Қазаннның 19-ы күні Ақтөбедегі УК 168/2 түзеу мекемесінің әкімшілігі сонда сот жазасын өтеп жатқан оппозиция белсендісі Айдос Садықовтың мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығаруды сұрап жазған өтінішін кезекті рет қанағаттандырған жоқ. Бұл туралы Азаттық радиосына бүгін Айдос Садықовтың жұбайы Наталья Садықова хабарлады.
Оның айтуынша, комиссияға түзету мекемесі басшысының Айдос Садықовқа берген мінездемесінде сотталған бұл адамның «өз кінәсін мойындамайтыны және өткен ісіне өкінбейтіндігі» жазылған. Осыны негізге алған комиссия Айдос Садықов «түзеу мекемесінде болған кезде өзінің дұрыс жолға түскенін толыққанды дәлелдей алмады және бір рет ескерту алған» деген ұйғарым жасап, оның өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан.
Бірақ Наталья Садықова түзеу мекемесінің бастығы көрсетіп отырған ескерту оппозиция белсендісіне 2011 жылы қаңтардың 19-ында жасалғанын, заң бойынша ол алты айдан соң, яғни маусымның 19-ында жойылатындығын атап айтып отыр.
Бұл мәселеге байланысты УК 168/2 түзеу мекемесінің әкімшілігі мен қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облыстық бөлімі Азаттық радиосына түсініктеме бермеді.
Айдос Садықов 2010 жылдың шілде айында «билік өкіліне қарсыласып, бұзақылық жасағаны» үшін айыпталып, екі жылға сотталған. Бұған дейін биылғы ақпан және тамыз айларында өзін қоныс колониясына ауыстыруды сұрап жазған Садықовтың өтініштерін қараған комиссия оларды қанағаттандырмай тастаған еді.