ЖАППАЙ ЕСІРТЕТІН ҚАРУ
Әуелде бұл топты «арнаулы мақсаттағы көкдолы әйелдер» дейтін еді. Жиырма-отыз әйелден құралған бақырауық шайпау әйелдер күтпеген жерден жанжал шығарып, қарсыластарын жағадан алып, қарғап-сілеп, шеруге шыққандардың құтын қашыратын.
«Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының Өзбекстан мен Қырғызстандағы тілшілері мұндай жайттарға бірнеше рет куә болды.
Күштік органдардың қызметкерлері еркектерге қарағанда әйелдерге сәл де болса жұмсақ қарайды. Осыны аңғара қойған Орталық Азияның кейбір саясаткерлері қарсыластарын басып-жаншу үшін шайпау әйелдердің «қызметін» кеңінен пайдалана бастады. Бұларды әсіресе Қырғызстанның оңтүстігінде жиі қолданатынын байқауға болады.
Қырғызстандық бақылаушылар мұндай топтар алғаш рет 2005 жылғы Қызғалдақ төңкерісінде пайда болып, арада бес жыл өткен соң елдің саяси сахнасында қайта бой көрсеткенін айтады.
ШӘАТ – ЖАҢА БИЛІККЕ ҚАРСЫ
Билікке қарсы биылғы сәуірдегі бүліктен кейін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев елден қашуға мәжбүр болды. Билікке жаңа
Құрманбек Бакиевті қолдайтын әйел Уақытша үкімет өкілдерімен салғыласып тұр. Жалал-Абад, 14 сәуір 2010 жыл.
команда келді. Бірақ президенттің артында қалған жақтастары аз емес еді. Олар Уақытша үкіметті қолдаушылардың митингісі мен жаңа билік өкілдерінің халықпен жүздесуінің шырқын бұзу үшін осыған дейін сыннан өткен шайпау әйелдер тобын пайдаланып, қолдан келгеннің барлығын жасап бақты.
Алайда, жаңа билікті қолдап шыққан қарапайым адамдарға қарағанда Уақытша үкімет саясаткерлері ШӘАТ-ке қарсы айта қаларлықтай шара қолдана алмады. Шайпау әйелдермен бет жыртысамыз деп жүргенде абыройдан айрылудан қорқып, электоратпен қарым-қатынасына нұқсан келтіруден сескенді.
Сонан кейін-ақ Уақытша үкіметтің көптеген саясаткерлері халықпен кездесудің шат-шәлекейін шығаратын ШӘАТ әйелдері төбе көрсеткеннен-ақ ол жерден шарасыздықтан кетуге мәжбүр болды.
АСТЫРТЫН ҚЫЗМЕТТЕ
Қырғызстанның оңтүстігіндегі этносаралық қанды қақтығыстан соң жергілікті құқық қорғаушылардың ШӘАТ тарапынан сәт-сайын шабуылға ұшырағаны Азаттық радиосына мәлім. Мәселен, елу шақты көкдолы әйел тамыз айының ортасында «Хақиқатқа жол» құқық қорғау ұйымының жетекшісі Әбдуманноп Халиловты соққыға жықты.
Олар Әбдуманноп Халиловты ең әуелі сот ғимаратының екінші қабатында ұрып, соңынан көшеге сүйреп шығып тағы да сабады.
Бұл оқиғаны көзімен көрген Ош әйелінің «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының Өзбек редакциясына айтқан сөзіне қарағанда, жанжалды көріп тұрған отызға жуық милиция қызметкері оларға «қойыңдар» деп те айтпаған.
«Халилов сот ғимаратына қашып, судьяның кабинетіне бас сауғалағанымен ШӘАТ баса-көктеп кіріп келді де, бөтелкемен басынан ұрып
Халилов сот ғимаратына қашып, судьяның кабинетіне бас сауғалағанымен ШӘАТ баса-көктеп кіріп келді де, бөтелкемен басынан ұрып Халиловты талдырып тастады.
Сондай-ақ «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосың Қырғыз редакциясы да бір топ адуын әйел «Кылым шамы» («Ғасыр шырағы») құқық қорғау ұйымының жетекшісін сабап тастағанын хабарлады.
«Өкініштісі, Қырғызстан халқы әбден саясиланып алды, әлгіндей әйелдердің нақтылы бір адамдардың мүддесіне жұмыс істейтіні белгілі», – деп мәлімдеді жәбір көрген құқық қорғаушы әйелдің өзі.
ШӘАТ те қарап қалмай, Ош пен Жалал-Абад облыстарындағы ұлтаралық қақтығыстар туралы халықаралық ұйымдарға шынайы ақпарат бермедіңдер деп құқық қорғаушыларға кінә тағуда.
ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰНЫ
Кейбір бақылаушылар мұндай күштердің идеологтары қалай болғанда да азиялық тәлім-тәрбиемен өскен еркектердің немесе милиционерлердің қарсылық акцияларына қатысқан анасындай әйелдерге қол көтеруге немесе атуға бата алмайтынын жақсы біліп отыр дейді.
Соғыс және бейбітшілік институты (IWPR) Бішкек бюросының бас редакторы Инга Сикорская Азаттық радиосына берген сұхбатында: «ШӘАТ құрамында көбіне 50-60 жас шамасындағы әйелдер екенін байқауға болады. Әрине, қарсылық акциясы кезінде еркектерге қарағанда оларға жұмсақтау қарайды. Олардың арасында жұмыссыз әйелдер де, осы акцияның шырқын бұзып ақша тауып жүргендер де бар», – дейді.
