Оңтүстік Осетиядағы күннен-күнге жалғасқан қанды қақтығыстан хабарларға қарағанда жүздеген бейбіт тұрғын қаза тауып, көбі жараланған. Соғыстан көптеген тұрғын бас сауғалап кетіп жатыр. Жікшіл аймақтың басты қаласы Цхинвали қатты талқандалды. Грузияның жікшіл аймағындағы бұл қақтығыс Грузия ресмилері өздерінің Қара теңіздегі порты мен ел аймағындағы басқа да аймақтарды ресейлік әуе ұшақтары бомбалады деген соң ушығып кетті.
Хабарларға қарағанда, онда нысанаға алынғандардың көбі әскери базалар болды, бірақ Грузия тарабы ондағы тұрғын үйлердегі бейбіт тұрғындар қаза тапты деді.
Азаттық радиосы Грузин қызметінің тілшісі Коба Ликликадзе Ресей әуе күштерінің шабуылымен Гори қаласының қалай бомбаланғанын көргендігін айтты:
“Қалаға кіре беріс жердегі қару-жарақ базасына жақын жерде біз өте қорқынышты көріністі көрдік. Ол базаның сыртында екі үй өртке оранды. Аула адамдардың мәйітіне толы болды”
деген ол тағы да сөзін жалғастырып:
“Сіз бәлкім өтіп жатқан төтенше жағдай жедел жәрдем көліктерінің дыбысын естіп жатқан боларсыздар. Жаралыларды тиеген олар Горидегі емхана толып кеткендіктен, Тбилисиге ағылып жатыр”.
Бүгін Грузия президенті Михаил Саакашвили өзінің парламенттен елде 15 күн төтенше жағдай енгізуді мақұлдауын сұрады.
Бұл соғыс Оңтүстік Осетия мен Абхазияның 1990 жылдары соғысып орталық Грузия үкіметінен бөлініп шыққан кезінен де жаман болып жатыр.
Мәскеудің айтуынша, бүгінде Оңтүстік Осетияның 30 мыңнан аса босқыны Ресей шекарасына өткен. Ол аймақтағы жалпы халықтың тең жартысын құрайды.
Ресейдің президент әкімшілігінің басшысы Сергей Собянин
Сенбі күні таңертең Ресей президенті Дмитрий Медведевпен бірге кездесуде мәлімдеме жасап, “біздің мақсатымыз гуманитарлық апат салдарларын жоятын көмек көрсету” деген.
Ал президент Медведев ресейлік бітімгершілік күштер Грузия тарапын бейбіт жағдайға әкелу үшін операциялар жүргізуге мәжбүр болды деген.
Бұл арада Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қақтығыста 1500-дей адам құрбан болды деп мәлімдеді.
Сергей Лавровтың айтуынша, бір елдер осы қақтығыстың болуына түрткі болған Грузияға әскери жабдықтар беріп жатыр.
Ресейдің бас қолбасшылысының орынбасары Анатолий Ноговицын Ресейдің екі ұшағы Оңтүстік Осетияда атып құлатылғанын нақтылып отыр. Грузия болса, Ресейдің бірнеше ұшағын атып құлаттық дейді.
Ресей күштерінің қолбасшысы Владимир Болдыревтің сөзіне қарағанда, оның әскерлері Цхинвалиді толығымен азат етіп, Грузия күштерін қаладан шығарған.
Соңғы деректерге қарағанда, аймақта шамамен 2000 адам қаза болды. Грузия ресмилері ресейлік әуе ұшақтары Гори қаласымен қоса өзінің бірнеше аймағын атқылап, бейбіт тұрғындар қаза тапты деп отыр. Сонымен қатар Грузия Ирақтағы 2 мыңдай әскерін қайтарып алып, оның бір мыңын Оңтүстік Осетияға жібермекші.
Соңғы деректерге қарағанда, аймақта шамамен 2000 адам қаза болды. Грузия ресмилері ресейлік әуе ұшақтары Гори қаласымен қоса өзінің бірнеше аймағын атқылап, бейбіт тұрғындар қаза тапты деп отыр. Сонымен қатар Грузия Ирақтағы 2 мыңдай әскерін қайтарып алып, оның бір мыңын Оңтүстік Осетияға жібермекші.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Оңтүстік Осетиядағы жағдайға байланысты таратқан мәлімдемесінде, Ресейді әуеден және зымыраннан атқылауын тоқтатуға шақырып, бұл аймақтан әскерін әкетуге үндеді.
Құрама Штаттар Оңтүстік Осетиядағы жағдайға терең алаңдаушылық танытып отыр деген, АҚШ президенті Джродж Буш Бейжіңнен былай деді:
“Грузия егеменді ел, оның аймақтық тұтастығы сыйлануы керек. Біз аймақтағы барлық әскерлердің тезарада қақтығысты тоқтатуына үндейміз. Біз Ресейдің бомбалық шабуылдарын тоқтатуға шақырамыз”.
Буштың айтуынша, Құрама Штаттар халықаралық арағайындық жасау жөнінде әріптестерімен жұмыс жасап жатыр. Құрама Штаттармен қатар Украина, Литва, Ресейдің бұл аймақтағы әрекетін айыптады. Польша Еуропа Одағының төтенше жиынын өткізуге шақырды.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жұма күні өткен төтенше жиында ұйымдағы Ресей мен Грузия елшілері бұл қақтығысты қоздырған жауапты жақ қайсы деген тұрғыда бір-біріне айыптаулар айтты. Қауіпсіздік Кеңесі бір келісімге келе алмай, бұл мәселе бойынша сенбі күні кешке келіссөздер болады делінген.