35 жасар талантты актриса Шолпан Мұқышева құрылысшылардың салғырттығы мен салақтығы салдарынан ақаулы лифттің ашық қалған шахтасына құлап кетті.
Дара талант иесінің қазасына қарақұрым халық жиналды. Мұның өзі марқұмның қайталанбас талантына деген халқының тағзымы еді.
1997 жылы Темірбек Жүргенов атындағы театр және кино академиясын бітірісімен жас талант бірден Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрына қызметке шақырылған болатын.
10 жылдық шығармашылық еңбегі барысында Шолпан талай рөлдерді сомдаған еді. Оның ішінде көрермен жадында айрықша таңбаланып қалған бірегей бейнелері де жетерлік болатын.
Атап айтқанда: “Қозы Көрпеш-Баян сұлудағы” Баянның рөлі, “Қаракөз” спектаклінідегі Қаракөздің бейнесі және “Еңлік-Кебектегі” Еңліктің болмысы Шолпаннның сахналауында талғамы жоғары көрермен қауымның жүрегіне жол тауып жатқан болатын.
Театр көркемдік жетекшісінің орынбасары Бекболат Құрманқожаев Азаттық радиосына былай деді.
-Біз театрымыздың ең жарқын талант иесінен айрылдық. Ол комедиялық рөлдермен қатар драмалық шиеленіске толы, оқиға ортасындағы кейіпкерлерді, сондай-ақ психологиялық терең иірімді образдарды ерекше сомдай білді. Оның ерекше атап өтуге лайықты рөлдерінің бірі - “Ана- Жер Ана” қойылымындағы Жер-Ана бейнесі еді. Театр ұжымы Шолпан Мұқышеваны “Қазақстанның еңбек сіңірген артисі” атағына ұсынуды ойластыруда еді. Бұл жөнінде марқұм білмей-ақ кетті. Оның болашаққа құрған жоспарлары ауқымды, арманы биік-тін. Біз ең соңғы рет Шолпанмен Шекспир жөнінде сөйлескен болатынбыз. Бізге бір қырғыз режиссері келмекші болатын. Ол бізде Шекспир спектаклін қоймақшы еді. Сол режиссер оның бойынан Шекспир кейіпкерін көргісі келетінін айтқанымда, Шолпанның баладай қуанғаны әлі есімде,- деді Құрманқожаев.
Шолпан аяулы ана еді. Жолдасы екеуі 3 баланы тәрбиелеп, өсіріп отырған. Олардың үлкені- жеті жаста, ең кішісі екі жаста ғана. Өзі бала күтімі демалысында отырған еді. Жұмысқа енді шықпақшы болатын.
Шолпан сонымен бірге ұлағатты ұстаз да бола білді. Талантты актрисаны Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясы бірінші курс студенттеріне дәріс беруге шақырған болатын.
Студенттер алдында Шолпан бірнеше сабақ беріп үлгерген еді. Сол аз ғана сәттің өзінде ол шәкірттерінің де жүрегін баурап үлгерген екен.
Студенттері ұстаздарын мәңгілік сапарына шығарып салу үшін тұтас курс боп келді. Жанарларында қимастық жасы мөлтілдеп тұрды.
Әріптестері Шолпанды жібектей жұмсақ мінезі мен ашықтығы, үнемі күліп жүретін жайдары, жанының тазалығы үшін қатты құрметтейтін. Әрдайым қандай қиындықты да күліп қарсы алатын, әзілқой ақжарқындығымен әріптестері арасында шоқтығы биік тұратын Шолпанның. Театрдың актрисасы Лейла Бекназарова былай деп еске алады:
-Шолпан тамаша ән де салушы еді, оның даусы сондай жағымды – драмалық сопрано болатын. Шолпанды қазақ тіліндегі фильмдерді дыбыстауға (дубляж жасауға) өте жиі шақыратын. Ол бұл істің майталман шебері еді, бес жыл ішінде жүздеген картинаны қазақша сөйлетті. Ол өте мейірімді, алдына айқын мақсат қойған абзал жан еді.
Актерлер деген бір- бірін көре алмайтын, қызғаншақтау, өсек-аяң ілесіп жүретін, іштері тарлау келетін қауым екені белгілі ғой.
Шолпан ерекше еді, ешкімге жамандық тілемейтін, қызғанып қарамайтын, қайта қиналған жанның жанына қуат беріп, жылы сөздерін, жарқын күлкісін аямайтын. Біз оны бәріміз қатты жақсы көруші едік....
