Accessibility links

Президенттікке үміткер болуға тағы бір азаматтан өтініш түсті


Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткер болуға өзін өзі ұсынған тағы бір азаматтан өтініш түсті деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, астаналық кандидаттың аты Қанат Есжанов. Уақытша жұмыс істемейтін Есжанов 1962 жылы дүниеге келген.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-не тағайындалған.
XS
SM
MD
LG