Оқу жылы шатыр астында басталды
Ош облысы Қарасу ауданы Шарқ ауылында 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы шатыр астында басталды. Бұл ауылдың мектебі маусым айында ұлтаралық қақтығыстар барысында қиратылған болатын. Енді міне жүздеген бүлдіршін бірінші класын брезент шатыр астында бастады. Бұл мектепте қырғыз және өзбек балалары қатар оқиды.