Accessibility links

Қазақстан 25-қазанда Республика күнін тойламайтын болды


2009 жылдың 22-сәуірі күні түзетулер енгізілген Қазақстан Республикасының «Мерекелер туралы» заңына сәйкес, биылдан бастап Республика күні мерекесі аталып өтілмейді, — деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы қол қойған аталмыш заңдағы өзгерістер бойынша Наурыз мейрамы 21-23 наурыз күндері тойланатын болып, Республика күні мерекесі алынып тасталған.

Республика күні мерекесі жыл сайын 25-қазан күні республика аумағында салтанатпен аталып өтетін.
XS
SM
MD
LG