Accessibility links

Ауғанстандағы шабуылдарды Хаккани тобы жасаған


Ауғанстан полициясы Кабулда қаза тапқан жанкештінің денесін тексеріп жатыр. Ауғанстан, 16 сәуір 2012 жыл.
Ауғанстан полициясы Кабулда қаза тапқан жанкештінің денесін тексеріп жатыр. Ауғанстан, 16 сәуір 2012 жыл.
Ауғанстанның ішкі істер министрі Бесмилла Мохаммади дүйсенбіде жексенбіде қарулы топ жасаған шабуылдар мен олармен болған ұрыстарда 38 содырдың қаза тапқанын мәлімдеді.

Министр бұдан өзге қауіпсіздік қызметінің 8 қызметкері мен 3 тұрғынның қаза тауып, 65 адамның жараланғанын айтты. Оның 40-ы - тұрғындар.

Ауған билігі Кабулдағы үкіметтік нысандар мен елшілік ғимараттарына жасалған шабуылдарды және Ауғанстанның тағы үш қаласында болған жарылыстарды "әл-Қаидамен" байланысы бар Пәкістанда орналасқан Джалулуддин Хаккани тобы жасады деп хабарлады. Мұны ұсталған қарулы топтың бір мүшесі тергеу кезінде мойындаған.

Ауғанстандағы шабуылдарды АҚШ пен Еуропа Одағы қатаң айыптады.
XS
SM
MD
LG