Accessibility links

Айдос Садықов бостандыққа шықты


Оппозиция белсендісі Айдос Садықов.
Оппозиция белсендісі Айдос Садықов.
Екі жылға сотталып, Ақтөбедегі УКА 168/2 түрмесінде жазасын өтеп жатқан оппозиция белсендісі Айдос Садықов жұма күні түстен кейін бостандыққа шықты деп хабарлайды аймақтағы Азаттық тілшісі.

28 наурызда Ақтөбе қаласының соты Садықовқа рақымшылық жасап, мерзімінен бұрын босату туралы қаулы шығарған болатын. Бірақ қаулы 15 күннен соң күшіне енді. Ол жазасының 1 жыл 9 айын өтеді.

Айдос Садықов 2010 жылдың шілде айында «билік өкіліне қарсыласып, бұзақылық жасады» деп айыпталып, сотталған.
XS
SM
MD
LG