Шолпанның құрбыларының айтуынша, сол қырсық атқан сенбі күні, 19 қазанда ол бірнәрсені сезгендей, өзінің барлық достарына, таныстарына телефон шалып, бәрімен емен-жарқын сөйлесіп шыққан екен. Соңғы екі жыл бойына кішкентайымен үйде отырып, көптен көріспегендіктен, өздерін қатты сағынғандығын айтып, келіңдер, бір сәт бірге отырайық, әңгімелесейік, өзіміз болып сыр шертісейік деп, бәрін де шайға шақырыпты.
Дәл осы күні Шолпан өзінің кішкентай балапандарымен бірге суретке де қайта-қайта түсіпті. Әдетте бауыр еті балаларының өздерін ғана суретке түсіретін Шолпанның сол күні отбасылық фотоаппаратта сақталып қалған соңғы кадрлардан сәбилерін бірінен кейін бірін құшақтап, сүйіп, мейірін төгіп тұрған аналық жарқын бейнесін көресіз.
Сол күні Шолпанға келген құрбыларының бірі өзінің қуанышымен бөліседі.
Театрда күйеуі екеуі де актер болып бірге еңбек етіп келе жатқан Шолпанның құрбысы Астанадағы "Москва" тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер алғанын айтып, сүйінші сұраған.
Жиналып қалған қыз-келіншек жаңа пәтерді көрмекші болады. Театр актерінің жартымсыз айлығы жаңа үй алуға келмейтіндіктен, әріптесінің баспаналы болу бақыты Шолпанға өз қуанышынан кем емес еді.
Шолпанның өзі шығармашылық зиялы қауымға Қазақстан президенті пәтер кілтін сыйлаған өнер иелері қатарында екі бөлмелі пәтерге ие болған еді.
...Бірде Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театрға президент Нұрсұлтан Назарбаев келгенде көрсетілген қойылымда басты рөлді сомдаған Шолпанның шеберлігіне мемлекет басшысының өзі қол соғып, тәнті болған екен. Кейіннен актрисаның отбасына екі бөлмелі пәтер тигенде, театрдағы қауым президент Шолпанның таланты мен өнерін осылай жоғары бағалады деп айтып жүрді.
"Москва" деп аталған бұл тұрғын үй кешенінің құрылысы басталғаннан-ақ оның түрлі атағы жер жарған еді. Алдымен телеэкрандардан "Ақшаларыңызды салыңыздар, "Москва" деген тамаша тұрғын үй кешені бой көтереді, Мәскеуде тұрмасаңыздар да, Мәскеуге барғандай боласыздар" деген жарапазан - жарнамалар үзілмеді.
Одан кейін осы үйдің құрылысын бастаған "Айнұр-холдинг" деп аталған түрік компаниясының директоры үлескерлердің ақшасын жинап, қалтасына басып, қашып кетті деп дабылдатып жазылып жатты.
Көп кешікпей үлескерлер алдында әлгі компанияның қазақстандық жетекшілері ақталмақшы болды. Кейіннен құрылысы жартылай аяқталмай қалған тұрғын үй кешенін АБС деген басқа бір холдинг сатып алған еді. Бұдан кейін де мәселе бірден шешіле қоймады.
Қаржыларын жаңа үй аламыз деп салып жіберген үлескерлер наразылық акцияларын дүркін-дүркін өткізіп, тіпті екі бірдей пәтерге ақшасын қосқан бір үлескер әйел өзіне-өзі қол самақшы да болған еді.
Соңғы рет осы үйде шыққан өрттен бір отбасындағы бес жан бірдей өртеніп кете жаздады. Қаланың ежелгі тұрғындары бұрын осы үйдің орнында қоғамдық монша болған еді дегенді айтады.
-Бұл жер ондаған жылдар бойына адамдардың тәнінің кірін жуып-шайып, жанын күнәдан тазартатын жер болған,- дейді 70 жасар Антонина Васильченко,- Монша болып қала бергенде де болар ма еді, жоқ оны күреп тастады да, мына бір алыпты салды. Мұнда адамдар көп зардап шегеді. Тіпті кейбірі бұл арадан пәтер алса да, бақытты деп ойламаймын. Алған баспанасына кіргенше олар талай қолайсыздықты бастан кешіп жатады, мүмкін мұнда бір жағымсыз елес, қара күш бар шығар...
Үйді көруге келе жатқан қыз- келіншектер 15 қабаттағы лифтіден шыққан кезде, Шолпан оның қатарында үңірейіп тұрған апанның аузындай қара үңгірге қарап, "Мынаусы несі тағы?" деп сұраған екен.
Әлгі апан адамдар таситын лифтінің жанындағы жүк таситын келесі лифтінің ашық-шашық қалған шахтасы болатын.
