ТМД елдері басшыларының өткен демалыс күндері Қазақстанның Бурабай курортында болып өткен бейресми саммитінің нәтижесінде көпжақты емес, екіжақты бір ғана құжат мақұлданды. Атап айтқанда Ресей мен Қазақстанның 2009-2010 жылдардағы бірлескен іс-қимыл жоспары. Оған Дмитрий Медведев пен Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.
Бастапқыда Бурабайдағы бейресми кездесуді Ұжымдық қауіпсіздік келісімі Ұйымына мүше елдер басшыларының басқосуы ретінде өткізу жоспарланды. Алайда, өзбек президенті Ислам Кәрімовтің Қазақстанға келуден жалтаруынан кейін және оның орнына Бурабайға Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовті шақырудан нәтиже шықпаған соң, бейресми саммит айдай-шусыз ҰҚКҰ-на мүше 5 ел – Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан басшыларының “көпжақты кездесуіне” айналды.
Әйтсе де Беларусь президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға келуден бас тартуы бұл саммитің ешкім күтпеген бір сәті болды. Оған 22 желтоқсан күні Мәскеуде өтетін орыс-беларусь келіссөзі көп себептің бірі болуы ықтимал деген жорамал айтылды. Келіссөздің барысында көп мәселемен бірге Беларуське келесі жылы сатылатын газдың бағасы талдануға тиіс еді.
Егер Г.Бердімұхаммедовтің Бурабайға келмеуіне сылтауы болса – Бурабайдағы бейресми саммит кезінде Ашхабадта Болгария президенті Георгий Пырванов қонақта жүрді. Ал өзбек президенті И.Кәрімов басқосуға бармағаны үшін ақталып жатуды да жөн көрмеген сияқты. Осы күнге дейін ресми Ташкент ЕурАзияның экономикалық қауымдастығы ұйымына мүше болуын тоқтатқанын мәлімдеп үлгерді, бірақ ҰҚКҰ-на жартылай болса да мүше болып қалды.
Оған қоса бейресми кездесудің бірінші күні, 19 желтоқсанда, ресми Ташкент АҚШ қарулы күштері орталық басқармасының қолбасшысы, генерал Дэвид Петрэусті қабылдады. “Uzmetronom.com” интернет-сайтының хабарлауынша, өзбек сыртқы істер министрі мен АҚШ генералының келіссөзі барысында Ауғанстандағы НАТО күштеріне қажетті әскери емес жүктерді Өзбекстан жері арқылы тасымалдаудың мүмкіндігін кеңейту мәселесі талқыланды.
Генерал Петрэусті И.Кәрімовтің өзі қабылдады ма, жоқ па, белгісіз. Бірақ ол ҰҚКҰ-на мүше елдер басшыларының кездесуіне қарағанда, АҚШ генералының сапары әлдеқайда маңызды екенін айқын аңғартты.
Ал Бурабайда талданатын мәселелердің тақырыптарын президент Н.Назарбаевтың өзі тізіп келтірді. Атап айтқанда олар ҰҚКҰ дамытудың келешегі, ғаламдық экономикалық дағдарыстың салдарын жеңілдету жолындағы ынтымақтастық, Еуразиялық экономикалық қауымдастығы шеңберіндегі ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері.
Басқаларын айтпағанда, Н.Н.Назарбаев шабуыл жасамау туралы келісімдерді бұзғаны үшін ҰҚКҰ шеңберіндегі ұжымдық жауапкершіліктің механизмін жасау туралы кезекті ұсынысын айтты. Оның сөзіне қарағанда, ҰҚКҰ аясындағы қазіргі бар механизмдер жанжалдарды болдырмауға және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, оны Грузиядағы қақтығыс анық көрсетіп берді.
Н.Назарбаевтың пікірі бойыншма, шабуыл жасамау туралы келісімдерді бұзғаны үшін жазалау шарасын қабылдау және ҰҚКҰ-ның бітімгершілік күштерін құруды жетілдіру – сондай жаңа механизм бола алады. “Жанжалдарды болдырмайтын қандай да бір әскери құрама,ҰҚКҰ-ның қандайда бір қарулы күштері болуға тиіс, -деп мәлімдеді Қазақстан президенті.
Өз кезегінде Дмитрий Медведев те ҰҚКҰ-ның жұмысын ТМД елдерінің арттыра түсуге міндетті екенін атап көрсетті. “Ақыр аяғында бұл қолынан іс келетін ұйым болуға, қатарындағы мүшелері дамудың жақын принциптерін ұстанатын қауқарлы құрылым болуға тиіс”, - деп мәлімдеді Ресей президенті.
Алайда Н.Назарбаевтың “ҰҚКҰ шеңберінде жанжалдарды болдырмайтын қандайда бір қарулы күштерді құру” туралы ұсынысы, тәуелсіз саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірінше, “Ресейге қарай бас июі болып табылады”, “өйткені Ресей үшін ҰҚКҰ ең сүйікті әскери-саяси құрылым, ресми Мәскеу оған үлкен сенім артады”.
Саясаттанушының көзқарасы бойынша, Кавказдағы соғыстан кейін Ресей ҰҚКҰ-ның кешегі совет кеңістігіне деген ықпалының өсе түсуіне жаңа мүмкіндік алғанын көргісі келді және осы мақтсатында Мәскеу Астана жағынан қолдау тапты. Өйткені, деп есептейді Тәуекелділікті бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев, - бір жағынан, Қазақстан Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындауға ниетті емес. Бірақ екінші жағынан, Ресейді өкпелетіп алмау үшін Ақорда әлгі мәлімдемесін жасауды дұрыс көрді. Ол мәлімдеме, жанама түрде болса да, Грузияға соққы болып тиеді.
Д.Сәтпаевтың сөзіне қарағанда, бұл жерде Әзірбайжан немесе Армения туралы сөз болып отырған жоқ. Себебі, Әзірбайжан Қазақстанның да, Ресейдің де Каспий аумағындағы айтарлықтай маңызды әріптесі болып табылады.
Тәуелсіз саясаттанушының ойы бойынша, Н.Назарбаевтың соңғы ұсынысы, белгілі бір дәрежеде, Ақорда мен Кремльдің өз ішінде келісілген. Атап айтқанда, мұндай мәлімдемелер осы екі мемлекеттің әскери-саяси саладағы мейлінше тығыз ынтымақтастығын да міндетті түрде ескереді.
“Менің тағы бір ойым бойынша, бұл ұсыныс Н.Назарбаевтың Мәскеуге қарай қатты бас июі болды. Оның басты себебі – Қазақстанның өзі Оңтүстік Осетия мен Абхазнияның тәуелсіздігін мойындаған жоқ, мойындай қоймас. Яғни Н.Назарбаев екі ауы зілдің жеңілін таңдап отыр да, осыт тұрғыдан келгенде Кремльдің сөзін сөйлеуге бел буды”, -деп Досым Сәтпаев ТМД елдері басшыларының Бурабай көліндегі бейресми саммитінің бір қорытындысын түйіндеді.