Accessibility links

Депутатқа «демеу»


Қазақ блоггері Серік Мұратхан
Қазақ блоггері Серік Мұратхан

Владимир Нехорошев статистика жөніндегі Агенттіктің төрағасы Әлихан Смайыловқа:

- Елімізге мыңнан аса оралман келіп қоныстаныпты-мыс, бірақ өздері бұл жерде тұрмайды. Кейбір оралмандар Қазақстаннан өзіне қажеттісін сыпырып-сыйырып алады да, туып-өскен жеріне қайтадан тайып тұрады. Қысқасы, оралмандар отанға оралуды бизнес көзіне айналдырып алды! Бірде-бір мемлекеттік орган осы оралмандардың саны қанша, олар тұрақтап қалды ма деп, есеп жүргізіп тексермейді. Сіздің статистикаңыз бойынша, олар Қазақстан азаматтары болып есептеледі. Солай емес пе?! - деген сұрақ қойды!

Дұрыс-ақ сұрақ! Тек сол сұрақты ары қарай жалғастыру ғана жетпей қалды! Ол былай болуы керек еді: «Соңғы он жылда Россияға көшкен орыс бауырларым осы жақтан азаматтықтан, тұрақты тіркеуден шықпағандығы себепті қазір Россияның азаматы болса да, бізден жәрдемақы, пенсия алып, қаншама қаржыны сүліктей сорып, сол жақта шалқып жатқанын тексеретін орган бар ма, жоқ па? Сіздер оларды да Қазақстан Республикасының азаматы санап, санаққа қостыңыздар ма?» - деуі керек еді депутат!

Нехорошев, негізінде, дұрыс мәселенің шетін шығарып отыр. Квотаны азаматтық алмағандарға беру туралы заңның бабы бар. Қазақстанға келсе, азаматтық алса – квота жоқ. Осындай ақымақ заңды депутаттар кезінде өздері бекіткен. Сосын шетелден біраз қазақ қонаққа келеді де – квота алады, жартысын көші-қон лауазымдылары мен делдал пысықтарға береді. Кейбір пысықайлар квотасын алып, келген ізімен кері қайтады. Механизмді дәл осылай жасап қойған. Егер шетел қазағы Отанына келіп орнықса, азаматтық алса – оған квота тұрмақ «рахмет» те жоқ! Тіпті, жұмысқа алмайды.

Сол заңды жасаған кезде әлгі депутат ұйықтап қалып, енді оянғанда есіне түскен болар! Мәселені түбіне дейін жеткізу керек қой! «Бастама, бастаған соң тастама!» деген!

serikkerey-12@mail.ru
XS
SM
MD
LG