Украина Батыс көмегіне арқа сүйей алмайтын, әлжуаз әскері бар әлсіз мемлекетке айналар еді.
Тағы