Оңтүстік Кавказдағы ықпалын соңғы жылдары әлсіретіп алғандай көрінген Ресей 2008 жылы аймақтағы үнін қаттырақ естірте бастады.
Тамыздағы Ресей-Грузия қақтығысынан кейін аймақтағы геосаяси ахуал түрлі арналарға бұрыла бастағандай көрінген еді, сөйтіп мұнда тәуекелшіл қадамдар, билік таластыру күшейе түсті.
Сондай-ақ бұл жыл Оңтүстік Кавказда демократияны нығайтуды көздеген Батыс мақсатының тығырыққа тірелген жылы болды.
Арменияда Серж Саркисян билікке келді. Сайлау әділ өтпеді деп шеруге шыққандардың шамамен бір мыңдайы қамауға алынды. 10 кісі қаза болды. Оппозицияның 67-дей өкілі әлі түрмеде отыр.
Қазан айында 87 пайыз дауыс “жинап” қайта президент болған Илхам Алиев оппозициялық журналистерді қуғындай бастаған болатын.
Ал, Құрама Штаттар аймақтағы демократия мен озық биліктің үлгісі деп есептеген Грузия 2003 жылғы Раушан төңкерісінде берген уәделерінен кері шегіне бастады.
2003 жылдан бергі кезеңде Грузия президенті Михаил Саакашвили өз елін Батысқа жақындатып, НАТО-ға мүшелікке ұмтылуымен Ресейді ызаландырып келген болатын.
АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия бойынша көмекші орынбасары Мэттью Брыза Азаттық радиосына берген сұхбатында тамыздағы Ресей-Грузия қақтығысы жөнінде:
“Бұл - бетбұрысты кезең болды. Себебі Ресей өзінің агрессияға әзір екендігін көрсетті. Сөйтіп, өзінің шағын көршісіне күш қолданды. Шынтуайтына келгенде, ол көршісі әскери мүмкіндігі жағынан Ресей күшінің жүзден бір бөлігіндей болар. Ол әрекеттердің аймаққа өте пәрменді әсері болды”,- деді.
Ресей соғыс тоқтасымен Абхазия және Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындады. Никарагуа да солай істеді.
ЕуроОдақ Ресеймен сөйлесулерді тоқтата тұрды да, алайда желтоқсанда оны қайта жалғастыруға шешім қабылдады. НАТО-Ресей кеңесі жұмысы да доғарылған болатын.
Алайда НАТО-ға мүшелікке әрекет жоспарын Грузия мен Украинаға беруді кейінге қалдырды.
Бұл қарым-қатынастар Батыс үшін шынында да бас қатыратын шаруа болған-ды.
Саакашвилидің Оңтүстік Осетиядағы жанжалды күшпен шешуге ұмтылғаны көрегендік болмады деген тұрғыда өз елінде де ауыр сын астында қалды.
Сондай-ақ ол 2007 жылдың қарашасында Тбилисидегі оппозициялық демократияны күшпен басып, тәуелсіз ақпарат құралдарын уақытша жауып тастағаннан кейін Грузияның аймақтағы демократия бесігі деген беделі де төмендеп кеткен еді.
Тамыздағы осы соғыстан кейін Әзірбайжан мен Армения елдері Таулы қарабақ проблемаларын шешуге тырысты. Қарашаның 2-де Мәскеуде тараптар 1994 жылдан кейінгі келісімге қол қойысты.
Армения сондай-ақ Түркиямен байланысын жақсартуға ұмтылды. Президент Саркисян Түркия президенті Абдулла Гүлді Ереванда өткен екі ел арасындағы футбол жарысына шақырған болатын. Қос басшы жабық есік жағдайында сөйлесулер өткізіп, ал футбол ойыны 2:0 есебімен Түркияның пайдасына аяқталған болатын.
Совет үкіметі құласымен Армения тәуелсіздігін Түркия бірінші боп мойындаған елдер ішінде еді.
Алайда Армения күштері Таулы қарабақты жаулап алғаннан кейін, бұған наразылық ретінде Түркия ресми Ереванмен дипломатиялық байланыстарын үзіп, Армениямен шекарасын жауып тастаған болатын.
Оның үстіне ресми Ереван Осман империясы кезінде армяндардың қырылғанына байланысты бұл оқиғаны геноцид деп тануды талап етуде. Мұның өзі қос ел арасындағы үлкен кедергіге айналып отыр.
Көршілері Түркия және Әзірбайжанмен шекаралары жабылып қалған Армения әлемдік сауда байланыстары мен инвестицияға қол жеткізу үшін ресми Анкарамен байланысын қалпына келтіруге тырысуда.