Инга Сокорская шайпау әйелдер тобы 2000 жылдары, яғни кейбір оппозиционерлер өз митингілеріне бір топ әйелдерді шығаруды
ШӘАТ мүшелері халықтың қосымша табыс тапқысы келетін маргиналданған бөлігінен екені көрініп тұр.
– Мүмкін, әуел баста олар шеруге шын ықыластарымен де шыққан болар, бірақ жаңа саяси күшке жергілікті технологтар мұқият назар аударып, сараптап шыққан соң, саяси оппоненттерге қарсы көшедегі күресте қолданылатын тың құрал ретінде мұндай әйелдерден арнайы топтар құрыла бастады, – дейді Инга Сикорская.
«ШӘАТ мүшелері халықтың қосымша табыс тапқысы келетін маргиналданған бөлігінен екені көрініп тұр (көптеген адамдардың айтуынша, мұндай акцияға қатысқандарға ақша төленеді). Көпшілігі - қарсылық көрсетушілердің туған-туысқандары», – дейді Соғыс және бейбітшілік институты Бішкек бюросының бас редакторы Инга Сикорская.
Бейресми ақпараттарға қарағанда, ШӘАТ-тің әр мүшесіне жасаған «қызметіне» қарай бір жолғы акция үшін бес жүзден бес мыңға дейін қырғыз сомы төленеді (он доллардан жүз долларға дейін).
ШӘАТ ӨЗБЕКСТАНДА ПАЙДА БОЛҒАН
Қырғызстанның жергілікті саяси технологтары билікке жақпайтын белсенділер мен құқық қорғаушыларға, сондай-ақ журналистерге қарсы көкдолы әйелдерді айдап салу әдісін баяғыдан қолданатын өзбек күш құрылымдарының тәжірибесін сәтімен пайдаланғанға ұқсайды.
Өзбек құқық қорғаушылары Азаттық радиосының репортеріне бейресми құқық қорғау ұйымдарының өкілдері келетін жерді алдын ала біліп алған жергілікті күш құрылымдар оларды міндетті түрде арандатуға тырысатынын әлденеше рет айтып берген еді. Құқық қорғаушылардың алдарынан қолдарына таяқ ұстаған әйелдер шығып, әй-шәйға қаратпай асқан қатігездікпен ұрып тастайтын кездер аз болмаған.
Қазір Канадада эмиграцияда жүрген тәуелсіз өзбек журналисі Ұлығбек Хайдаров Шайпау әйелдер тобы Өзбекстанда 2000 жылдары пайда болды деп санайды.
Өзбек билігі бастапқыда ШӘАТ құрамына сыған әйелдерден құралған шағын топтарды (лолылар қауымы) жинақтады. "Алайда, - дейді - Ұлығбек Хайдаров Азаттық радиосына, құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер бірыңғай сыған әйелдерден тұратын ШӘАТ-тың тиімсіздігін байқаған соң оны жергілікті әйелдерден құра бастады".
«Мен тұрған Жизақ қаласында 2000 жылдардың ортасына қарай шамамен жиырма шақты шайпау әйелдер тобы бар еді. Оларды Ішкі істер департаменті мен арнаулы қызметтер журналистердің, құқық қорғаушылардың қарсылық акцияларын бұзу үшін пайдаланды. Ең қызығы, мұндай әйелдер өздерінің ШӘАТ құрамында екенін еш жасырмайтын. Пикет болып жатқан жерлерде кенеттен пайда болатын да жаппай жанжал бастап, қолдарына ілінгендердің беттерін тырнап-тырнап даладай қылып, бір сәтте жоқ болып кететін», – дейді Ұлығбек Хайдаров.
Біздің сұхбаттасымыз 2005 жылы Өзбекстанда болған «шайпау әйелдер тобына» қатысты бір оқиғаны есіне алды. Ол кезде өзбек құқық қорғаушысы Бахтияр Хамраевтың үйінде Өзбекстандағы Британ елшілігінің қызметкерлері азаматтық қоғам өкілдерімен жүздескен еді.
Журналистің сөзіне қарағанда, «шайпау әйелдердің арнайы тобы» кенеттен Бахтияр Хамраевтің үйіне әй-шай жоқ кіріп келіп, үйдің
Шайпау әйелдер тобындағылардың көпшілігі базарда жүрген заңсыз алтын мен май сатушылар екені анықталды.
«Жарақатын таңу үшін Хамраевты ауруханаға мен апардым. Кейіннен «шайпау әйелдер тобындағылардың» көпшілігі базарда жүрген заңсыз алтын мен май сатушылар екені анықталды. Олардың «қызметін» пайдаланған күштік органдар заңсыз бизнеске көз жұма қарап, іштей ымыраласқан», – дейді Ұлығбек Хайдаров.
Тәуелсіз өзбек журналистінің сөзінше, Өзбекстандағы «шайпау әйелдердің арнайы топтарын» мемлекеттік органдарда басшылық қызметтерде отырған әйелдер басқаратын кездер де аз емес. Әйтпесе олар да лауазымдарынан айырылатын көрінеді.