Accessibility links

«Мазақстан мырзалары»


Қазақстан президентінің іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев «Алматы» сауықтыру орталығының ашылуында сөйлеп тұр. Алматы, 12 қазан 2010 жыл.
Қазақстан президентінің іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев «Алматы» сауықтыру орталығының ашылуында сөйлеп тұр. Алматы, 12 қазан 2010 жыл.
Соңғы күндері Астанадағы «мырзаларға» шет ел де аз көріне бастады. Енді оларға шет планетаға кетуден басқа жол қалмаған-ау шамасы.

Бірнеше күн бұрын президенттің іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев шет елдерде бұрыш-бұрыштан «ассалаумағалейкүмдеп» атыздап шыға келетін қазақтардың көптігін айтты. Қазақ қуанатын-ақ жайт. Әрине, қуануға татитын болса...

Алайда Ақорданы да, алып елді де аңызға толтырған бұл мырза «ассалаумағалейкүмнен» азар болғандай көрінді. Әлде біз солай қабылдадық па, көзіміз әлде құлағымыз қисық па, қайдам…

Бұл аздай ЕҚЫҰ төрағасы деп дәріптеген уәзіріміз соңғы бір апта бойы сол Еуропаның өзін шулатып қойды.

Алдымен орыс БАҚ-тары бастап, түрік БАҚ-тары нақтылап, Түркияда ұсталған Астана «мырзалары» жайында ақпарат таратып жатыр. Ататүрік жарықтықтың қарамағында болған кемені жалдаған «ауыр салмақты мырзалардың» жеңіл жүрісті әйелдермен бірге ұсталғаны жайындағы жаңалық елдің жағасын ұстатып қойды.

Сенбейік десек, «мырзаларымыз» оны жоққа шығармады, не өздері туралы «өтірік хабар» таратқан ақпарат құралдарын да сотқа берген жоқ. Соған қарағанда жеңіл жүрістілер туралы жаңалық «ауыр салмақтыларға» да жаққан болуы керек…

Осындай жағдайда өзімді «қырық кісінің ақылына» ие жанның орнына қойып көрсем, өзіме-өзім қол жұмсауға шақ қалам....

Шыным – осы, айып етпеңіздер...

aidynbars@mail.ru
XS
SM
MD
LG