Accessibility links

Лондон соты: Әблязов үкімге шағымдана алады


Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов.
Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов.
Ұлыбританияның жоғарғы соты БТА банкінің бұрынғы басшысы, қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязовке соттың 16 ақпандағы өзін "сотты құрметтемегені үшін" 22 айға соттаған үкіміне шағымдануға рұқсат берді деп хабарлайды Bloomberg ("Блумберг") басылымы.

Сот 16 ақпанда Әблязовтың активтерін құрсаулап, өзін тұтқындауға үкім еткен. Бұған дейін БТА банкінің қорғаушылары Әблязов соттан қашып жүргендіктен үкімге шағымдану құқығынан айырылуы тиіс деген еді.

Ақпанның 24-і күні БТА банкі өкілдері Ұлыбритания жоғарғы сотынан «Әблязов екі апта ішінде сотқа келмесе, оны қаржы жымқыру ісіне байланысты қорғану құқынан айыруды» сұраған.

Лондон соты оны 9 наурызға дейін Ұлыбританияның құқық қорғау органдарына берілмесе, үкімге шағымдану құқығынан айырылатыны туралы қаулы шығарған.

Бірақ Әблязов апелляциялық шағымды 8 наурызда жазғандықтан сот оған шағымдану құқығын берді.
XS
SM
MD
LG