Ауғанстанның Фариоб уәлаяты Маймана қаласының тұрғыны Хамроһ Мастонаның жасы 63-те. Өзі де өнер байқауларына қатысатын ол жастарды шертпе аспабын тартуға үйретеді. Ол аспабын «домбыра» деп атайды. Хамроһ Мастонаның айтуынша, 12 жастан бастап «домбыра шалады».