Accessibility links

Балет – тылсым өнер



Балетті көрсек, ішпысатын дүние сияқтанып көрінеді. Менің ойымша, опера, балет, жалпы театр сахнасындағы көріністерді теледидардан тамашалау – әбестік.

Опера мен балетті көргенде алдымен қысқаша мазмұны жазылған брошюра беріледі (берілгенде, енді 100 тенгеге сатып аласын). Сол арқылы сахнада болып жатқан көріністі бастан-аяқ түсініп отырасың. Аса үнемшіл (мен сияқты адамдарға интернеттен алдын ала оқып алуға да болады).

Опера, не балетке барайық деген ой арамызда жүргеніне біраз болды. Ойлана келіп, Ресейдің әйгілі балетмейстері Борис Эйфман қойған «Красная жизель» балетін тамашалайық деп шештік. Интернеттен осы қойылым жайлы жақсы рецензия оқып едім, екіншіден сценарийі әйгілі орыс балеринасы Ольга Спесивцеваның өміріне, оны еске алу құрметіне орай жазылған екен.

Әйгілі орыс балеринасы жиырмасыншы ғасырдың басында Ресей Империясына қызылдардың келуіне орай балет өнері керексіз болып, шет ел асуына бел буады. Ресейде сүйіктісін тастап, шет елде өнер сахнасында биіктен көріне білсе де, туға жеріне, сүйіктісіне деген сағыныш, кейін өміріндегі келеңсіз жағдайлар оның психасының ауытқуына әкеп соғады. Бір кездері есімі елге танымал балерина қалған өмірін жалғыздықта, басында психикалық ауруханада, кейін қарттар үйінде өткізеген екен. Халық актрисасы ең соңғы рет өнерін “Жизель” атты қойылымда көрсеткен. Өз елінде құрметтелмей, соңғы күндерін осылай өткізуге мәжбүр болғанына қынжылған балетмейстер, оның құрметіне осы керемет туындыны дүниеге әкелген.

Қойылым ұнады десем, ештеме айтпаған болармын. Менің көңілімнен толықтай шықты. Ең басты рөлді, былайынша солистка – бәрімізге таныс балерина Сәуле Рахмедова орындады. Тұла бойына әншілік өнер бітпесе де, бишілік өнерден кенде қалмапты. Керемет биші, балерина, актриса, жалпы осы қойылымдағы өнері үшін оған БРАВО дегеннен басқа сөз айтпайсың.

Екі сағатқа жетер-жетпес уақытта сахнадан бір мезетке көңіл бөлініп кетуден қорқасың. Сахнадағы өнер, шеберлік, хореография, әдемілік, музыка, бәрі сені баурап алып, осы өмірден сонау жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысына алып барады. Музыка демекші, осы қойылымға Чайковский, Бизе, Шниткенің музыкасы алынған. Критиктердің айтуы бойынша балет классикалық тұрғыдан гөрі, көбіне жаңашыл хореография, модерн стилін қолданған.

Премьерасы 20 қазанда болған екен. Ол кезде де үлкен аншлагпен өткен. Одан кейін Астанада Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалапты, және осы 14 қаңтарда Алматыда қайта үлкен аншлагпен өтті. Осы қойылымға билеттерді бір ай бұрын алып қойғанымыз жақсы шешім болды.

Енді бір жақсы операға барсақ деген ой бар…

http://akzere.dosym.kz
XS
SM
MD
LG