Accessibility links

Каспий маңы мемлекеттерінің үшінші саммиті басталды


Бүгін, қарашаның 18-інде Бакуде Каспий маңы мемлекеттер - Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан басшыларының кезекті, үшінші саммиті өтеді. Саммитке Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбав қатысады деп хабарланып отыр.

Каспий маңы мемлекеттерінің алғашқы саммиті 2002 жылы Ашғабадта өткен. Сол кезде екінші кездесуді 2003 жылы Теһранда өткізу туралы келісілген. Бірақ бұл мерзімде кездесу болмай тағы бірнеше рет кейінге шегерілді.

Екінші саммит тек 2007 жылдың қазан айында Теһранда өтті. Оған қатысушылар Каспидің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеуге жалпы қағидалар белгіленген декларацияға қол қойды.
XS
SM
MD
LG