Енді бұдан былай Отанына оралған қазақтарға тегін жер, қолдарына қаражат берілмейді. Үкімет оралмандарға арналған 28 елдімекен салмақшы. Бұл жұмысқа оралмандардың өздері қатысатын болады. Әрі оралмандар өздері таңдаған елдімекенге емес, үкімет жіберген аймақтарға қоныстанатын болады.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев осыған дейін Қазақстанға келген оралмандардың үштен бірі тек оңтүстік өңірге баратынын айтып, солтүстік және орталық аймақтарда оларға арналған инфрақұрылымдар салынады деді. Ал тұрғызылған үйлерді алу үшін олардың өздеріне несиеге ақша беріледі екен.
– Мемлекеттен бөлінетін ақша алдымен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация арқылы беріледі. Ал бұл механизмді орындаушы атқарушы билік болады. Оралмандарға ипотекалық несиені 4 пайыздық өсіммен он жылға Құрылыс жинақ банк арқылы береміз. Үй арзан бағаға салынатын болады, -деді еңбек министрі.
Алайда Қазақстанда арзан бағалы үйге тек оралмандар ғана емес, ауылдан қалаға қоныс аударып жатқан ішкі мигранттардың да зәру екені белгілі. Осы мәселені ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев көтерді.
– Бізде өздеріңізге мәлім, ішкі мигранттардың, яғни қолайсыз аймақтардан келетін адамдардың мәселесі әлі күнге дейін шешілмей келеді. Сондықтан, заңды түрде ішкі көші-қон ұғымына жаңа ереже түзіп, оларға қатысты арнайы бағдарлама қабылдауымыз қажет,-деді ауылшаруашылығы министрі.
Ал Үкімет басшысының орынбасары Өмірзақ Шөкеев келіп жатқан оралмандарға тегін ақша беріп қойғанша, қолдарына жұмыс беріп, несиеге ақша беріп, еңбекке салу керектігін айтты. «Әйтпесе, олардың барлығы табиғаты жылы жерге қоныс аударып алып, проблема туғызып жатады», – деді Шөкеев.
Қазақстанға осы уақытқа дейін 1 млн.ға жуық оралман қоныс аударыпты. 1990 жылдардың ортасында квота арқылы келген оралмандарға міндетті түрде баспана берілетін. Кейін бұл ереже алынып, бүгінде көшіп келген әр отбасыға 800 мың теңге көлемінде ақша берілетін болған.