Құрбылар үйден қайта шыққан сәтте лифт жаққа қарай Шолпан алдымен бет алып, қалған екеуі ескті кілттеп жатқан... Олар қас-қағым сәтте болған сол бір жантүршігерлік оқиғадан естерін әлі жинай алмағандай. Сол кеште-ақ қайғылы оқиға орнына келіп жеткен театр жетекшілеріне олардың айтқандарының ұзын-ырғасы:
-Біз есікті жауып, лифт жаққа аяқ басқанымызша, бірер секундтай ғана өткен, ал Шолпан болса ғайып болды да кетті. Біз ең әуелі не болғанын түсіне алмай қалдық. Дауыстап шақыра бастадық.."Шолпан", "Шолпан" деген айқаймен бүкіл қабатты айналып шықтық.. Еш жерде жоқ, ешқандай дыбыс та естілмейді. Ол мүмкін бізді күтпей, төмен түсіп кеткен шығар деген оймен лифтіні шақырдық. Біреуміз әлгі аппанның аузына да үңіліп қарадық, бірақ су қараңғы, түбінен түк көрінбеді, меңіреу тыныштық.. Төменге түскеннен кейін біз оны тағы айқайлап іздеп, шақырдық.. Тіпті біздің басымызға ол шахтаға құлап кетті деген ой мүлде келген жоқ. Біз оның даусын да, төменге құлаған дыбысын да естіген жоқпыз.Бұндай тек қана қорқынышта түсте ғана болатын шығар.
Біз төменде жұмыс істеп жүрген құрылысшыларды көрдік те, шахтаны қарап көріңіздерші деп сұрадық. Ал өзіміз Шолпанның мобильді телефонына звондап жатқанымызда, зәре-құттары қалмай, өңдері қашқан әлгі адамдар қаралы да, қорқынышты хабарды жеткізді.
Мәйітті қараған дәрігерлер Шолпанның жүрегі жарылып кеткен деген диагноз қойды, демек 15-ші қабаттан төменге құлап бара жатқан кезде- ақ марқұмның қыршын жаны қиылып кеткен.
Актерлерде әріптестерін соңғы сапарға қасиетті сахнадан құрметпен шығарып, қоштасу дәстүрі қалыптасқан. Бұл жолы да Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ-музыка театрының ұжымы Шолпанның қара лентамен көмкерілген келісті келбетін сахна төріне іліп, қаралы шымылдықты түсіріп, көкіректерді қарс айырып, өкініші өзекті өртеген, абайсызда сөнген Шолпан жұлдызбен мәңгілік қоштасуға ниет еткен.
Дегенмен имамның құзырымен Шолпанның мәйіті екінші үйі болған, өзі соншалықты сүйіп, қалтқысыз еңбек еткен театрдың сахнасынан емес, отбасынан шығарылды. Достары мен әріптестері кеше ғана жандарында жарқылдап жүрген құрбыларының жансыз денесін құшып, енді қайтып көрмейтіндеріне сене алмаған күйде...
Жаназа шығарған молда әйел адамдардың бейіт басына баруына болмайтынын ескертіп, дауыс салып, айқайлап жылаудың өзі қайтыс болған жанның әруағына ауыр тиеді деген уағыз айтып, қайғыдан қан жұтқан Шолпанның артында аңырап қалған анасы мен әпке-сіңлілеріне, көздері жәутеңдеп, не болғанын әлі де түйсініп, сезіне қоймаған сәбилеріне басу айтып жатыр.
Қанша жерден Ислам шариғаттарына сай дауыс салып, жылап-жоқтауға тыйым салынса да, қапияда қиылып түскен аяулы жанның мәйітін мәңгілік мекеніне қарай түзегенде, егіліп- еңіремеген, көзден аққан ащы жасқа ерік бермеген ешкім қалмады.
"Күнім-ау, жұлдызым-ау, неге мұнша ерте сөндің, сенсіз қалай өмір сүремін?" деп теңселіп, бауырын жаза, алмай көзжасы көл болған ананың зарлы даусы құлақта қалып қойды...
Театр ұжымы мен Шолпанның туыстары ажалға тап қылған әлдекімдердің салақтығы ма, салғырттығы ма, жоқ жауапсыздық па, қайсысы болса да, айыптылар табылып, жазасын алсын деп, құрылыс компаниясын сотқа береміз деп отыр.
Жазалылар да табылар, сот та шешім шығарар, бірақ жетім қалған үш сәби мен ойсырап қалған сахнаның Таңшолпаны табыла ма?!