Accessibility links

ҚР ҰҚК Мұхтар Жәкішевтің тұтқындалғанын хабарлады


ҚазТАГ – тың хабарлауынша, ҚР ҰҚК «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевті тұтқындады.

«Сот оны тұтқындауға санкция берді, мен оны растаймын», — деді ҰҚК –нің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров.

Оның айтуынша, Мұхтар Жәкішев пен ұлттық компанияның басшылығында болған бірқатар лауазымды тұлғалар «аса ірі көлемдегі қаржыны жымқырған» деген күдікпен ұсталып отыр. ҰҚК оларға қатысты қылмыстық іс қозғады.

ҰҚК Мұхтар Жәкішев пен ұлттық компанияның бес қызметкерін қолға түсірген, олардың ішінде үш вице-президент — Дмитрий Парфенов, Асқар Қасабеков, Малхаз Цоцориялар бар. Мұхтар Жәкішев арнайы авиарейспен Астанаға жеткізілген, қалған бес адам Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментінің тергеу изоляторында отыр.
XS
SM
MD
LG