Египеттің жоғарғы конституциялық соты парламенттегі орынның үштен бірін заңсыз деп танып, оны таратуды талап етті. MENA ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен парламент сайлауы мен оның қазіргі құрамы конституцияға сай келмейді. Осы шешімге байланысты Египеттің басқарушы әскери кеңесі төтенше жиын өткізеді.
Өткен парламент сайлауында "Мұсылман бауырлар" қозғалысы барлық депутаттық мандаттың жартысына жуығын жеңіп алған еді. Конституциялық сот бұған қоса Хосни Мүбәрәк тұсындағы соңғы премьер-министр Ахмед Шафиқтың президент сайлауының екінші кезеңіне түсуге құқығы бар екенін мәлімдеді.
Ахмед Шафиқтың қарсыласы - "Мұсылман бауырлар" атынан түскен үміткер Мұхаммед Мурси.