Азаттық: - Мэльс мырза, жасылдар немесе “Табиғат” партиясын құратыныңызды ертеде-ақ мәлімдеген едіңіз ғой, партия құруды неге енді ғана қолға алып жатырсыз?
Мэльс Елеусізов: - Ия, партия құратынымды мен сонау 90-ыншы жылдардың соңында айтқанмын. Мен қоршаған ортаны, экологияны қорғау үшін тиесілі заң қабылдау керектігін, ол үшін парламентте өз өкілдеріміздің болуы қажеттігін сол кезде түсіндім. Өзге жол жоқ.
Осы күні табиғаттың жайы күрт құбылып, нашарлап барады. Міне осы проблемалармен күресу үшін экологиялық партия құратын мезгіл келді.
Азаттық: - Қазақстанның партиялар туралы заңына сәйкес, саяси партия құрып, оны ресми түрде тіркеу үшін қатарында кем дегенде 50 мың мүшесі болуы керек. Ал сіз осыншама партия мүшесін жинай аласыз ба?
М.Елеусізов: - Оның еш қиындығы жоқ. Табиғаттың қазіргі мүшкіл халін көп халық түсінеді. Партия құру үшін ұйымдастырушылар керек және әрине қаржы-қаражат та керек болады. Бірақ партияны оған мүше боламын дегендердің өздері құруға тиіс. Қазір ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр.
Азаттық: - Жаңа құрылатын партияға өзіңізден басқа кімдер мұрындық болып отыр, ұйымдастыру тобында қанша адам бар?
М.Елеусізов: - Біз партиямыздың қатарына, әдеттегідей, белгілі қоғам қайраткерлері немесе халық танитын тұлғаларды тартамыз деп іздестіріп жатқан жоқпыз. Қазақстандағы қазіргі партиялардың көбісі жоғарғы жақтың нұсқауымен құрылған партиялар. Олардың қатарында нақты қанша мүшесі бар екенін ешкім айта алмайды, мүше ретінде көрсетілгендердің көбісінің партияға ешқандай қатысы жоқ, көбісі партияға сенбейді...
Сондықтан да біз өзге партияның қатарына бармаған адамдарды жинап жатырмыз. Партия төменгі жақтан құрылуға тиіс.
Азаттық: - Мэльс мырза, жаңа құрылатын партия алдына қандай саяси, әлеуметтік-экономикалық немесе тағы басқа мақсат-мүдде қояды, кімнің мұң-мүддесін қорғайды?
М.Елеусізов: - Саяси партия болған соң, барлық маңызды мәселеге араласады, шешуге атсалысады.
Бірақ барлық маңызды мәселеге, оның ішінде саяси, экономикалық, мәдени немесе тағы басқа проблемаға қоршаған ортаның, табиғаттың халі тұрғысынан қарауымыз керек.
Экономикалық даму мәселелері болса, экологияны қорғауға жеткілікті қаржы бөлу тұрғысынан, мәдениет мәселесі болса, бұқара халықтың табиғат туралы білімі мен мәдениетін көтеру тұрғысынан келуіміз керек.
Азаттық: - Қазақстандағы саясаттанушылар мен сарапшылардың көпшілігі республикада осы жылдың соңына қарай, ары кетсе келесі жылдың бірінші жартысында кезектен тыс парламент сайлауы (сенат емес, мәжіліс сайлауы. Азаттық) өтуі мүмкін деп есептейді. Егер шынында кезекті кезектен тыс сайлау бола қалса, Мэльс мырза, сіздің құрып жатқан партияңыз ресми тіркеліп үлгерсе, сайлауға түсе ме?
М.Елеусізов: - Әрине, партия құрғандағы бірінші мақсатымыз да сол – сайлауға түсу! Демократия орнату үшін бізге сайлау керек, екіншіден – сайлауға түсетін және парламентте өкілдері бар бірнеше партия болуы керек.
Бір партияның үстемдік етуі, өздеріңіз де білесіздер, бұрынғы Совет Одағын ыдыратты.
Азаттық: - Алға қойған игі мақсаттарына жету үшін кез-келген партиялық құрылымға қыруар қаражат керек. Жасылдар партиясы осы қаржы-қаражат мәселесін қалай шешпекші?
М.Елеусізов: - Қандай бай партия болсын, ол жарғылық мақсат-мүдделерін өзінің қаржысына – партия мүшелерінің жарнасы есебінен жүзеге асыруы керек. Сонда ғана партия қарапайым халықтың мұң-мүддесін қорғайтын болады.
Ал қаржы алпауыттарының қалтасына үңілген немесе үкіметтің қаржысына сенген партия сол демеушілерінің саясатын жүргізуге мәжбүр болады. Сондықтан, меніңше, партия қаржы жағынан өзін өзі қамтамасыз етуге тиіс.
Азаттық: - Мэльс мырза, тағы бір сауал: Қазақстанда кімде кім партия құрмақ болса, ол президент әкімшілігінің “батасын” алуға міндетті, ол құпия емес. Ал сіз партия құратыныңызды мәлімдегеннен кейін, преидент әкімшілігі ешқандай сыр білдірген жоқ па?
М.Елеусізов: - Жо-о-оқ! Мен ешқашан ешкімді тыңдамайтынымды олар (Қазақстан президентінің әкімшілігі. Азаттық) біледі. Мен өзімнің айтқанымды істеймін.
Бірақ мен “қатты” айтпаймын... көп жылдан бері оның қажеті жоқ. Оппозиция мен ресми билік қарама-қарсы екі жақта тұрса, біз қақ ортасында орналасқан партия боламыз.
Eуропадағы Жасылдар партиясы сондай саясат жүргізеді. Біз үшін де нағыз сондай партия қажет!
Азаттық: - Әңгімеңізге рахмет!