Accessibility links

Министрлік: Киік пастереллез ауруынан қырылды


Қырылған киікті жинап жүрген адамдар. Батыс Қазақстан, 22 мамыр 2010 жыл (Көрнекі сурет).
Қырылған киікті жинап жүрген адамдар. Батыс Қазақстан, 22 мамыр 2010 жыл (Көрнекі сурет).
"Қостанай облысында киіктердің жаппай қырылуына пастереллез ауруының қоздырғышы себеп болды" деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі сейсенбіде таратқан баспасөз хабарламасында.

"Республикалық ветеринарлық лаборатория" мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облыстық филиалы жүргізген сараптамаға қарағанда, киіктер қырылған жерден пастереллездің қоздырғыштары табылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, Қостанай облысында 19 мамырда 623 киік, 24 мамырда 290 киік қырылған.

Бірақ бұған дейін Қостанай орман және аң шаруашылығы аумақтық басқармасының бастығы Марат Бегімбетов 19 мамырда 543 киіктің өлі күйінде табылғанын айтса, ауыл шаруашылығы министрлігі 24 мамырда 400-ден астам киіктің қырылғанын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG